1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар Операциялық жүйе (ОЖ)


 Еркін және тізбекті қатынас құру тәсілдері. Енгізу-шығару ағындары. Енгізу-шығаруды қорғау тәсілдері



бет20/38
Дата25.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#86447
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
8. Еркін және тізбекті қатынас құру тәсілдері. Енгізу-шығару ағындары. Енгізу-шығаруды қорғау тәсілдері.
1. Еркін және тізбекті қатынас құру тәсілдері.
Әрбір контроллердің бірнеше регистрлері болады, олардың көмегімен орталық процессор контроллерлермен қатынаса алады. Бұл регистрлерге белгілі бір мәндерді жаза отырып, операциялық жүйе құрылғыға деректерді алмасу және қабылдау, қосу және өшіру командасын береді. Құрылғының регистрлерін оқу оның жағдайын, команданы қабылдау дайындығын және т.б. анықтауға мүмкіндік береді. Басқару регистрлеріне қосымша көптеген құрылғыларда операциялық жүйе тарапынан жазбаларды жазу және оқуға қол жетерлік деректер буфері болады. Мысалы, пикселдерді экранда бейнелеу көптеген компьютерлерде бейнежад көмегімен іске асырылады. Түбінде, бейнежад операциялық жүйе бағдарламалары бейнеленетін деректерді жазып қоятын буфер болып табылады. «Процессор басқару регистрлері және құрылғылардың деректер буферімен қалай өзара әрекет етеді?» деген сұрақ туындайды. Екі альтернатива бар. Біріншісі рбір регистрге енгізу-шығару портының нөмірлерін – 8 – немесе 16-разрядты сандар белгілеуді ұйғарады. Процессор PORT басқару регистрін оқи алады және енгізу-шығарудың арнайы командасын пайдалана отырып нәтижені өзінің REG регистрінде сақтай алады, мысалы:
IN REG,PORT
Дәл осылайша, келесі команда процессордың REG регистрінің мазмұнын құрылғының PORT басқару регистріне жазады:
OUT PORT,REG
Мэйнфреймдерді қосқанда, көптеген алғашқы компьютерлер осылайша жұмыс істеді. Бұл жағдайда жад және енгізу-шығару облысының 8.1-суретте көрсетілгендей әртүрлі адрестік кеңістіктері бар.

Сурет 8.1 – Жад және енгізу-шығару кеңістігінің орналасу нұсқалары: а – жад және енгізу-шығарудың жеке кеңістіктері; б – жадқа бейнелеу арқылы енгізу-шығару; в – аралас нұсқа
Басқа компьютерлерде енгізу-шығару регистрлері жадтың әдеттегі адрестік кеңістігінің бір бөлігі болып табылады (5.2б сурет). Мұндай ұйымдастыру жадқа бейнелеумен болатын енгізу-шығару деп аталады. Ол алғаш рет PDP-11 мини-компьютерінде қолданылды. Басқарудың әрбір регистріне қарапайым жадпен ешқандай байланысы жоқ жадтың уникальді адресі беріледі. Басқару регистрлеріне адрестер адрестік кеңістіктің жоғарғы бөлігінен бөлінеді. 6-суретте жадқа бейнеленген деректер буфері және басқару регистрлеріне арналған енгізу-шығарудың жеке порттары пайдаланатын аралас схема көрсетілген. Мұндай архитектура 640 Кбайттан 1 Мбайтқа дейінгі адрестер диапазоны құрылғының деректер буферіне резервтелінген, ал енгізу-шығару порттарының облысы алғашқы 64 Кбайт орынды алатын, Pentium процессоры негізіндегі жүйелерде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет