1. «Noname» кофеханасын ашуға арналған банк кредитін алу жоспары жобаның сипаттамасы мен оны іске асырудың мақсаттылығы



бет15/29
Дата02.12.2023
өлшемі2,74 Mb.
#132765
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
Бизнес план каз

Атауы

Сома, теңге

Гранттық қаражат

Меншікті қаражат

Сома, теңге

%

Сома, теңге

%

Күрделі шығындар

-

-

-

-

-

Шикізат сатып алу және айналым қаражаты

-

-

-

-

-

Басты құралдарды сатып алу

3 300 000

3 000 000

90%

300 000

10%

Барлығы

3 300 000

3 000 000




300 000






Нысаналы мақсат



Атауы__Саны__Бағасы,_тг'>Атауы

Саны

Бағасы, тг

Сома, тг

“RoboSchool” жиынтығын және планшеттер сатып алу







3 000 000

Басты құралдарды сатып алу







300 000

Барлығы







3 300 000

Robo Wunderkind” роботтары негізіндегі “Robo School” робот жасау техникасының жиынтығын сатып алуға арналған шығындар:



Атауы

Бағасы

Валюта

Саны

Барлығы, теңге

Ескерту

“Robo School” робот жасау техникасының жиынтығы

2 485 000

Тг

1

2 485 000

Баға ішіне кіреді:
5 “Starterkit”
5 “Advanced kit”
5 “Professional kit”
Оқу бағдарламасы

32 Gb Wifi планшеті

103 000

Тг

5

515 000




БАРЛЫҒЫ










3 000 000




Мына құрал-жабдықтарды сатып алу қажет:

Атауы

Саны

1 бірліктің бағасы, теңге

Жалпы сомасы, теңге

Оқу жиынтығы:
Дөңгелек үстелдер мен орындықтар

10

22 500

225 000

Магнитті тақта 90*120

1

15 000

15 000

Магнитті тақта 90*150

1

20000

20 000

Оқу материалдары

5

8000

40 000

БАРЛЫҒЫ







300 000



2. ӨНІМНІҢ СИПАТТАМАСЫ


Осы бизнес-жоспардың мақсаты: Инвестициялық жоба тиімділігін негіздеу – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға STEM-білім беруді ұсыну. Кәсіпорынның миссиясы – қолжетімді бағамен сапалы қызмет көрсету және Нұр-Сұлтан қаласы мен жалпы Қазақстандағы алғашқы STEM орталықтарының бірі ретінде орнығу.
Жоба білім беру қызметінің мына түрлері бойынша сервис көрсететін компания құруды көздейді:

  1. Робот жасайтын техниканың жаңа буынының курстары –“RoboWunderkind” үйретуші роботтар

2015 жылдың қыркүйегінде Қазақстаннан, АҚШ пен Австриядан бас қосқан үш жас Kickstarter краудфандинг сайтында Robo Wunderkind робот жасау техникасының өзіндік конструкторының жобасын іске қосты. 58 елден шыққан сатып алушылар 246 мың доллар жинауға көмектесті, бұл қаражат өндірісті ұйымдастыру және Вена қаласында компанияның офисін ашу үшін жеткілікті болды. Қазіргі күні конструктордың Starter, Advanced және Professional Kit сияқты үш түрі бар. Robo Wunderkind конструкторы LEGO элементтерімен толық сәйкес келеді және ішінде электронды салмасы бар пластик текшелер, дөңгелектер және жалғастырушы элементтер түрінде шығарылады.
Элементтердің бір-бірімен жалғасу принципі мен формасы MODULAR Robotics конструкторының MOSS сериясына ұқсас. Конструктордың басты тетіктері – көлемі жағынан бірдей текшелер, тек реттегіші бар модуль ғана сары түсті қосарланған текше түрінде жасалған. Олар бір-бірімен арнайы жалғастырғыш тетік арқылы біріктірілген. Басқа түстердің де мағыналық жүгі бар. Мотор көк түсті текшенің, сервожетек көгілдір текшенің, датчиктер мен камералар ашық жасыл текшенің, сенсорлар қызыл текшенің ішінде, ал аккумулятор текшесі – қоңыр жасыл, біріктіруші текшелер – сары түсті. Әр жиынтықта LEGO тетіктерін, мысалы, фирмалық «леголық» адамдарды жалғастыруға арналған адаптерлер бар. Конструктор 5 жастан жоғары балаларға арналған, сондықтан өте әдемі, түрлі-түсті етіп жасалған. Құрастырушылардың мақсаты өте кішкентай балаларды бағдарламалауға немесе «кодтауға» үйрету болғандықтан, модельдерді басқару үдерісі өте қарапайым.
Роботты жинап болғаннан кейін iOS немесе Android басқаруындағы смартфонға немесе планшетке орнатылатын Robo App мобильдік қосымшасын белсенді етіп, Bluetooth-ді қосу керек. Бағдарлама модель қандай текшелерден құралғанын өзі тауып, мобильді құрылғының экранында текшелер түрінде көрініп тұратын мүмкін болатын функцияларды ұсынады. Бала бағдарламалаудың қажетті блоктарын таңдап, олардан робот қимылының алгоритмін – тізбек құрса жеткілікті. Бағдарламалау Scratch арқылы қуатталады, оған қоса конструкторды жасаушылар қажет еткендерге API кітапханасының жиынтығы түріндегі бағдарламалық интерфейс ұсынады.
Егер бұрынғы кезде еңбек сабағында қыздар алжапқыш тігіп, ұлдар ағашпен немесе темірмен жұмыс істеген болса, қазіргі кезде бұл тіпті жеткіліксіз. Робот жасау, құрастыру, бағдарламалау, модельдеу, 3D-жобалау және тағы басқалар, әлемдегі барлық оқушыны қызықтыратын, міне, осылар. Осы қызығушылықтарды іске асыру үшін анағұрлым күрделі дағдылар мен құзыреттер қажет. Тек біліп және істеп қана қоймай, зерттеу мен ойлап шығару да керек. STEM (science, technology, engineering and mathematics) дейтін бір сөзбен біріктіруге болатын ғылым, математика, технология мен инженерия сияқты басты академиялық салаларды бірдей игерген жөн. Осы айтылғандардың бәріне RoboWunderkind роботтарының конструкторы негізінде робот жасау техникасы мен бағдарламалауға үйрету арқылы қол жеткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет