1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар Операциялық жүйе (ОЖ)



бет26/38
Дата25.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#86447
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Байланысты:
1 Негізгі ымдар мен аны тамалар Операциялы ж йе (ОЖ) (4)

11. Жадыны басқару. Жадыны бірігіп қолдану. Жадыны қорғау. Виртуалды жадыны ұйымдастыру. Беттерді аударыстыру стратегиялары. Жады қорының менеджері. Жадыны бөлу стратегиялары.

  1. Жадыны басқару. Жадыны бірігіп қолдану.

Адрестерді байлау. 11.1 суретте бастапқы бағдарлама ақпаратын жедел жадқа бейнелеу процесі көрсетілген.

Сурет 11.1 – Адрестерді байлау
Бізді функция қызықтырады.

  • Берілген пайдаланушы атын ақпарат идентификаторына бейнелейтін атау беру функциясы. Бұл функция әдетте, байланыстар редакторымен іске асырылады.

2 Жадыны қорғау.
Үлестірілген ортақ жад. Үлестірілген есептеулер идеясының пайда болу сәтінен бастап машиналарда бағдарламалар физикалық ортақ жадсыз әртүрлі адрестік кеңістіктерде орындалады деп айқын шамаланды. Тек 1986 жылы К.Ли (К. Li) үлестірілген ортақ жад ҮОЖ (Distributed Shared Memory - DSM) концепциясын жасады. Оның негізгі идеясы - желідегі жұмыс станцияларының жинағы бірыңғай беттік виртуальді адрестік кеңістікті бөлетіндігінде.
Үлестірілген ортақ жадты жүйелер артықшылықтары – оларда мультипроцессорлық жүйелер үшін жазылған бағдарламалар орындала алады. Мұндай жүйелер оңай масштабталады. Олардың кемшілігі – коммуникациялық хаттамаларды (trashing) орындауға кеткен шығындармен байланысты айтарлықтай төмен өнімділік болып табылады.
Үлестірілген ортақ жадты жүйелерді оңтайландыру жолы - тек жазу үшін қажетті деректерді бөлуден тұрады, ал оқу үшін қажетті деректер бөлінбейді (сондықтан бұл беттер желі бойынша жіберілмейді).
Архитектуралар типтері және оларға сәйкес үлестірілген ортақ жадты қолдайтын құрылымдар 11.2-суретте көрсетілген.

Сурет 11.2 – Үлестірілген ортақ жад
12. Виртуалды жадыны ұйымдастыру. Беттерді аударыстыру стратегиялары. Жады қорының менеджері. Жадыны бөлу стратегиялары.
1 Виртуалды жадыны ұйымдастыру. Беттерді аударыстыру стратегиялары.
Жадты виртуальді түрде ұйымдастыру – логикалық жадты физикалық жадтан тыс кеңейту процесі.
Виртуальді жад – жадта толық емес болатын процестерді орындауға мүмкіндік беретін техника. Виртуальді жад көптеген операциялық жүйелерде іске асырылған. Алайда, оны түрлі себептермен қолдамайтын операциялық жүйелер де бар:

  • MS-DOS - әлсіз аппараттық қамтылған ескі процессорларда кең таралу себебі бойынша;

  • Cray архитектурасындағы операциялық жүйелер – уақытты үнемдеу мақсатында.

Виртуальді жадтың екі негізгі есепті шешеді.

  • Бірнеше қосымшалармен бірмезгілде жұмыс істеу мүмкіндігі.

  • Бағдарламаның негізгі жадта толығымен болмау мүмкіндігі.

Виртуальді жадтың нақты мезанизмі үш негізгі стратегияның қалай іске асырылатынына тәуелді болады.

  • Орналастыру стретагиясы (placement policy) итермеленетін бет немесе сегменттің негізгі жадтың қай жеріне орналастырылатынын анықтайды.

  • Итермелеу стратегиясы (fetch policy) бет немесе сегменттің уақыттың қай моментінде негізгі жадқа орналастырылатынын анықтайды.

  • Ығыстыру стратегиясы (replacement policy) орнына жаңасын қою үшін беттердің немесе сегменттердің қайсысын жедел жадтан өшіру керек екенін анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет