1. Нәруыздар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері, мысал келтіру.Құнды және құнсыз белоктар



Pdf көрінісі
бет39/45
Дата14.10.2022
өлшемі1,21 Mb.
#43116
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Байланысты:
БиоХим 1рк

81. В
6
витамині, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік 
қажеттілігі, табиғатта таралуы. 
В6 витамині, пиридоксин, антидерматитті. 
Құрылысы/хим.табиғаты: В6 витаминінің негізгі құрылымы -
пиридин сақинасы. В6 витаминінің 3 формасы бар: пиридоксин, 
пиридоксаль, пиридоксамин және бір-бірінен азот атомына пара-
жағдайда орналасқан 4-ші көміртек атомында алкогольдің, 
альдегидтің немесе амин тобының болуымен ерекшеленеді.
Биологиялық әсері: В6 витаминінің барлық формалары 
организмде коферменттер: пиридоксальфосфат, 
пиридоксаминфосфат түзуге жұмсалады. Коферменттер 
пиридоксалькиназа ферменттің және АТФ-ң қатысуымен 
фосфорланады. Пиридоксальдық фермент амин кышкылдарының 
алмасуында негізгі роль атқарады: амин қышқылдарының 
трансаминдену және декарбоксилдену реакцияларын 
катализдейді, жеке амин қышқылдарының алмасу реакцияларына 
қатысады. 
Авитаминозы: Балаларда В6 витаминінің жетіспеушілігі орталық 
жүйке жүйесінде қозудың артуымен, шеткі жүйке жүйесінде 
тырысып қалумен сипатталады, бұл тежеу медиаторы - гамма-
аминомай қышқылының (ГАМҚ) жеткіліксіз түзілуімен 
байланысты. Ересектерде В6 гиповитаминозының белгілері 
туберкулезды ұзак уақыт бойы изониазид препаратымен (В6 
витаминінің антивитамині) емдегенде байқалады. Бұл жағдайда 
жүйке жүйесінің зақымдануы (полиневриттер), дерматиттер, 
стоматиттер және глоссит дамиды. 


Пиридоксаль тапшылығы миокард инфарктына әкелуі мүмкін. 
Тәуліктік қажеттілігі: 2-4 мг 
82. В
12
және В
с
витаминдері, қан жасау процесіне қатысуы, 
авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы. 
Фолацин, фоль қышқылы, Вс витамині 
Құрылысы/хим.табиғаты: Фоль қышқылы 3 құрылымдық 
бөліктен: птеридин қалдығынан, пара-аминобензой қышқылынан
глутамин қышқылынан тұрады.
Биологиялық әсері: Фоль қышқылы тотығу дәрежелері әр түрлі 
бip көміртек радикалдарының тасымалдану реакцияларын 
катализдейтін коферменттердің синтезі үшін субстрат болып 
табылады. Бұл коферменттер пуриндік нуклеотидтердің 
синтезіне, УМФ ТМФ-қа айналуына, глицин, серин, метионин 
амин қышқылдарының алмасуына қатысады. 
Авитаминозы: қан жасалуының бұзылуы және осымен 
байланысты қаназдықтың әр түрлі түрлері (мегалобласттык, 
макроцитарлык анемия), лейкопения дамиды, бой өcyi тежеледі. 
Вс гиповитаминозы кезінде эпителийдің регенерациясы тежеледі, 
әcipece ас қорыту жолдарының бұзылыстары байқалады. 
Витамин ішек микрофлорасында жеткілікті мөлшерде 
синтезделетіндіктен, оның авитаминозы сирек кездеседі. Алайда, 
кейбір ауруларды емдеуде сульфаниламидтік препараттарды көп 
қолдану авитаминозды тудырады. Бұл препараттар - пара-
аминобензой қышқылының структуралык аналогы, олар 
микроорганизмдердеп фоль кышкылы синтезін тежейді.
Тағам көздері: Вс витамині жасыл жапырақты өсімдіктерде: 
шпинатта көп, салатта, 
Орамжапырақта, сонымен қатар томатта, жабайы бүлдіргенде 
кездеседі. Бауыр, ет, жұмыртка сарысы осы витаминге бай. 
Тәуліктік қажеттілігі: 0,3-1 мг 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет