1. негізгі қҰралдарды жіктеу



бет11/14
Дата07.01.2022
өлшемі65,9 Kb.
#18406
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Бексұлтан Тайыр ИС-21 КУРСТЫҚ ЖУМЫС

Қаржылық лизингісі. Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға алу, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:

-лизинг беруші (жалға беруші);

-лизинг алушылар (жалға алушылар) болып табылады.

Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі; онда:

-лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім-шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;

- лизинг алушы келісім-шартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісім-шарттың мерзімі өткен соң, лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.

Лизинг лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді:

-қайтарылатын лизинг – лизингтің бір түрі, онда сатушы осы бұйымды кері қайтарып ала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады;

-банкі лизингі – лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады;

-толық лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады;

-таза лизинг – зизингтің бір түрі, онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады.

Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісім-шартымен, сатып алу-сату келісім-шартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісім-шарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды: келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы; лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері; лизинг нәрсесінің құны; келісім-шарттың әрекет ету мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг нәрсесін суреттеу; лизинг нәрсесін ұстау мен жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинго нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; лизинг келісім-шарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісім-шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг-алушының алдында сатып алу-сату келісім-шарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс. Лизинг алушының да, лизинг берушінің де сатушымен қарым-қатынасы, ынтымақтастықтан кредиторлар ретінде жүреді.

Лизинг бойынша марапаттау өз кезегінде екі әдісті пайдаланады: не өсіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін, немесе алдын-ала қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін.

1.6. Негізгі құралдарды есептен шығару,жиынтық есеп

Шаруашылықты жүргізуші субьект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-саймандарды басқа субьектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ баланстан шығарып тастауына болады.

Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде; кәсіпорында, цехтарда немесе басқа обьектілерді техникалық жағынан қайта жабдықтағанда; кеңейткенде жүзеге асады.

Обьектілер толық немесе ішінара жойылады. Субьектінің балансынан жою тәртібіне сәйкес, пайдалану мерзімі біткен, табиғи зіл-залалының және апаттардың нәтижесінде өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе басқа шаруашылық жүргізуші субьектіге беруге болмайтын тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.

Негізгі құрал-жабдықтардың жарамсыздығын анықтау үшін, сондай-ақ қажетті құжаттарды дайындау үшін басшының бұйрығымен комиссия құрамы тағайындалады, оның құрамында бас инженер немесе субьект жетекшісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапкершілігі бар тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік инспекциясының өкілі бар тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құрылады. Негізгі құрал-жабдықтардың кейбір түрлерін баланстан шығарғанда комиссияға арнайы салалық мамандар да қатыстырылады. Айталық, инженер-жылу техниктер, инженер-энергетиктер, инженер-гидрологтар, т.б. мамандар.

Тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар есептен шығарылатын қажетті обьектілермен тікелей танысып, оларды қайта қалыпқа келтіру немесе одан әрі пайдалануға жарамсыздығын; еесптен шығару себептерін, қажетті жағдайда обьектілердің уақытынан бұрын есептен шығаруға кінәлі тұлғаларын; кейбір тораптардың, тетіктер мен материалдардың пайдаланылу мүмкіндіктерін және олардың бағасын анықтайды; негізгі құрал-жабдықтардың есептен шығару актілерін жасайды. Комиссия актілерді дайындағанда төл құжаттарын, этаптық жоспарларын, ақау белгілерінің тізімін, машиналардың апатқа ұшырауы жөніндегі актілерін және тағы басқа қолда бар құжаттарды пайдаланады.

Үйлер мен ғимараттар негізгі құрастырушы бөлшектері тозғанда, қайта қалпына келтіріп жөндеу мүмкін болмаған жағдайда немесе тиімсіз болғанда, тракторлар, автомобильдер, өздігінен жүретін машиналар – тек негізгі тетіктері, тораптары мен агрегаттарының көпшілігі істен шыққанда; көп жылғы ағаштар – биологиялық өсіп-өнуі біткенде, өндірістік мәнін толығымен жоғалтқанда, сондай-ақ оларды пайдаланудың экономикалық тиімсіздігіне көз жеткізгенде есептен шығарылады. Бұл кезде субьектілер үйлерді, ғимараттарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа мүлікті қалыптық пайдалану мерзімі біткенге дейін ұстайды, апаттар мен табиғи зіл-заланың нәтижесінде жарамсыз болған жағдайда ғана есептен шығарады.

Обьектіні есептен шығарған кезде, оған қысқаша сипаттама беріледі және оның есептен шығу себептері, негізгі запас бөлшектерінің жағдайы көрсетіледі және олардың жөндеуге жарамдылығы да айтылады. Егер де обьект табиғат апаттарының, аварияның және тағы басқа да күтпеген жағдайдың салдарынан есептен шығарылатын болса, онда актіге қоса тиісті құжаттары да бірге тіркеледі. Актіні кәсіпорын басшысы бекітеді. Тек бекігеннен кейін обьектіні жоюға кіріседі. Жоюдан алынған запас бөлшектері пайдалануы мүмкін болатын бағасы бойынша құндылықтар тиісті шоттар бойынша кірістеледі.

Негізгі құралдарды есептен шығарудың қабылданған тәртібін бұзған жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау анықталса, онда оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.

Басы артық, пайдаланбайтын құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, приборларды, құрал-саймандарды, мүлікті заңды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады.

Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға беру кезінде екі дана етіп акт дайындалады. Акт негізінде мүліктік түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгендеу тізіміне негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады.

Негізгі құралдар субьектінің өз ішінде орын ауыстыруы кезінде , орын ауыстыру актісімен рәсімделеді. Оның негізінде негізгі құрал-жабдықтардың бір орыннан екінші орынға көшуі туралы обьектілердің тұрған жеріндегі мүліктік түгендеу тізімдеріне және мүліктік түгендеу карточкаларына белгі соғылады. Негізгі құралдар шаруашылық ішінде орын ауыстырғанда 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесі шоттарының дебеті мен кредиті бойынша бухгалтерлік жазулар жазылады.

Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға түседі де талдамалық есеп тізімдемесіне жазылады.


1.7. Негізгі құралдарды түгендеу,қайта бағалау және есеп берудің

мәнін ашу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет