1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келтіру.Құнды және құнсыз белоктар


Теломерлер, теломеразалар, маңызы



бет15/38
Дата04.12.2022
өлшемі209,1 Kb.
#54691
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
36.Теломерлер, теломеразалар, маңызы.
Теломера — хромосоманың екі иығының ұшындағы бөлігі, теломерлік ДНҚ мен белоктардан құралған. Барлық адамдар мен омыртқалылардың хромосомаларындағы теломерлік ДНҚ TTAGGG нуклеотидтердің біртекті (монотонды) қосылысынан тұрады. Теломерлерде ешқандай генетикалық ақпарат болмайды, сондықтанда теломерасыз олардың біршама бөлігі түсіп қалған кезде де геном бірқалыпты қызмет ете береді. Теломерлердің негізгі қызметінің өзі де осы болса керек, яғни олар геномның маңызды бөлігін толық репликацияланбаудан қорғап, буферлік қызмет атқарады. Теломерлердің қызметі:1)механикалық,тұрақтандырушы,гендердің экспрессиялануына әсер етуі,есептеу қызметі.
Теломеразалар – жасушаның әр бөлінуінде қысқарған хромосома ұштарын қалпына келтіруші фермент. Барлық жасушаларда ДНҚның толық репликацияланбаған учаскелері қалпына келуі қажет. Бұл қызметті теломеразалар атқарады. Теломеразалардың қызметі: қысқа , жаңадан синтезделген тізбекті ұзартпай, ескі матрицалық ұзын тізбекті ұзартады.
37.м-РНҚ, оның бірінші, екінші, үшінші реттік құрылымдары, генетикалық кодтың қасиеттері.
Динуклеотидті жазу.
Ақпарыттық РНҚ сирек жағдайда матрицалық РНҚ (мРНҚ) деп те аталады, өйткені информациялық РНҚ-да, матрицадағыдай, полипептид синтезделеді. мРНҚ молекуласы тиісті гені барДНҚның белгілі учаскесінде синтезделеді және солгенніңкөшірмесін дәл түсіріп алады. Осындан кейін
мРНҚядроданцитоплазмағашығады
да,рибосомаларменқосылады,ақуызсинтезі осылайша басталады.
Генетикалық код — тіріорганизмдергетәннуклеинқышқылдарымолекуласындағытұқымқуалаушы(генетикалық) ақпараттыңнуклеотидтертізбегі түріндегі біртұтас “жазылу” жүйесі. Бұл — барлық тірі организмдерге ортақ заңдылық. Генетикалық код бірлігі —ДНҚменРНҚмолекуласындағы 3 нуклеотид (триплет)тізбектерінен тұратын кодон (аРНҚ нуклеотидтерінің триплеттері) болып табылады. Триплеттілігі - генетикалық код бірлігі - ДНҚ мен РНҚ молекуласындағы 3 нуклеотид (триплет) тізбектерінен тұратын кодон (аРНҚ нуклеотидтерінің триплеттері) болып табылады. Гендегі кодондар тізбектегі осы гендік кодтайтын ақуыздағы амин қышқылдар тізбегін анықтайды. Арнайлылығы кез-келген кодон нақты бір амин қышқылын анықтайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет