Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі, яғни обьектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.
Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:
-қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген обьектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді.
- Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субьектісіндегі белгіленген нормалар, салық заңдылығының нормасынан аспауы тиіс. Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны – 100 000 теңге, 5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 10 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20%-ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 теңге болады.
Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула бойынша есептелінеді.
Бастапқы құн- жойылу құны 100 000-10 000
= = 18 000 теңге
Пайдалану мерзімі 5 жыл
Осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 150 мың теңгеге тең болады (18 000:12)
Төменде негізгі құралдардың амортизациясын бірқалыпты әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |