1. негізгі қҰралдарды жіктеу



бет3/14
Дата07.01.2022
өлшемі65,9 Kb.
#18406
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Бексұлтан Тайыр ИС-21 КУРСТЫҚ ЖУМЫС

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.

Әр субьектіге негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар мен құрал-жабдықтар; күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машыналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабороториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:

жер – субьект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскелері мүліктік обьекті болып саналады;

үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс обьектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік обьект болып табылады;

ғимараттар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс обьектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар жеке ғимарат мүліктік обьект болып табылады;

өткізгіш тетіктер (қондырғылар) – электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан трансформатор жайына дейін мүліктік обьекті бола алады;

машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабороториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік обьектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік обьекті болып саналады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, обьектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда бірінші кезекте пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін.

Ағымдағы құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Баланстық құн – бұл бухгалтерлік және қаржылық есеп беруде көрсетілген жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негігі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.

Сату (өткізу) құн – бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.

Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.

Амортизацияланған құн - негізгі құралдардың бастапқы және жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субьектінің шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:



  • пайдалы қызметі – бұл кезең ішінде негізгі құралдары пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;

  • нормативтік қызмет кезеңі – бұл кезең ішінде белгіленген нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.

Негізгі құралдарудың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақтылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдалануын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды түгендеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

1.1. Келіп түскен негізгі құралдардың есебін және оның аналитикалық есебін ұйымдастыру

Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; басқа субьектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; обьектілерді ұзақ мрзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді:


  • негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген обьектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал –жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субьектілерге берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субьект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген обьектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше обьектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. обьектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл обьектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы обьектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субьект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.

Алыс-беріс актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субьекті дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылық жүргізуші субектінің есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%–ке дейінгі сомасы алынады.

Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.

Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субьектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.

Негізгі құралдарды басқа субьектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субьектіге қалады (онда бірінші дана негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі – есеп-айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.

Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.

Бухгалтерия келіп түскен обьектіні мтериалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, обьектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады.

Мүліктік карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдардың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада обьектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субьектіге тапсыру кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал обьектілерінің субьект ішінде орын ауыстыруы кезінде «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі», ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың обьектілерін есептен шығаруға «Негізгі құралдар обьектілерін есептен шығару актісі» негіз бола алады. Құрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен обьектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін «Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған обьектілерді қабылдау-тапсыру актілері» негізінде жазылады.

Бухгалтериядағы толтырылған Мүлікті карточкалардың негізінде негізгі құралдардың есебі бойынша жасалатын мүліктік карточкасын Тізімдемеге тіркейді, ол негізгі құралдардың жіктемесі тбойынша бір данада жасалады.

Тіркеу кезінде карточкаларды нөмірлейді, содан кейін негізгі құралдарды жіктік топтары бойынша сақтайды, ал бұл топтар ішінде – қолдану орындары мен материалдық жауапты адамдар және негізгі құралдар түрлері бойынша көрсетіледі.

Картотека, әдетте мынадай бөлімдерден тұрады: «Қолданыстағы негізгі құралдар», сондай-ақ «Ағымдағы айда келіп түскені», «Ағымдағы айда шығып кеткені», «Ішкі орын ауыстырғандағы», «Жөндеудегі», «Қордағы», «Тоқтап тұрғаны», «Жалға берілген негізгі құралдар», «Ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар», «Жалға алынған негізгі құралдар», «Архив».

Ай ішінде «Түскендері», «Есептен шыққандары» және «Ішкі орын ауыстырғандары» бөлімдерінің карточкалары 12-«Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттарында есептелген айналымдармен салыстырғаннан кейін, картотеканың тиісті бөлімдеріне орналастырылады. Негізгі құралдар жөндеуден немесе жалға алушылардан оралғаннан кейін, тоқтап тұруы біткеннен кейін, қордан қолданысқа өткізілгеннен кейін, т.с.с. кейін бұл обьектілердің карточкалары картотеканың тиісті бөлімдеріне салынады. Шығып кеткен негізгі құралдар бойынша картотекаларды «Архив» бөлімшесіне орналастырады. Картотеканың дұрыс жүргізілуі негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысының дұрыс есептелінуіне және тиісті бақылау жасалуына септігін тигізеді.

Субьектінің материалдық жауапты адамын бекітілген негізгі құралдардың барлығы бөлімдер бойынша негізгі құралдардың мүліктік тізімдемелеріне енгізіледі. Тізімдер материалдық жауапты адамдарда сақталады және жедел мақсаттар үшін қолданылады. Негізгі құралдардың құны туралы тізімдердегі және мүліктік карточкалардағы мәліметтер сәйкес келуі керек. Пайдалану орны бойынша негізгі құралдардың есебі мүліктік карточкалардың бухгалтериядан жазылап алынған екінші данасы бойынша жүргізіледі. Бухгалтерияның карточкаларындағы мәліметтер негізгі құралдар қолданылатын жердегі мәліметтермен бірдей болулары керек.

1.2. Негізгі құралдардың кейбір жекелеген түрлерін есептеудің

ерекшеліктері

Жерді тұрақты пайдалану құқығы мен жерді меншік құқығы ретінде есепке алу. Қазақстан Республикасының «Жер туралы» заңына сәйкес жер территориялық кеңістік болып саналады, оның шегінде Қазақстан Республикасының суверенитеті, табиғи ресурстары, жалпыға бірдей өндіріс процесі және территориялық негіздегі кез келген еңбек процнсі белгіленген. Жер өндіріс процесі ретінде еңбек процесінің және экономиканың бірқатар саласының, атап айтқанда, ауыл және орман шаруашылығының қажетті материалдық алғы шарты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер және оның қойнауындағы қазба байлықтар, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікке жатады. Сондай-ақ, бекітілген заңдар негізінде, шарттар мен шектеулерге байланысты жер жеке меншікке берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасында жердің мемлекеттік те, жеке меншік те түрлері бірдей қорғалып және танылады. Кез келген меншік иесі заңға қайшы келмейтін кез келген мәмілені жасауына болады.

Мемлекет меншігіндегі жерден оның учаскелерін:


  • сатуға немесе жеке меншікке тегін пайдалануына;

  • тұрақты немесе уақытша пайдалануына;

  • заң актілерінде қаралған шарттары бойынша жерге деген құқын сатуға болады.

Жерді пайдалану құқы – мемлекет меншігіндегі тұрған жер учаскелерін тұлғалар ұзақ немесе белгілі бір мерзімге, немесе тегін пайдалануына құқығы бар. Жерді пайдалану құқығы: мемлекеттік органдарының актісінің, азаматтық-құқықтық мәміленің және басқа да заңмен қарастырылған кезінде пайда болады.

Өкілетті органдардың беретін жер учаскелеріне құқын куәландыратын құжаттар болып:



  • жерді тұрақты және жер учаскелерін жеке меншікке пайдаланған кезде жерді тұрақты пайдалану құқын және жер учаскелерін меншікке беру құқын растайтын актісі;

  • жерді уақытша пайдалануға құны бойынша беру – жер учаскелерін жалға беру туралы келісім-шарты;

  • жерді уақытша тегін беру – жерді тегін беру туралы келісім-шарты.

Жерді уақытша пайдалануға құқығы мынадай мемлекеттік жер пайдаланушыларға беріледі:

  • ғимараттарға, кондоминиум (қозғалмайтын мүлікке бірыңғай мүліктік кешен ретіндегі меншіктің ерекше формасы) обьектілеріндегі үй-жайларға иелік ететін заңды тұлғаға;

  • ауыл және орман шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғаға;

  • жердің пайдалануын айрықша табиғи аймақтарын қорғайтын заңды тұлғаға;

  • заң актілерімен қарастырылған, басқа да жағдайларда.

Жерді қысқа мерзімді пайдалану үшін 5 жылға дейін, ал ұзақ мерзімді пайдалану үшін 5 жылдан 49 жылға дейін алады. Жерді қысқа мерзімге пайдалану үшін оның пайдалану мақсаты көрсетіледі.

Жерді басқа да құралдармен салыстырғандағы айырмашылығы – шаруашылық айналыстағы жержің тұтыну құны ұтымды пайдаланған кезде тез азайып қана қоймай, сонымен қатар, жақсара түседі. Осыған байланысты жер амортизацияланбайтын болып саналады. Жерді пайдаланушылар мемлекетке жер үшін төлем төлейді. Жеке меншікке немесе жалға берілетін жерлердің төлем мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жыл 16 маусымдағы №210-10 заңымен бекітілген.

Жер телімінің нақты бағалау құнын жеке меншікке берілетін жерлер үшін белгіленген базалық мөлшерлемеге сәйкес, өкілеттілігі бар органдар анықтайды. Елді мекендердің сыртындағы жер учаскелерін бағалау үшін жер үшін төленетін базалық мөлшерлеменің 10% алады.

Әрбір кәсіпорын жердің оперативтік және бухгалтерлік есебін жүргізеді.

Әрбір жер телімі бойынша негізгі құралдарды есептеудің мүліктік карточкалары ашылып, жердің аналитикалық есебі жүргізіледі.

Карточкалар «Жер теліміне құқығын беру, жерді тұрақты пайдалану құқығы туралы Актілерінің» негізінде толтырылады. Карточкада: жер телімінің реттік нөмірі (код); жерді пайдаланушы (толық мекен-жайы); жер телімінің аумағы; жер телімінің пайдалану мақсаты; пайдаланудағы шектеулер және жер телімінің ауыртпашылығы; жер телімінің бөліну мүмкіндігі; «Жер теліміне меншік құқығын беру, жерді тұрақты пайдалану актісінің» берілу негізі және басқа да мәліметтер міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Карточкада, сондай-ақ жер телімінің шектесетіндері (аталған телімі кімдердің жерімен шектесіп жатыр); құнарлылық түрлері, топырақ типтері мен тип тармақтары; жер ақысына түзету коэффициенті; жер телімі және бағалау құны және жерді пайдаланушының ырқы бойынша басқа да мәліметтер көрсетіледі.

1.3. Негізгі құралдаржың тозуы және амортизаиясын есептеу

Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық).

Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен пайда болады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуы техникалық прогреске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуын мынадай факторлар арқылы анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар; технологиялық процесті жетілдіру – жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің номенклатурасын өзгерткенде және жаңартқанда; жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап етуі мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.

Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал- жабдықтар обьектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдықтар обьектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм қорлары, сәулет және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттар және басқа барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды.

Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін білдіреді.

№6-шы «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзім бойына амортизацияланған құнды тарату процесі.

Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.

Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша – шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.

Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.

Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.

Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары,ескерткіш архитектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.

Негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» бөлімшесінің мынандай синтетикалық шоттары: 2421 «Үйлер мен ғимараттардың тозуы», 2422 «Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш тетіктердің тозуы», 2423 «Көлік құралдарының тозуы», 2424 «Басқа негізгі құралдардың тозуы» пайдаланылады.

Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субьектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:

-құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;

-құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);

- жеделдетіп есептен шығару;

-қалдығын азайту жолымен есептен шығару;

-құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.

Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы әдістері пайдаланады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір ғана тәсілі пайдаланылады.

Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субьектінің есептік саясатымен анықталуы тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек.

Ал бюджеттік мекемелер бойынша тозудың есептеу әдісін таңдау құқығы өкілетті органдардың еншісінде болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет