Негізгі құралдарды қайта бағалау. 6 БЕС сәйкес, негізгі құралдың бастапқы құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін обьектілерге қайта бағалау жүргізіледі, содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады. Әрекет етіп тұрған нормативтік актілерге сәйкес, шаруашылық жүргізуші субьектілер заңмен ұштастырылған негізгі құралдардың индексациялауының ережесі мен тәртібі туралы дербес шешім қабылдай алады. Қайта бағалаудың барысында негізгі құралдардың нақты бары мен құрылымы, олардың нақты ағымдағы құны мен тозу дәрежесі туралы дәл және толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында өте маңызды рөл атқарады. Және ол негізгі құралдарды белсенді түрде жаңартуға қажетті инвестициялық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Негізгі құралдарды қайта бағалау техникалық прогресстің дамуын есепке ала отырып, амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заман талабына сай ұдайы өндірісті жетілдіруге қажетті жағдайларды жасап, негізгі құралдарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.
Негізгі құралды қайта бағалауды жүргізу үшін түгендеу комиссиясы сияқты комиссия құрады және кәсіптенген бағалаушыларды шақырады, ал олар сол бағалау күніне сәйкес келетін бағасын шығарады. Қайта бағаламастан бұрын, сол негізгі құралдардың белгіленген тәртіпте түгендеуін жүргізеді. Негізгі құралдарды қайта бағалау үшін, олардың бастапқы құны, қызмет ету мерзімі, техникалық жағдайы қайта бағалаудың ең негізгі мәліметі болып табылады, яғни қайта бағалау кезінде оларды негізге алады.
Шаруашылық жүргізуші субьекті қалауы бойынша өз меншігіне жататын негізгі құралдарын: қоймада тұрған қондыруға арналған құрал-жабдықтарын; аяқталмаған күрделі құрылыстарын қайта бағалауы мүмкін.
Есеп беруде негізгі құралдың мәнін ашу. Шаруашылық жүргізуші субьектінің есеп беруінде келесі ақпараттардың мәні ашылуы тиіс: негізгі құралдың әрбір түрі бойынша бастапқы құны; пайдалануға берілген және есептен шыққан кезі; бастапқы құнының өзгеру себептері; амортизацияны есептеу үшін пайдаланатын тәсілі; есептік кезеңнің басына және соңына жинақталған амортизация сомасы; егер де қайта бағалау жүргізілсе: әрбір негізгі құралдардың ағымдағы құны; бағалауды жүргізудің кезеңі және күні, әдісі, сондай-ақ эксперттік бағалауды кімнің жүргізгені, т.б.
Сондай-ақ, қаржылық есеп беруді пайдаланатындар үшін уақытша пайдаланбай тұрған негізгі құралдың бастапқы немесе ағымдағы құны, міндеттемесі үшін кепілдікке берілген негізгі құралдар, аяқталмаған құрылыстың есептік кезең соңына қалған құны, т.б.
ҚОРЫТЫНДЫ
Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады, олар:
еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар)
еңбек құралдары (станоктар, машиналар) болып бөлінеді.
Қандай да болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады.
№ 6 БЕС бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай-ақ өндірістік емес салада ұзақ уақыт бойы қолданыста болатын материалдық активтер.
Қорыта айтқанда, негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдар бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтакөшіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |