2. Монтаждау үшін қозғалтқыштарды тексеру және қабылдау Қозғалтқыштарды қабылдай отырып, тексеру кезінде ротордың еркін және жатық айналуына көңіл бөлінеді. Кіші және орта қуатты қозғалтқыштар қолмен жеңіл, 10 кВт және жоғары қуатты қозғалтқыштар рычагтың көмегімен айналуы тиіс. Сыртын тексеру кезінде, деталдардың жиынтығы, клемманың, қалпақтарды бекіту болттары мен гайкаларының сақталынуы айқындалады. Қажет болған жағдайда қозғалтқыштарды ревизиялау, оларды шаң-тозаңнан және кірден тазарту, подшипниктердегі майлауды ауыстыру, клеммалық жалғауларды тартқылау, фазалар арасындағы орамалардың оқшаулама кедергісін және тұрқыға оның қатынасын өлшеу орындалады.
Горизонталь жазықтық бойымен қозғалтқышты жылжытуда крандар, тельферлер, электр карлар, жүктиегіштер қолданылады, іргетасқа қондырғанда қозғалтқыштарды көтеру үшін олар пайдаланылады.
Сырғанау подшипниктерін жуу алдымен керосинмен орындалып, сонан соң керосиннің қалдығын жою үшін маймен жуылады. Тек сонан соң ғана 1/2 немесе 1/3 ваннадағы подшипниктер жаңа маймен толтырылады. Машинаны қондыру кезінде домалау подшипниктеріндегі (роликтік немесе шариктік) майлау ауыстырылмайды.
3. Оқшауламаның кедергісін өлшеу Роторы қысқа тұйықталған үшфазалық токтың электр қозғалтқыштарындағы статор орамаларының оқшаулама кедергісін өлшеу жерге (тұрқына) және бір-біріне қатынасы бойынша орындалады. Егер орамалардың 3 ұшы шыққан болса, онда өлшеу тек қана жерге (тұрқына) қатынасы бойынша орындалады.
Фазалық роторлы электр қозғалтқыштарда бұнан басқа ротор мен статор арасындағы оқшаулама кедергісі өлшенеді, ал сондай-ақ тұрқына щеткалардың қатынасы бойынша (щеткалар мен сақиналардың арасына оқшаламалаушы төсемелер төселуі тиіс) орындалады.
Электр машиналардың оқшаулама кедергісі ГОСТ183-66 сәйкес қозғалтқыштың жұмысшы температурасында 0,5МОм-нан кем болмауы тиіс. Әдетте қозғалтқыштың оқшаулама кедергісі, температурасы 20°С өлшегенде, 5МОмнан 100МОмға дейінгі шектерде тербеледі. Ораманың оқшаулама кедергісінің кіші мәндерінде орамалар ауамен мұқият үрленуі талап етіледі (өткізгіш шаң-тозаңды жою), немесе оқшауламаны кептіру. Егер мегомметр ораманың қысқа тұйықталуын көрсеткен жағдайда, оның ақаулығын түзеп жіберген жөн. Көп жағдайда қысқа тұйықталу орны клеммада немесе шықпа ұштарында болады. Орамалар оқшауламасының зақымдалуы күрделі болған жағдайда, қозғалтқышты жөндеу үшін зауытқа немесе арнайы шеберханаға жіберіледі.