Гистондар — хроматинде кездесетін ақуызар. Аргинин мен лизинге бай, сондықтан сілтілік қасиеті бар. Молекула саны 11000— 21000. Хроматин құрылымы тұрақтылығын сақтайды, нуклеин қышқылдарын түзуде реттеушілердің бірі болады, мембраналардың жоғары молекулалы қосылыстарды өткізу қабілетін жоғарылатады. Қасиеттері Бұл ақуыздар негіздік қасиет көрсетеді, олардың құрамына негізінен лизин мен аргинин (20-30%) кіреді. Гистондар екінші реттік құрылым ғана түзеді, олардың молекулалық салмағы жоғары емес (11000-24000) құрамындағы лизин мен аргининнің сандық мөлшеріне байланысты, гистондардың бес түрі белгілі: H1, Н2а, Н2в, Н3, Н4.
Протаминдер, қасиеттері, маңызы, аминқышқылдық құрамының ерекшелігі,ағзада таралуы.
Протаминдер — жануарлар топтарының көбінде сперматозоидтың ядросына кіретін қарапайым ақуыздар. Қасиеттері Ақуыздардың құрамына кіргіш амин-қышқылдарының 6085% аргининнен тұратындықтан, протаминдер өте жоғарғы негіздік қасиет көрсетеді. Олардың молекулалық салмағы төмен, 4000-12000 аралығында болады. Протаминдер ұрықтардың хроматинінің ДНҚ-сымен байланыс түзеді. Осы ақуыздар негізінен барлық сперматозоидтарында кездеседі. Кейбір протоминдер, өздерінің алыну көзіне байланысты аталады. Мысалы: лосось ұрығынан алынған протаминдер сальмин, селдь ұрығынан — клупейн, форель ұрығынан — труттин, скумбрия ұрығынан — скумбрин деп аталады.
20.Гистон және протаминдердің қасиеттері мен маңыздылығының айырмашылығы мен ұқсастығы. Ажырату әдістері. Гистондар — хроматинде кездесетін ақуызар. Аргинин мен лизинге бай, сондықтан сілтілік қасиеті бар.
Қасиеттері
Бұл ақуыздар негіздік қасиет көрсетеді, олардың құрамына негізінен лизин мен аргинин (20-30%) кіреді. Гистондар екінші реттік құрылым ғана түзеді, олардың молекулалық салмағы жоғары емес (11000-24000) құрамындағы лизин мен аргининнің сандық мөлшеріне байланысты, гистондардың бес түрі белгілі: H1, Н2а, Н2в, Н3, Н4.
Протаминдер — жануарлар топтарының көбінде сперматозоидтың ядросына кіретін қарапайым ақуыздар.
Қасиеттері
Ақуыздардың құрамына кіргіш амин-қышқылдарының 6085% аргининнен тұратындықтан, протаминдер өте жоғарғы негіздік қасиет көрсетеді. Олардың молекулалық салмағы төмен, 4000-12000 аралығында болады. Протаминдер ұрықтардың хроматинінің ДНҚ-сымен байланыс түзеді. 21. Склеропротеиндер, қасиеттері, маңызы, өкілдері. Склеропротеидтер (бұрынғы атауы альбуминоидтар). Жануарлар денесінің сыртқы қабығын құрайтын және қаңқа мен дәнекер тінінде болатын ерімейтін белоктар. Оларға кератин, коллагендер, эластин, фиброин жатады.
Склеропротеидтер немесе тірек белоктар жануарларға тән, олар өсімдік әлемінде целлюлоза атқаратын тірек заттар рөлін атқарады. Суда және тұзды ерітінділерде ерімейді. Олардың көпшілігі пепсин мен трипсинмен бөлінбейді.
Склеропротеидтер реагенттерге өте төзімді. Олар суда, сұйылтылған қышқылдарда және бейтарап тұздардың ерітінділерінде ерімейді. Дегенмен, олар сілтілерге сезімтал, соңғысы, тіпті айтарлықтай сұйылтылған болса да, оларды өзгертеді. Бірақ nx-ті сілтіде ұзақ және күшті қыздырғаннан кейін ғана ерітуге болады.