Байланысты: 1 Негізгі ымдар мен аны тамалар Операциялы ж йе (ОЖ) (4)
2. Файлдық жүйенің құрамдары. Көптеген операциялық жүйелерде файл аты нүктемен бөлінген екі бөліктен тұрады, мысалы prog.с. нүктеден кейінгі файл атының бөлігі файл атауының кеңейтілуі деп аталады және әдетте, оның типі сипатталады. Сонымен MS-DOS-та файл аты 1-ден 8-ге дейінгі символдарға қоса 1-ден 3-ке дейінгі кеңейтілуден тұрады. UNIX-те файл кеңейтілуінің шамасы пайдаланушымен анықталады. Сонымен қатар, файлдың бірнеше кеңейтілуі болуы мүмкін, мысалы, prog.с . bz2, мұндағы bz2 кеңейтілуі prog.с файлының bzip2 алгоритмі көмегімен сығылғанын білдіреді. Кейбір жиі кездесетін файл атауының кеңейтілулері және олардың мағыналық жүктемесі 9.1-кесетеде көрсетілген.
Кесте 9.1 – Файл атауларының кейбір типтік кеңейтілулері
Кеңейтілуі
Мәні
file.bak
Файлдың резервтік көшірмесі
file.с
С тіліндегі бағдарламаның бастапқы мәтіні
file.gif
GIF форматындағы бейне
file.hip
Анықтама файлы
file.html
HTML (веб-бет) форматындағы құжат
file.jpg
JPEG стандартының статикалық бейнесі
file.iso
Компакт-диск бейнесі, оны жазу үшін арналған
file.mp3
MPEG форматындағы музыка, 3-деңгей
file.mpg
MPEG форматындағы фильм
file.о
Объектті файл (компилятордың әлі жинақталмаған шығыс файлы)
file.pdf
PDF (Adobe Acrobat бағдарламасының) форматындағы құжат