1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар Операциялық жүйе (ОЖ)


 Енгізу-шығаруды басқару. Енгізу-шығару жүйесін басқару. Синхронды және асинхронды енгізу-шығару. Енгізу-шығаруды диспетчерлеу



бет18/38
Дата25.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#86447
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38
Байланысты:
1 Негізгі ымдар мен аны тамалар Операциялы ж йе (ОЖ) (4)

7. Енгізу-шығаруды басқару. Енгізу-шығару жүйесін басқару. Синхронды және асинхронды енгізу-шығару. Енгізу-шығаруды диспетчерлеу.
1. Енгізу-шығаруды басқару. Енгізу-шығару жүйесін басқару.
Операциялық жүйенің ең негізгі функцияларының бірі компьютердің барлық енгізу-шығару құрылғыларын басқару болып табылады. Операциялық жүйе осы құрылғыларға командалар беруі, үзілулерді ұстауы және қателерді өңдеуі қажет. ол құрылғылар және жүйенің қалған бөліктері арасында қарапайым және ыңғайлы интерфейс орнатуы қажет. Интерфейс мүмкіндігінше барлық құрылғыларға бірдей болғаны жөн (ол қолданылатын жабдыққа тәуелді болмауы тиіс). Енгізу-шығарудың бағдарламалық қамтамасы операциялық жүйенің айтарлықтай бөлігін құрайды. 
Енгізу-шығару жүйесін басқару үшін ең алдымен оның аппараттық қамтамасыз етуін білуіміз абзал. Әртүрлі мамандар енгізу-шығарудың аппараттық қамтамасын әртүрлі қарастырады. Инженер-электроншылар микросхемаларды, өткізгіштерді, қоректену көздерін, двигательдерді және басқа да физикалық компоненттерді көреді. Бағдарламалаушылар бірінші кезекте интерфейске, бағдарламалық қамтамаға ұсынылған – аппаратурамен қабылданатын командалар, онымен орындалатын функциялар, аппаратура хабарлай алатын қателерге назар аударады
Енгізу-шығару құрылғыларын жалпы екі категорияға бөлуге болады: блоктық және символдық. Блоктық құрылғылар деп ақпаратты фиксирленген өлшемді адрестелетін блоктар түрінде сақтайтын құрылғыларды айтамыз. Әдетте, блоктар өлшемі 512-ден 32768 байтқа дейін болады. Блоктық құрылғының маңызды қасиеті - әрбір блокты қалған блоктардан тәуелсіз оқуға болатындығында. Анағұрлым кеңінен таралған блоктық құрылғылар – дискілер болып табылады. Егер ерекше ықыласпен қарайтын болсақ, блоктық адрестелетін құрылғылар мен жеке құраушыларына тікелей адрестеле алмайтын құрылғылар арасындағы шекара қатаң айқындалмағанын көруге болады.
Дискіжетектің бастиегінің ағымдық орналасқан орнына тәуелсіз оны белгілі бір цилиндрге қойып, жеке блокты қажетті жолдан бастап оқуға немесе жазуға болатындықтан диск блоктық адресетелетін құрылғы екенін барлығы да біледі. Дисктің резервтік көшірмесін сақтау үшін қолданылатын магнитті лентадағы жинақтауышты (магнитофон) қарастырайық. Лентада блоктар тізбегі сақталады. Егер магнитофонға қайсыбір блокты оқуға бұйрық берілсе, оған лентаны қайта орап, процесс сұраныс жасалған блокқа жеткенге дейін деректерді оқуды бастауға тура келеді. Бұл операция дискте блокты іздеуге ұқсайды, шамалы айырмашылығы – ол айтарлықтай көп уақыт алады. Сонымен қатар, жинақтауышқа байланысты және онда сақталған деректердің форматына қарай лентаның ортасына жеке кездейсоқ блокты жазуға кепілдік берілмеген. Магниттік лентаны кездейсоқ қол жетерлік блоктық құрылғы ретінде пайдалану әрекеті едәуір ауыр болады: ешкім оларды мұндай түрде пайдаланбайды. Енгізу-шығару құрылғысының басқа түрі – символдық құрылғы. Символдық құрылғы символдар ағынын ешқандай блоктық құрылымсыз ұсынады немесе қабылдайды. Символдық құрылғы адрестелмейді және іздеу операциясын орындамайды. Дискке ұқсамайтын принтерлер, желілік интерфейстік адаптерлер, тышқан (экранды позицияны көрсету үшін), атжалмандар (психология бойынша лабораториялық эксперименттер үшін) және көптеген басқа құрылғыларды символдық құрылғылар ретінде қарастыруға болады.
Классификацияның мұндай схемасы жетілдірілмеген. Кейбір құрылғылар категориялардың ешбіріне сәйкес келмейді. Мысалы, сағаттар блоктық адрестелетін құрылғы емес. Олар сонымен қатар символдық ағындарды құрмайды және қабылдамайды. Олардың барлық іс-әрекеті уақыттың қатаң анықталған сәттерінде үзілулерді инициализациялау болып табылады. Сонда да блоктық және символдық құрылғыларға бөлу жеткілікті түрде барлығын қамтитын және операциялық жүйелердің бағдарламалық қамтамалары енгізу-шығару құрылғыларынан тәуелсіз болуына қол жеткізуге мүмкіндік беретін негіздер ретінде жақын келеді. Сонымен, файлдық жүйе адстрактылы блоктық құрылғылармен қатынас жасайды, ал құрылғыға тәуелді бөлікті төмен деңгейлі бағдарламалық қамтама – құрылғылар драйверіне қалдырады. Енгізу-шағыру құрылғысының жұмыс істеу жылдамдығының диапазоны өте кең (7.1 сурет). Бұл шамалы ерекшеленетін деректерді алмасу жылдамдығымен болатын құрылғыларға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған бағдарламаны айтарлықтай қиындатады.
Көптеген енгізу-шығару құрылғыларының жылдам дамып келе жатқанын айта кеткен жөн.
Кесте 7.1 - Кейбір типтік құрылғылар, шиналар мен желілердің деректерді алмасу жылдамдықтары

Құрылғы

Жылдамдық

Пернетақта

10 байт/с

Тышқан

100 байт/с

Модем

56 Кбайт 7 Кбайт/с

Сканер

400 Кбайт/с

Цифрлық камера

4 Мбайт/с

CD-ROM

52x 8 Мбайт/с

Firewire (IEEE 1394)

50 Мбайт/с

USB 2.0

60 Мбайт/с

Монитор XGA

60 Мбайт/с

Сеть SONET OC

-12 78 Мбайт/с

Gigabit Ethernet

125 Мбайт/с

Диск Serial ATA

200 Мбайт/с

Диск SCSI Ultrawide

320 Мбайт/с

Шина PCI

528 Мбайт/с



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет