1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар Операциялық жүйе (ОЖ)



бет17/38
Дата25.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#86447
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38
Байланысты:
1 Негізгі ымдар мен аны тамалар Операциялы ж йе (ОЖ) (4)

Үзу жүйелері
Контроллерлер регистрлері бір немесе бірнеше қалып-күй биттерінен тұрады. Оларды тексеруге болады және шығару операциясы аяқталғанын және енгізу құрылғысында жаңа деректер бар-жоғын анықтауға болады. Процессормен орындалатын цикл және құрылғының деректерді қабылдау немесе жіберу дайындығына дейінгі күйін тексеру биті сұрақ (опрос) немесе белсенді күту деп аталады. Сыртқы құрылғының деректерді қабылдау немесе жіберу дайындығын күту өте ұзақ болуы мүмкін болатындықтан белсенді күту ерекшеленген кіші біресепті жүйелерде ғана мүмкін болады. Қалып-күй биттеріне қосымша көптеген контроллерлер процессорға регистрлердің деректерді жазуға немесе оқуға дайын екенін хабарлауға мүмкіндік беретін үзілулер пайдаланылады. Үзілуді өңдеу процедурасы енгізу-шығарудың аяқталғанын операциялық жүйеге хабарлайды. Содан кейін операциялық жүйе қалып-күй биттерін тексеруіне және қателердің жоқтығына көз жеткізуіне, алынған деректерді оқуына немесе қайта жіберуді инициализациялауына болады. Үзілу контроллерінің кіріс саны шектелген. Мысалы, Pentium дербес компьютерлерінде енгізу-шығару құрылғылары үшін тек үзілудің 15 линиясы ғана қол жетерлік. Ескі компьютерлердің контроллерлерінің кейбірі аналық платаға қойылған, мысалы, IBM PC –дегі пернетақта контроллері. Біріктіру платасындағы разъемға қойылатын контроллерлерде IRQ-сигналдар мен құрылғы арасында перемычка немесе ауыстырып-қосқыштар көмегімен сәйкестік орнатуға болады. Егер пайдаланушы жаңа карта алған болса, болдырмау үшін ол үзілу линиясын қолдан орнатуына мәжбүр болды. Пайдаланушылардың көпшілігі осы жерде қате жасады, бұл жағдай автоконфигурациялау механизмінің (Plug and Play) пайда болуына алып келді, осы механизмнің арқасында BIOS жүйені жүктеу кезеңінде өз бетінше құрылғыларға дұрыс үзілу линияларын белгілейді.
3. Үрдістің біресепті және көпесепті орындалуы. Есепті көппрцессорлық шешуді басқару тәсілдері.
Файлдық жүйені реализациялауЕнді файлдық жүйені пайдаланушы тарапынан қарастырудан құрастырушы тарапынан қарастыруға өтеміз. Пайдаланушыларды файлдар қалай аталады, олармен қандай операциялар жасауға болады, каталогтар ағашы қандай түрде және т.б. сұрақтар қызықтырады. Файлдық жүйелерді құрастырушылар файлдар мен каталогтар қалай сақталады, дискілік кеңістікті басқару қалай іске асырылады және файлдық жүйенің тиімді және сенімді жұмыс істеуіне қалай қол жеткізуге болады және т.б. сұрақтар қызықтырады.
Каталогтарды реализациялау. Файлды оқымас бұрын, оны ашу қажет. файлды ашу кезінде операциялық жүйе каталогта жазбаны табу үшін пайдаланушымен көрсетілген жолмен операциялайды. Әрине, каталогта жазбаны табу үшін бірінші түпкі каталогты табу қажет. Түпкі каталог бөлім басына қатысты фиксирленген орында болуы мүмкін немесе басқа ақпарат негізінде анықталуы мүмкін. Мысалы, UNIX классикалық файлдық жүйесінде суперблок деректер облысы алдындағы файлдық жүйе деректері құрылымының өлшемдері туралы мәліметтен тұрады. Суперблок көмегімен индекстік түйіндердің орналасқан жерін анықтауға болады. Бірінші индекстік түйін UNIX файлдық жүйесімен бірмезгілде құрылатын түпкі каталогты көрсетеді. Windows XP жүйесінде жүктеу секторының ақпараты (шындығында бір сектордан көп орын алатын) файлдардың басты кестесінің (Master File Table, MFT) орналасу орнын береді, оның көмегімен файлдық жүйенің басқа объектілерінің орны анықталады. 
Түпкі каталогты тапқаннан кейін каталогтар ағашындағы қажетті жазба ізделінеді. Каталог жазбасы дискілік блоктарды табуға көмектесетін ақпаратты ұсынады. Жүйеге байланысты бұл файлдың барлығының дискілік адресі (ажырамас файлдар үшін), бірінші блок нөмірі (байланысқан тізімдермен болатын екі схема да) немесе индекстік түйін нөмірі болуы мүмкін. Барлық жағдайда каталогтар жүйесінің негізгі функциясы ASCII-атауды деректерді іздеуге қажетті ақпаратқа түрлендіру болып табылады. файл атрибуттарын сақтау мәселесі бұл проблемамен тығыз байланысты. Әрбір файлдық жүйе файлдың әртүрлі атрибуттарын – файлды құру күні, иесінің аты және т.б. қолдайды, және осы ақпараттық барлығын бір жерде сақтау қажет. белгілі нұсқалардың бірі – бұл осы мәліметтерді тікелей каталог жазбасына орналастыру. Қарапайым жағдайда каталог фиксирленген өлшемдегі жазбалар тізімі болып табылады, бір файлға блоктардың орналасуын анықтайтын фиксирленген өлшемдегі файл атынан, атрибуттар құрылымы және бір немесе бірнеше дискілік адрестерден (белгіленген максимумнан аспайтын) тұратын бір жазбадан келеді. Индекстік түйінді жүйелер атрибуттарды каталогтар жазбасында емес индекстік түйіндерде сақтай алады. бұл жағдайда каталог жазбасы қысқа болады: ол тек файл атынан және индекстік түйін нөмірінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет