Бейнеленуі және әрекеті. Web-беттің неігзі мақсаты пайдалы ақпаратпен қамтамасыздандыру, оның ішінде навигациялық структура мен Web-түйіннің ұйымдастырылуы да бар. Web-беттер түсті графикалық элементтердің көз шағылыстыратын және сансыз мозаикалары түріндегі бір немесе бірнеше конструкциялардан тұрады. GUI-бағытталған қосымшалармен салыстырғанда WUI-бағытталған қосымша, анимациялық сияқты қолданушымен шақырылмайтын, әрекеттің есепсіз элементтер санын құрайды. ҚИ тұрғысынан қарағанда Internet-те толық анархия билейді.
Сурет 13.4 – Web-броузермен бейнеленетін Web-бет
WUI-интерфейс компоненттері. WUI-интерфейстің кең таралған компоненттеріне әртүрлі тәсілмен реттелген баннерлер (тақырыпшалар), навигациялық панельдер және визуальды немесе мәтіндік гиперсілтемелер жатады. Сонымен қатар графиканы, анимацияларды және түстерді қолданудың әртүрлі әдістері қолданылады.
Баннер дегеніміз – Web-беттің жоғарғы жағында бейнеленетін визуальды тақырыпша.
Навигациялық панель – бұл ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін, гиперсілтемелерді таңдау нұсқаларының тізімі.
Гиперсілтеме - ақпараттың келесі бетін бейнелейтін немесе бейнелеу фокусын сол беттің басқа облысына орналастыратын таңдау нұсқасы.
Web-бет макеттері. Ақпарат Web-беттерде бір немесе бірнеше макеттерді және навинациялық стильдерді қолдану арқылы беріледі.
Броузер. Типтік броузердің экран шетінде бейнеленетін тақырыпшасы, навигациялық панельі, және 1 облысы болады.
Каталог. Каталог – гиперсілтемелерді таңдау нұсқалары келтірілген визуальді іздеу механизмі. Ол таңдаудың қосымша нұсқалары бойынша, І ізделінді нәтиже табылғанша навигациялау үшін қолданылады. Тақырыпша түріндегі навигациялық панельдер және І гиперсілтемелерді таңдау нұсқасы бойынша навигациялаудың басқа типтері жіберіледі.
Іздеу және іздеу нәтижесі. Бір немесе бірнеше басқару элементтері, олардың көмегімен қолданушы енгзуді және ақпаратты іздеу критерийін таңдауды іске асырады. Іздеу нәтижесі сол немесе басқа Web-броузер терезесінде бейнеленеді.
Құжат. Көбінесе өзінің қағаз егізіне ұқсас, мәтіндік ақпаратты сілтемесімен бірге қосымша көздерде немесе ашылған ақпаратты Web-құжатта бейнелейді.
Жазу кітапшасы. Кейбір Web-түйіндер мәліметтерді ұйымдастыру үшін метафора ретіндегі визуальды жазу кітапшасын береді. Оның навигациялық панельден айырмашылығы – онда таңдау нұсқасының саны аз.
Мәліметтер жиыны. Кейбір Web-беттердің қосымша мақсаты атаулар мен адрестер жиыны болып табылады, сонымен қатар қолданушы туралы ақпараттар. Бұл үшін GUI-интерфейстің кәдімгі басқару элементтері қолданылады, кейде кейбір шектеулерімен.
Жобалау проблемалары. ҚИ Web-стилінде қолданылатын, қосымшаның тұрақтылық дәрежесіне әсер ететін, табыстың критикалық факторлары, мейнфреймдарға аналогты болып табылады – иерархиялық ақпарат структурасы бойынша навигацияның қарапайымдылығы, жеңілдігі, іздеу жылдамдығы, сонымен қатар жедел реакция. Басқа да маңызды факторларға эстетикалық сипаттамалар және ағымдық ақпарат мазмұнының құндылығы.
Қалта құрылғыларының қолданушы интерфейсі (HUI) Қазіргі уақытта PDA (Personal Digital Assistant – дербес сандық ассистент – кейбір арнайы фукнцияларды орындауға арналған «қалта» компьютері) класының екі негізгі класы белгілі - біреуінде нағыз GUI-стиль сыртқы түр терінде және әрекеті бойынша қолданылады, ал басқаларында GUI-интерфейстің жиыны қолданылады. Қолданушымен мәліметтерді енгізу үшін құрылғылардың екі класы да қаламды және сенсорлы экранды «жестикуляциялық» стильді қолданады. Әдетте мұндай құрылғылардың экраны өте кішкентай болады. PDA дисплейінің әр облысы, үстел үсті үшін және портативтік жүйелер үшін GUI-бағытталған қосымшасының терезелеріне қарағанда кішкентай болып келеді. PDA-ны жүктеу үшін әдетте портативті және үстел үсті копьютерлер үшін GUI-бағытталған БҚ қолданылады.
GUI-интерфейсінің жиыны. HUI-интерфейс GUI-интерфейстің кейбір мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді, ал егер дәл атап айтатын болсақ пиктограммалар, мәзір және көрсеткіштің аналогтық әрекеті. Құрылғы терезесінде бір уақытта бір объект бейнеленеді. HUI-интерфейс үшін ҚИ жалпы стилін SIMP-стил (Screen- экран, Icons- пиктограммалар, Menus- мәзір, Pointers – көрсеткіштер) деп атауға болады. Сондықтан GUI-интерфейстің көптеген қасиеттерімен қамтамасыз етіледі, олардың кейбірі төменде келтірілген.
Пиктограмма көптеген PDA-ларда қолданылады, олардың мүмкін болатын қабілеті бейнелеу құрылғысының типіне байланысты өзгеріп отырады. GUI-интерфейс сияқты пиктограммалар объекттерді, әрекеттерді, атрибуттарды бейнелеу үшін қолданылады.
Мәзір қатары және мәзірдің өзі талап бойынша бейнеленеді және мұндай компоненттер үшін әдеттегі әрекеттерге ие болады.
Перо үлкен бөлік бойынша, бір батырманың көмегімен әрекеттесу үшін көрсеткіш ретінде қызмет етеді. Диалогтар шақырылушы объектті жауып қоятын терезе ретінде бейнеленеді. Мұндай терезелерде GUI-терезесінің көркемделуі болмайды, олардың орнын ауыстыруға және өлшемін өзгертуге болмайды.
Өзара әрекеттесу. Кейбір PDA-ларға клавиатураны қосуға болады, бірақ қолданушы көрсеткішке ориентирленген әрекеттесуге және PDA-мен тікелей жұмыс істеу үшін перомен жазуға үйрену керек. Кейбір командаларды «жестикуляциондық» клавишалар комбинациясының көмегімен, GUI-интерфейсінің командаларын жылдам таңдаумен эквивалентті клавишалар көмегімен орындауға болады.
Жобалау проблемалары. HUI-бағытталған қосымшаларын жобалаудың негізгі проблемалары төменде көрсетілген.
Мәлметтерді енгізу және өзара әрекеттесу бойынша қолданушыға талаптардың қарапайымдануы.
Дисплейдің шектеулі облысын қолдану.
Артықшылықтары. PDA қолданушылары үшін негізгі артықшылықтар күнтізбеден, блокноттан және адрестік кітаптан тұратын физикалық қалталы органайзерлерді, олардың электрондық эквивалентімен алмастыруында. Физикалық эквивалент көмегімен орындалатын есептердің күрделілігі PDA және ДК интеграцияларының бағдарламалық пакетін қолдану шарты кезінде айтарлықтай өседі. Жестикуляция және өз бетімен жазу әдістерін қолдану арқылы ақпараттың үлкен көлемін енгізу, келесіге дейін сақталынып тұрады. Алайда енгізу мен осы мәліметтерді ДК-де кезектестіріп сақтау айтарлықтай эффективті. PDA-да ақпаратты аз ғана өзгерту және оны ары қарай ДК-мен синхронизациялау қарапайым түрде жүзеге асады.