1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар Операциялық жүйе (ОЖ)


Қосымшаның тұтынушылар облысы



бет31/38
Дата25.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#86447
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
Байланысты:
1 Негізгі ымдар мен аны тамалар Операциялы ж йе (ОЖ) (4)

Қосымшаның тұтынушылар облысы. Тұтынушылар облысы терезе ішіндегі қосымша ақпарат бейнеленетін және қосымша ақпараттарымен әрекеттесуді жүзеге асыратын ішкі облысты береді. Тұтынушылық облыс мысалдарына концептуальдық модельдер, бейнелер (көзқарастар), енгізу алаңы, графикалық элементтер, мәтін қолданушыға көмек және кестелер кіреді. Қосымша ақпараттарымен өзара әрекеттесу мысалына клавиатурадан енгізуді немесе алфавитті-цифрлық мәліметтерді таңдауды келтірсек болады.
Тікелей манипуляциялау. GUI интерфейсінің ең маңызды қасиеті тікелей манипуляциялау болып табылады, ол қолданушыға көрсеткіш арқылы объектілермен әрекеттесуге мүмкіндік береді. Мысалы, тышқан көмегімен көрсеткішті басты қатарға орнатып, тышқанды басып және ұстап тұрып, тышқанның орнын ауыстыра (кейде, бұл операцияны «ұстап алу және орнын ауыстыру» - «grab and drag» деп атайды) отырып терезенің экран бойынша орнын ауыстыруға болады. көрсеткіш көмегімен тікелей манипуляциялауға басқа мысал – бұл мәтінді ерекшелеу («алу [орын] және ендіру» - «swipe and type») немесе көрсеткіш және бояу жаққыш (paint brush) сияқты құралдарды қолданып графикалық облыспен тікелей сурет салу.
Альтернативті таңдау немесе мәзір көмегімен орындалатын көп әрекеттерді тікелей манипуляциялауды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Мысалы, көптеген жүйелерде жұмыс үстеліндегі құжат пикограммасын принтер пиктограммасына сүйреп апарудың нәтижесі құжаттың басапаға шығуы болып табылады. Тікелей манипуляциялау көмегімен орындалатын басқа әрекеттерге Move (Орын ауыстыру), Copy (Көшіру), Delete (Жою), Link (Байланыстыру) сияқты операциялар жатады.
Басқа қасиеттер. GUI интерфейсіне тән ҚИ (қолданушы интерфейсі) жұмысының басқа әдістеріне алмасу буфері, клавишалар комбинациясы, мәзірде және диалогта жылдамдатушы клавишалар, сонымен қатар тышқан-клавиатура әрекеттестігінің қосымша мүмкіндіктері. Өзінің тиімділігіне қарамастан, бұл механизмдер GUI интерфейсінің негізгі қасиеттері ретінде қарастырылмайды.
GUI стильдеріне мысал. WIMP интефейсінің қасиеттерін ұстануды қандай тәсілмен жүзеге асырылатынын бағдарлау үшін негізгі GUI бағытталған операциондық жүйелерін қарастырамыз. Жобалау және өңдеу мәселелерінің қиындықтарын демонстрациялау үшін олар арасындағы негізгі сәйкестіктер мен ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады. GUI интерфейсі тұрғысынан қарағанда жүйелердің әрқайсысы терезелер, пиктограммалар, мәзір және көрсеткіштерден тұрады.

  • Ортақ белгілер. Көп жағдайларда жүйелер өзара өте ұқсас болып келеді. «үш метр қашықтықтан олар бірдей болып көрінеді» деп айтсақ болады. Терезе объекттер ақпараттарын бейнелеу үшін қолданылады. Пиктограммалар объекттердің ақпараттарын бейнелеу үшін қолданылады. Мәзір объекттер үшін командаларды таңдау үшін арналған. Координатты-көрсеткіштік құрылғылар таңдау, тікелей манипуляциялау, терезе өлшемінің өзгеруі және терезелер мен пиктограммалардың орнын ауыстыру сияқты операциялар үшін қамтамасыздандырылады. Әр жүйеде енгізу үшін бір көрсеткіш және бір курсор болады. Операцияларды жылдам шақырудың клавишалық комбинациялары үшін пиктограммалар болады (мысалы, Close (Жабу), Maximize (Максимизациялау), Size (Өлшем) және т.б.).

  • Айырмашылық. Графикада айырмашылықтар болады. OSF/Motif жүйесінің терезелері мен пиктограммаларында үш өлшемді қасиеттер қолданылады. Microsoft Windows жүйесі өз қосымшаларының көбісінде көп құжатты интерфейс қолданады. Macintosh жүйесі қосымшаның барлық терезесін ұстап тұру үшін бір ғана мәзір қатарынан тұрады, сол уақытта басқа жүйелер сияқты әр терезе үшін мәзір қатарын көрсетеді. OSF/Motif, Macintosh және Windows операциялық жүйелері мәзірде командаларды бейнелеу үшін File-Edit-View (Файл-Түзету-Түр) моделімен жүреді.

OSF/Motif жүйесі тікелей манипуляциялау үшін тышқанның 1 батырмасын қолданады, ал Windows жүйесі 1 және 2 батырмаларды қолданады. Macintosh жүйесінде тікелей манипуляциялау үшін тышқанның жалғыз батырмасын қолданады. Пернетақта түрі ерекшеленсе де, тек тышқанды шерту көмегімен жүзеге аса алмайтын операциялар, тышқан-пернетақта әрекеттестігін кеңейту (пернетақта клавишасы мен тышқанды байланыстыру) есебінен жүзеге асады.

  • Стильдік принциптер. Әр негізгі жүйеде болатын ҚИ құрудағы өзіндік уникальді стильдік принптер. Берілген ортаның барлық қосымшасына қабылданатын, ҚИ келісілген стилін жүезеге асыру үшін, қосымша осы приниптер бойынша жүру керек деп айтылады. Әр стильдік принцип жобалаудың принциптер жиынтығымен қамтамасыздандырады. Жобалау шешімдері – қол жеткізу әдісін сипаттау құралымен және мәзірде командаларды орналастыру сияқты, ортақ операцияларды орындау құралымен қамтамасыздандырылатын, қосымшадан жалпы әсерлерге және сезінулерге жетуге бағытталған. Жүйенің инструментальды құралдар жиынтығы стильдік принциптердің әртүрлі маңыздылықтарын жүзеге асырумен қамтамасыздандырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет