Байланысты: 1 Негізгі ымдар мен аны тамалар Операциялы ж йе (ОЖ) (4)
9. Файлдық жүйе. Файлдық жүйенің негізгі функциялары. Файлдық жүйенің құрамдары. 1. Файлдық жүйе. Файлдық жүйенің негізгі функциялары Файлдық жүйенің негізгі элементі немесе құрамы – бұл файл. Файл – атау берілген реттелген деректер жиынтығы. Файл әдетте, төмендегі атрибуттардан тұрады:
Файл аты. Бұл адам қабылдауына ыңғайлы түрдегі ақпаратты қолдайтын символдар қатары.
Файл типі. Бұл ақпарат файлды алғашқы идентификациялау үшін көптеген утилиттер мен жүйелерге қажет.
Орналасқан орны. Бұл файл орналасқан құрылғы туралы ақпарат және оған алып баратын толық жол осы құрылғы маңайында болады.
Файл өлшемі;
Файлды оқудан, жазу және орындаудан қорғау туралы ақпарат;
Файлды соңғы болып өзгерткен пайдаланушы туралы ақпарат, өзгерткен күні және уақытын қоса.
Файлдық жүйе дегеніміз дискіде сақталған деректермен жұмыс істеу үшін қолданушыға ыңғайлы интерфейсті және бірнеше процестер мен қолданушылар бірігіп файлдарды қолдануды қамтамасыз ететін операциялық жүйенің бөлігі.
Файлдық жүйе түсінігіне кіреді:
файл дискрипторы, дискідегі бос және бос емес кеңістіктегі тарату кестелері, файлдар каталогі сияқты файлдарды басқару үшін қолданылатын деректер құрылымының жинағы;
құру, оқу, өшіру, атын өзгерту, жазу, іздеу және басқа да файлдарға байланысты операциялары секілді файлдарды басқаруды орындайтын бірнеше жүйелік программалар комплексі.
Файлдар. Файлдарға атау беру. Файлдар абстрактылы механизм объекттері болып табылады. Олар ақпаратты дискке сақтау және кейін оны оқу құралдарын ұсынады. Бұл жерде пайдаланушыдан ақпаратты сақтау тәсілі мен орны, дисктердің жұмыс істеу детальдары сияқты жайлар жасырылуы қажет. Файлды құру барысында процесс файлға ат береді. Процесс жұмысты аяқтаған кезде файл өзінің бар болуын жалғастырады, және басқа процестер аты бойынша оған жүгіне алады. Файлдарға ат беру ережелері жүйеден жүйеге варияцияланады, бірақ барлық қазіргі кездегі операциялық жүйелер файлдар атауы ретінде 8-символдық мәтіндік қатарды пайдалануды қолдайды. Яғни, andrea, bruce және cathy идентификаторлары файлдардың рұқсатты атаулары болып табылады. Көбіне файлдар атауында цифрлар мен арнайы символдарды пайдалануға рұқсат етіледі, сондықтан файлдарға 2, urgent! HFig.2-14 сияқты ат беруге болады. Көптеген файлдық жүйелер ұзындығы 255 символға дейінгі файл аттарына рұқсат етеді. Кейбір файлдық жүйелерде, мысалы, UNIX, бас және кіші әріптер ерекшеленеді, MS-DOS-та олай емес. Осылайша, UNIX жүйесінде maria, Maria және MARIA атаулары әртүрлі үш файлды көрсетеді, MS-DOS жүйесінде бұл үш атаудың барлығы да бір файлға қатысты болады. Windows операциялық жүйесі осы екі аралықта тұрады. Windows 95 және Windows 98 файлдық жүйелері MS-DOS файлдық жүйесі негізінде жасалған: осы себептен соңғысының көптеген қасиеттері, соның ішінде файлдарға атау беру принципі мұраға қалды. Әр нұсқа сайын файлдық жүйеге жетілдірулер қосылды, алайда біз жалпы MS-DOS және Windows-тың «классикалық» нұсқаларының мүмкіндіктерін оқып-үйренумен шектелеміз. Windows NT, Windows 2000 және Windows XP операциялық жүйелері MS-DOS файлдық жүйесін қолдауды ұсынады, алайда олардың басқа да қасиеттерге ие (файлдарға Unicode кодтауында ат беру) өз NTFS (New Technology File System – жаңа технологияның файлдық жүйесі) файлдық жүйесі бар. Windows-тың аталған нұсқаларында NTFS жүйесі де өзгерді. Бұл бөлімде Windows-тың Windows 98 сияқты ескі нұсқаларының файлдық жүйесі қарастырылады. Егер қандай да бір сипатталып жатқан қасиет MS-DOS-та жоқ болса, біз оны ереше атап өтетін боламыз. NTFS туралы айта отырып, біз Windows XP файлдық жүйесін меңзейміз, ал қарастырылып отырған аспект Windows NT және Windows 2000 файлдық жүйелеріне қолданылмайтын болса, бұл да жеке аталып өтеді.