Негізгі құралдардың амортизациясын кумулятивтік әдісі бойынша есептеу
Мерзімі
(жылдары)
|
Бастапқы құны
|
Кумулятивтік саны мен амортизация
лаудың нормасы
|
Жинақтал
ған жылдық тозу сомасы
|
Айға есептел
ген амор-ң сомасы (теңге)
|
Сатып алынған мерзімі
1-ші жылдың аяғында
2-ші жылдың аяғында
3-ші жылдың аяғында
4-ші жылдың аяғында
5-ші жылдың аяғында
|
100 000
100 000
100 000
100 000
100 000
|
5/15*90000=30000
4/15*90000=24000
3/15*90000=18000
2/15*90000=12000
1/15*90000=6000
|
30000
54000
72000
84000
90000
|
2500
4500
6000
7000
7500
|
Кестенің мәліметтерінен кумулятивтік әдіс бойынша есептелген амортизация сомасы обьектіні пайдаланудың бірінші жылында күрт өсіп, соңғы жылдарында азайғанын көреміз.
Азайып отыратын қалдық әдісі. Бұл әдіс те кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы азайып отырған қалдық әдісі деп те атайды. Мысалы, жоғарыда айтылған автокөліктің қызмет ету мерзімі 5 жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде амортизациялау нормасы 20% болады (100%:5).
Екі еселенген нормасымен есептелініп, азайып отыратын қалдық әдісінде амортизациялау нормасы мынаған тең 40% (20%*2) болады. Бұл белгіленген ставка (40%) қалдық құнға әрбір жылдың соңында жатқызылады.
Қалдық құнды азайту үшін қажетті шамамен шектелетін соңғы жылды қоспағанда, тозуды есептеген кезде құны есепке алынбайды деп саналады.
1.4. Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
Негізгі құралдар пайдалану процесінде табиғи және моральдық жағынан тозады. Олардың жекелеген бөлшектері негізгі құралдарды тұтастай алғандығымен салыстырғанда тозады.
Негізгі құрал-жабдықтар уақытынан бұрын тозып кетпеуі үшін, оларды мезгіл сайын жөндеп тұру керек. Ұйымдастыру-техникалық белгілеріне қарап, жөндеуді күрделі және жай етіп бөледі.
Күрделі жөндеу деп негізгі құралдардың обьектісін тұтастай алғандағымен салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді айтады. Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының күрделі жөндеуі деп бір жылдан астам мерзімде агрегатты толық бөлшектеп, барлық тозған детальдары мен бөлшектерін ауыстырып немесе қалпына келтіріп, агрегатты қайта жинауды және сынақтан өткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жөндеуді айтады. Машыналардың негізгі агрегаттарына (двигателін, мостыларын, жылдамдық коропкасын) машина маркасына байланысты алдын-ала белгіленген жолын жүріп өткеннен кейін күрделі жөндеу жұмысы жасалынады.
Үйлер мен ғимараттардың күрделі жөндеуі кезінде тозған құрылымдары мен детальдары толық ауыстырылады немесе олар неғұрлым мықты және үнемді, жөнделіп жатқан обьектінің пайдалану мүмкіндіктерін жақсартатын детальдармен ауыстырылады.
Күрделі жөндеулер негізгі құралдың пайдалану мерзімін, өндіріс қуаттылығын, көлемін, жылдамдығын, болашақта оның экономикалық табыстылығын арттырса, онда ондай шығындар негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді, ал барлық қалған жағдайда ондай шығындар ағымдағы шығын ретінде танылады және ол оның бастапқы құнына әсер етпейді.
Мысалы, кәсіпорындағы автомашинаның бастапқы құны 1 500 000 теңге құраған және оның пайдалы қызмет ету мерзімі 8 жыл болған. Бес жыл пайдаланғаннан кейін автомашинаға құны 290 000 теңге тұратын жаңа двигатель салынған, сонымен қоса 45 000 теңге тұратын оң жақ қанаты ауыстырылған. Бұл жерде автомашинаның двигателі, оның бастапқы құнын өсіреді, ал 45 000 теңге тұратын крылосы ағымдағы шығын ретінде танылады.
Ағымдағы жөндеу дегеніміз негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін оның тозған детальдарын ауыстыру немесе жөндеу болып табылады. Оны негізгі құрал-жабдықтарды пайдалану процесінде жасайды. Негізгі құрал-жабдықтардың тозуының алдын алу үшін күні бұрін жоспарланып қойған-жөндеу жұмысын мерзімінде жүргізудің маңызы зор.
Жөндеу есебінде атқарылған (орындалған) жұмыс түрі барлық түрі бойынша рәсімделеді, жұмыс көлемін және оның өзіндік құнын анықтайды, жөндеуге жұмсалатын қаражатты мақсатты түрде пайдалануды бақылайды.
Негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік және шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылады. Неғұрлым прогрессивті және үнемді болып саналатын мердігерлік әдісте негізгі құралдарды арнайы жабдықталған субьектілер (автожөндеу, жөндеу-құрылыс шаруашылығын жүргізуші субьектілер) жөндейді; ал шаруашылық тәсілі бойынша жөндеу субьектінің өз күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады.
Мердігерлік ұйымдармен жасасқан шарт негізінде негізгі құралдардың мердігерлік тәсілмен жасалған ағымды және күрделі жөндеулері үшін субьект жөнделетін обьектілерді жөнделетін орнына апарып және қайтадан әкелу шығындарымен қоса, аяқталған жөндеу жұмыстарының еңбекақысын төлейді. Жабдықтар мен көлік құралдарын жөндеу үшін мердігерлермен есеп айырысуды обьект тұтастай біткен соң жасалынады. Есеп айырысу құжаттары негізінде шоттардың корреспонденциясы жасалынады.
Күрделі жөндеуден өткен негізгі құралдарды қабылдап алу «Күрделі жөндеуден өткен, қайта құрастырылған және жаңартылған негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі» бойынша құжатталады. Субьектінің негізгі құралдарды қабылдауға өкілетті қызметкерлері және жөндеу, қайта құрастырулар немесе жаңарту жұмыстарын жүргізген субьект өкілдерінің қол қойған актісі субьектінің бухгалтериясына тапсырылады. Актіге бас бухгалтер қол қояды, оны субьект басшысы немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Негізгі құралдардың жөнделген обьектісінің техникалық төлқұжатында күрделі жөндеуден өткен обьектінің қысқаша сипаттамасы беріледі, сондай-ақ техникалық төлқұжатына қайта құрастыруға және жаңартуға байланысты өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Егер жөндеуді, қайта құруды және жаңартуды сыртқы кәсіпорын орындаған болса, онда актіні екі дана етіп жасайды. Екінші данасын жөндеу, қайта құру және жаңарту жүргізген субьектіге береді.
Шаруашылық тәсілмен негізгі құралдарды жөндеу цехтан тыс жерлерде жүргізілсе, онда (үйлерді, ғимараттарды, тұрғын үйлерді, коммуналдық және мәдени-тұрмыстық құрылыстарды, сондай-ақ басқа қозғалмайтын обьектілерді жөндеу) шығындар тікелей өндіріс шығындарына жатқызылады. Мұндай кезде өндіріс шығындары немесе айналым шығындары мына шоттардың (8044, 7470, 7110, 7210 шоттар) дебетінде, ал оларға кеткен материалдардың есебі мына шоттардың (1311-1350, 1317), еңбекақысы мен әлеуметтік аударымдарына мына шоттардың (3350, 3140), жабдықтаушылармен, еншілес және тәуелді кәсіпорындармен есеп айырысуына мына шоттардың (3311, 3320-3330) кредитінде көрініс табады.
Жабдықтардың автомашиналардың, тракторлардың, мүліктердің және басқа да негізгі құралдардың обьектілерін жөндеу шығындары 8030-шы «Көмекші өндірістер» шотында, «Жөндеу цехы» деп аталатын аралық шотында, шығын баптарының мынандай номенклатурасы бойынша есептеледі:
Материалдар – жөндеуге жұмсалған материалдардың, қосалқы бөлшектердің және басқалардың құны. Материалдар өндірістік шығындарға нақты өзіндік құны бойынша қосылады.
Жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу – жөндеу жұмысы үшін есептелген еңбекақы сомасы.
Еңбекақыдан есептелген аударымдар – жұмысшылардың еңбекақысынан белгіленген процентпен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруға, зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған және басқа да қорларға аударылады.
Электр энергиясы, жылу, газ, бу-жөндеу цехтарының технологиялық және басқа қажеттіліктеріне электр энергиясының, жылудың, газдың, будың шығыны;
Қосымша шығындар – жөндеу цехтарының жалпы өндірістік мақсаттағы шығындары (цехтарды басқаруға жұмсалған шығындар, цех жабдықтарының амортизациясы, оны ұстау, жөндеу және басқалар).
1.5. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі
Шаруашылық жасаушы субьект үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа субьектілерден негізгі құралдар обьектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.
Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және т.б. қарастырылады.
Негізінен алғанда, жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім-шарттың жағдайы есепте көрсетілген операцияға да әсер етеді.
Жалгерлік есеп №7 «Жалгерлік есеп» деп аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және сонымен сәйкес жал мерзіміне байланысты қаржылық және ағымдағы болып бөлінеді.
Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.
Жал мерзімі – көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшелінеді және сол жалға алынған мүлік келісім-шартпен рәсімделеді, сондай-ақ кез келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |