1 Негізгі ұғымдар мен анықтамалар Операциялық жүйе (ОЖ)


Операциялық жүйені инициализациялау, генерациялау және пішін үйлесімдіру



бет36/38
Дата25.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#86447
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
2. Операциялық жүйені инициализациялау, генерациялау және пішін үйлесімдіру.
Компьютерлердің дамуы көп мөлшерде әртүрлі операциялық жүйелердің пайда болуына алып келді, олардың барлығы кеңінен танымал емес. Біз олардың жетеуін ғана қарастырамыз.
Мэйнфреймдер операциялық жүйелері
Ең жоғарғы деңгейде мэйнфреймдерге арналған операциялық жүйелер тұрады. Өлшемдері бір бөлмедей болатын бұл компьютерлерді үлкен корпорациялар деректері орталықтарынан кездестіруге болады. Мэйнфреймдер мен дербес компьютерлер өздерінің енгізу-шығару мүмкіндіктеріне қарай ерекшеленеді. Мыңдаған дисктері және мыңдаған терабайттар деректері бар мэйнфреймдер жиі кездеседі, ал мұндай параметрлі дербес компьютерлер шындығында әдеттегідей көрінбес еді. Мэйнфреймдер қуатты Web-серверлер, бизнесті транзакциялауға арналған серверлер және ірімасштабты электронды-коммерциялық сайттарға арналған серверлер түрінде қайтарылады.
Мэйнфреймдерге арналған операциялық жүйелер бірмезгілде орындалатын тапсырмалар жиынын өңдеуге бағдарланған, көпшілігіне енгізу-шығарудың көп мөлшерлі операциялары қажет болады. Әдетте олар қызмет көрсетудің 3 түрін ұсынады: пакеттік өңдеу, транзакцияны өңдеу (топтық операциялар) және уақытты бөлу. Пакеттік өңдеу дегеніміз стандартты тапсырманы интерактивті режимде жұмыс істейтін пайдаланушылардың қатысуынсыз орындайтын жүйелер болып табылады. Сақтандыру компанияларында исктерді өңдеу немесе магазиндер тізбегі үшін сату туралы есеп беруді құру – бұл пакеттік режимде өңделетін типтік тапсырмалар. Транзакцияны өңдеу жүйелері өте көп мөлшердегі кіші сұраныстарды басқарады, мысалы, банкте жұмыс процесін немесе авиа билеттерді брондауды бақылайды. Әрбір жеке сұраныс үлкен емес, бірақ жүйе секундына жүздеген немесе мыңдаған сұраныстарға жауап беруі тиіс. Уақытты бөлу режимінде жұмыс істейтін жүйелер көптеген алыстатылған пайдаланушыларға өз тапсырмаларын бір машинада бірмезгілде орындауына мүмкіндік береді. Жақсы мысал ретінде үлкен деректер қорымен жұмысты алуға болады. Осы барлық функциялар өзара тығыз байланыста, және көбіне мэйнфреймге арналған операциялық жүйе олардың барлығын орындайды. Мэйнфреймге арналған операциялық жүйе OS/360-тан шыққан OS/390 болып табылады.
Серверлік операциялық жүйелер
Бір деңгей төмен серверлік операциялық жүйелер тұрады. Олар не өте үлкен дербес компьютерлер не жұмыс станциялары немесе мэйнфреймдер болып табылатын серверлерде жұмыс істейді. Олар бірмезгілде көптеген пайдаланушыларға қызмет көрсетеді және оларға өзара бағдарламалық және аппараттық ресурстарды бөліп алуына мүмкіндік береді. Серверлер баспаға шығарушы құрылғылар немесе Интернетпен жұ мыс істеуге мүмкіндік береді. Интернет–провайдерлер әдетте, желіге көптеген пайдаланушылардың бірмезгілде қол жеткізуін қолдау үшін жұмысқа бірнеше серверлерді іске қосады. Серверлерде Web-беттер сақталады және кіріс сұраныстары сақталады. UNIX және Windows 2000 типтік серверлік операциялық жүйелер болып табылады. Қазір осы мақсатта Linux операциялық жүйесі де пайдаланыла бастады.
Көппроцессорлы операциялық жүйелер
Компьютерлер қуаттылығын арттырудың көп қолданылатын тәсілі – бірнеше орталық процессорларды бір жүйеге біріктіру болып табылады. Процессорларды біріктіру және жұмысты бөлу түріне қарай мұндай жүйелер параллель компьютерлер, мультикомпьютерлер немесе көппроцессорлы жүйелер деп аталады. Олар үшін арнайы операциялық жүйелер қажет болады, бірақ көбіне мұндай операциялық жүйелер байланыстың арнайы мүмкіндіктерімен болатын серверлік операциялық жүйелердің нұсқалары болып табылады.
Дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелер
Келесі категорияны дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелер құрады. Олардың жұмысы бір пайдаланушыға ыңғайлы интерфейсті ұсыну болып табылады. Мұндай жүйелер мәтін, электронды кестелер және Интернетке қол жеткізу жұмыстары үшін кеңінен пайдаланылады. Анағұрлым айқын мысалдар – бұл Windows 98, Windows 2000, Linux және Macintosh компьютеріне арналған операциялық жүйелер. Дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелердің белгілі екендігі соншалықты, оларға қысқаша шолу жасаудың өзі артық. Шындығында, көптеген адамдар өздерінің пайдаланатын операциялық жүйелерінен басқа да жүйелердің бар екенін тіпті білмейді де. 
Нақты уақыт операциялық жүйелер
Операциялық жүйенің тағы бір түрі – бұл нақты уақыт жүйелері. Мұндай жүйелердің басты параметрі уақыт болып табылады. Мысалы, өндірісті басқару жүйелерінде нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін компьютерлер өнеркәсіптік процесс туралы деректерді жинайды және оларды фабрика машиналарын басқаруға пайдаланады. Көбіне мұндай процестер қатаң уақыттық талаптарды қанағаттандыруы қажет. Егер автомобиль конвейер бойынша жылжитын болса, онда әрбір іс-әрекет қатаң белгіленген уақыт бірлігінде жүзеге асуы қажет. егер дәнекерлеу роботы қиықты уақытынан ерте немесе кеш дәнекерлейтін болса, онда машинаға жөнделмейтін зиян келтіреді. Егер қандай да бір әрекет уақыттың нақты бірлігінде (немесе берілген уақыт диапазоны ішінде) өтуі тиіс болса, біз нақты уақыттың қатаң жүйесімен істес боламыз. Басқа да түрі бар: нақты уақыттың иілгіш жүйесі, мұнда операцияның орындалу мерзімін жіберіп тұруға рұқсат етіледі. 
Бұл категорияға цифрлық аудио және мультимедиалық жүйелер кіреді. VxWorks және QNX жүйелері нақты уақыттың әйгілі операциялық жүйелері болып табылады.
Ішкі (встроенные) операциялық жүйелер
Көлемді жүйелерден кіші жүйелераге жылжи отырып, біз «қалта» компьютерлеріне және ішкі (встроенный) жүйелерге де келіп жеттік. Қалта компьютері немесе PDA (Personal Digital Assistant – дербес цифрлық көмекші) – бұл шалбар қалтасына сыйып кететін, азғана функцияларды орындайтын (телефондық жазба кітапшасы және блокнот) кішкентай компьютер. Құрылғылар әрекеттерін басқаратын ішкі (встроенный) жүйелер әдетте компьютер деп саналмайтын машиналарда жұмыс істейді, мысалы, телевизорларда, шағынтолқынды пештерде және мобильді теефондарда. Олар көбіне нақты уақыт жүйелеріне тән мінездемелерге ие, алайда олар ерекше өлшемге, жадқа және шектелген қуаттылыққа ие, осы қасиеттер оларды жеке класқа бөледі. Мұндай операциялық жүйелерге мысал ретінде PalmOS және Windows CE (Consumer Electronics –тұрмыстық техника) болып табылады.
Смарт-карталарға арналған операциялық жүйелер
Ең кіші операциялық жүйелер орталық процессордан тұратын өлшемі кредиттік карта өлшеміндей болатын смарт-карталарда жұмыс істейді. Мұндай операциялық жүйелерге жад және процессор қуаттылығы бойынша қатаң шектеулер қойылады. Олардың кейбірі тек бір операцияны ғана басқара алуы мүмкін, мысалы, электронды төлемді, бірақ басқа операциялық жүйелер дәл сол смарт-карталарда күрделі функцияларды орындайды. Көбіне олар патенттелген жүйелер болып табылады.
Кейбір смарт-карталар Java-бағдарланған болып табылады. Бұл смарт-карталар ТЕСҚ-сы (тұрақты есте сақтау құрылғысы, ағылшынша ROM, Read Only Memory – тек оқуға арналған жад) Java (JVM, Java Virtual Machine) виртуалды машинасының интерпретаторынан тұрады дегенді білдіреді.
Java апплеттері (кіші бағдарламалар) картаға жүктеледі және JVM-интерпретатормен орындалады. Мұндай карталардың кейбірі бірмезгілде бірнеше Java апплеттерін басқара алады, бұл көпесептілікке және жоспарлау қажеттілігіне алып келеді. Екі немесе одан көп бағдарламалардың бірмезгілде жұмыс жасауынан ресурстарды басқаруда және қорғауда қажеттілік туындайды. Сәйкесінше, осы барлық есептер әдетте смарт-картада орналасқан аса примитивті операциялық жүйе орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет