Өз елінің тарихы, мәдениеті туралы алғашқы түсінікті қалыптастыру
Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ажырата білу
Отбасы Отанның бір бөлігі екенін түсіну
2-құндылық Бірлік және ынтымақ
• Мінез-құлық нормаларын білу және оларды сақтаудың маңызын түсіну
• Командада жұмыс істей білу
• Басқалармен бірлескен жұмыстың нәтижесін қорғай білу
• Өзгені тыңдау, түсіну және диалог жүргізе алу
• Өзгелерге мейірімділік, жанашырлық таныта білу
• Айналасындағыларға көмек көрсету
3-құндылық Әділдік және жауапкершілік
•Адамның қоғамдағы құқықтары мен жауапкершілігі туралы алғашқы көзқарастың болуы
• Басқалар үшін маңызды тапсырмаларды орындаудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіну.
• Бастаған ісін соңына дейін жеткізе білу.
• Өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін олардың моральдық нормаларға сәйкестігі тұрғысынан талдай білу
4-құндылық Заң және тәртіп
• Азаматтық- құқықтық білім туралы түсінігінің болуы
• Моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін білу
• Мектепте, қоғамда этикалық және құқықтық нормалар мен ережелерді сақтаудың маңыздылығын білу.
5-құндылық Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
• Адам өміріндегі, отбасындағы, қоғамдағы еңбектің құндылығын түсіну
• Еңбекке, еңбек адамдарына деген құрмет көрсету
• Біреудің еңбегінің нәтижелеріне ұқыпты қарау
• Түрлі мамандықтарға қызығушылық таныту
• Өзіне-өзі қызмет көрсетуге дағдылану
• Жасына байланысты қол жетімді еңбек, еңбек қызметінің әртүрлі түрлеріне қатысуға дайын болу
6-құндылық Жасампаздық және жаңашылдық
• Табиғи және әлеуметтік объектілер, тірі және жансыз табиғаттың байланысы, ғылым және ғылыми білім туралы алғашқы түсініктің болуы
• Білімнің жаратылыстану және гуманитарлық салаларындағы тәжірибені бақылаудың, жүйелеудің және түсінудің қарапайым дағдыларының болуы.
• Түрлі объектілердің жеке белгілерін салыстыра білу, заттарды жалпы белгілер бойынша талдау, біріктіру.
• Қарапайым өлшеулер жүргізу, практикалық есептерді шешуге арналған құралдармен жұмыс жасай алу.
• Зерттеуге, экспериментке бағытталған жобалық тапсырмаларды орындау