1. Монтаждауға қойылатын талаптар


ЭҚ біліктерін ортаға дәлдеп келтіру



бет5/7
Дата27.01.2023
өлшемі34,06 Kb.
#63254
1   2   3   4   5   6   7
6. ЭҚ біліктерін ортаға дәлдеп келтіру
Қозғалтқыштарды іргетасқа немесе тіреуіштерге орнату дәлдігі олардың қуатына, роторының айналу жиілігіне, берілістің түріне байланысты болып келеді. Қозғалтқыш білігінің жұмыс машинасының білігімен дәлдеу жауапты да және көп еңбекті керек ететін де операция. Дұрыс орындалған дәлдеу электр жетегінің жұмысының сенімділігін және ұзақтығын қамтамасыз етеді. Ал дәлдіктің бұзылуы дірілдеуге, тарсылдауға, қозғалтқыш пен жұмыс машинасының айналмалы бөлшектерінің шағылуына, муфтаның сынуына, түйіспелік жалғаулардың, іске қосылатын аппараттардың және қозғалтқыштардың істен шығуына әкеп соғады. Айналмалы моментті шынжыр немесе белдік берілістер аркылы жеткізгенде шынжырдың ну белдіктің тартылуын және жұлдызша мен шкивтің орта сызықтарының қабысуына әкеп соғады.
Ортаға дәлдеп келтірудің (немесе дәлдеудің) мәнісі мынадай, оның жетектеуші өсі (АҚ) және жетектелуші біліктері (ЖМ) қатаң түрде параллельді немесе бір түзуде болғаны дұрыс.
Ременді немесе сына-ременді беріліс кезінде біліктердің параллельділігі АҚ-тан ЖМ-ға айналуын сәйкес келетін шкивтер арқылы, жұқа болат талсымнан жасалған ішекті пайдаланылуымен дәлдейді. Егер шкивтердің ені бірдей болса, онда біліктердің параллельділігіне қол жеткіздік деуге болады, қашан А, Б, В, Г нүктелері біруақытта ішекке жанасқанда.
АҚжәне ЖМ шкивтермен қалпының әртүрлі енін екі шкивтердің орташа сызығынан ішекке дейінгі бірдей қашықтық шартына сүйеніп дәлдейді.
АҚ және ЖМ біліктерін ортаға дәл келтіру алдында, муфта арқылы жалғайды, АҚ және ЖМ білігіне жартылай муфталарды отырғызу беріктілігіне көз жеткізіп, олардың бүйірінен балғамен ұра отырып, қолмен біруақытта қапсыруда біліктермен жартылай муфталар тоғысады. Жартылай муфталардың тоғысу ығысуының болмауы оларды білікке отырғызу беріктілігі жөнінде айғақтық береді
Біліктерді, АҚ және ЖМ жартылай муфталарға бекітілген ортаға дәлдегіш қапсырмалардың көмегімен ортаға дәлдеп келтіреді. Бұл үшін екі білікті бірдей бұрышқа бұрайды және біліктердің әрбір қалпында 1 және 2 саңылауларын өлшейді. 1 және 2 тұрақты мәндері біліктердің барлық қалыптарында олардың дұрыс ортаға дәл келтірілгенін көрсетеді.
АҚ және ЖМ біліктері бірөстілікті емес кезде көлденең жазықтықта АҚ қаңқа бойымен жылжытады, ал тік – қаңқа астына болат төсемді қояды.
Біліктерді дәлдеуден және ортаға дәл келтіргеннен кейін іргетастық болттарда, алдын ала олардың астына серіппелі шайбаларды қойып гайкамен тартады, және цемент ерітіндісінің жұқа қабатымен құяды, барлық шұқырларды және іргетас пен қаңқаның арасындағы саңылауды бітейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет