1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар Операциялық жүйе (ОЖ)



бет30/38
Дата25.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#86447
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Байланысты:
1 Негізгі ымдар мен аны тамалар Операциялы ж йе (ОЖ) (4)

Пиктограммалар. Пиктограмма көп жағдайларда терезеге ұқсайды, алайда пиктограмманың формальды анықтамасына сәйкес – объектті көрнекі бейнелеу үшін қолданатын бейнелеу құрылғысының облысы. Пиктограмманың типтік қасиетіне объектті бейнелеу үшін графикалық символ, тақырыпша немесе атауы, сонымен қатар тікелей манипуляциялау операциялары кіреді. Пиктограмманы қолдану мысалына – адрестік кітап ішіндегі кейбір тұлғаларды бейнелеуді немесе компьютер дисплейінде басқа бір қосымшаны бейнелеуді келтірсек болады. Пиктограммада орындалатын ең маңызды объектті бейнелейтін операция - бұл терезені бейнелеу үшін қолданатын, объект туралы детализацияланған ақпараттан тұратын Open (Ашу) операциясы.
GUI интерфейсінде формальды түрде пиктограмма болып табылмайтын көптеген графикалық символдар бар. Объекттердің әрекеттерін, атрибуттарын (түс) немесе жағдайын (поштаның жаңа индикаторы) бейнелеу үшін қолданылатын графикалық символдар қолданушылар үшін пиктограммалар ретінде қабылдануы мүмкін; бірақ GUI интерфейсінің және оларды стандарттарын өңдеушілердің көз қарасымен қарағанда оларды графикалық кнопка ретінде қарау керек. Графикалық символдарды қолданудың мұндай жағдайлары үшін «пиктограмма» және «графика» терминдерін өзара алмастыруға болады.
Мәзір. Мәзір 1 қолданушы таңдауды жүзеге асырыуға көмектесетін альтернатив жиынын береді. Әдетте GUI бағытталған мәзірінің альтернативтері объекттермен әрекеттесуді орындау үшін қолданушы таңдаған командалардың аттарын береді. Мәзір мысалы ретінде File (Файл) мәзірін алсақ болады, ал команданың альтернативті нұсқасына мысал ретінде File мәзіріндегі Print (Баспаға шығару) командасын алсақ болады. І мәзірі өзінде қолданушы командаларының толық жиынын ұстайды. Графикалық жүйелерден ерекшеленетін жүйелер, керісінше ішкі мәзірде барлық дисплейдің қолданылуын талап етеді, бұл кезде мәзір иерархиялық тәсілмен құрылады.
Әдетте мәзір терезе ішінде бейнеленеді, бірақ кейде олар терезе ауданының шекарасынан шығып кетуі мүмкін. Мәзірдің бірнеше типтері бар: мәзір қатарлары, құлатылған мәзір, жүзетін мәзір және кастакттық мәзір. Оларды мақсаттары мен тағайындаулары қандай болмасын, саймандар панеліндегі пиктограммалармен бейнеленген компоненттер мәзір болып табылады.

Сурет 13.2 – бірнеше терезелер мен пиктограммалардың бір уақытта бейнеленуі.
Көрсеткіштер. Графикалық жүйелер әдетте тышқан немесе дөңгелекті монипулятор түріндегі координатты – көрсеткіштік құрылғылардан тұрады.
Координатты – көрсеткіштік құрылғымен қолданушы осы құрылғының көмегімен енгізуді жүзеге асыратын экрандағы белгілі бір орын ассоциацияланады. Көрсеткіш – бұл координатты – көрсеткіштік құрылғы үшін жүеге кіретін орынды визуальді көрсететін графикалық символ. GUI интерфейсінде қолданылатын көрсеткіштерге бағыттауыш түріндегі көрсеткіш, графикалық қиылысулар және І түріндегі немесе «балка» түріндегі (екі реттік балка түріндегі) көрсеткіштер кіреді. Көп жағдайларда көрсеткіш бейнелеу құрылғысының экранындағы клавиатурадан енгізілетін символдарды қоятын орынды анықтайтын курсорға аналогты болады. Көрсеткішті қолдану мысалы ретінде адрестік кітап терезесі ішіндегі пиктограммаларды таңдауды айтсақ болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет