1. «Noname» кофеханасын ашуға арналған банк кредитін алу жоспары жобаның сипаттамасы мен оны іске асырудың мақсаттылығы


Нарыққа енудің негізгі тосқауылдары мен тәуекелдері



бет4/29
Дата02.12.2023
өлшемі2,74 Mb.
#132765
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Бизнес план каз

Нарыққа енудің негізгі тосқауылдары мен тәуекелдері
Жобаны іске асыру шегіндегі түйінді тосқауылдар ретінде мыналарды атауға болады:
- Қаржыландыру көздеріне қолжетімдік.
- Ұзақмерзімді келісімшарттар мен іскерлік байланыстар.
- Белсенді маркетинг
- Әкімшілік тосқауылдар


Бірегей сауда ұсынысы (БСҰ)
«Noname» кофеханасы – Америкадан келген «workshopcafé» түріндегі мекеме мен кофеханның симбиозы. Мекеменің негізгі өнімі – кофе және шай сусындары, десерттер, сендвичтер, сорпа мен салаттар. Сонымен қатар іскерлік әдебиет әуесқойлары үшін кітап дүкені де жұмыс жасайды.
Жақсы кофехана кофе сусындарының мол түрімен, сондай-ақ кофенің бірнеше сортымен ерекшеленеді. Мекемелер меймандарына қуырылған әртүрлі дән мен хош иістендірілген кофе сортын ұсынады. Сондай-ақ меймандардың кофені шығарған елі мен бағасына қарап, таңдап алу мүмкіндіктері бар.
Кофехананың ерекше сауда ұсынысы – клиентке үстел брондау, алдын ала тапсырыс беру мен пікір қалдыру мүмкіндігін беретін ұялы қосымшаның бар болуы.
Сонымен бірге клиент тап сол күнгі персонал құрамын да қарай алады. Осылайша, даяшылар да өз клиенттерінің базасын қалыптастыру мүмкіндігіне ие. Бұл, өз кезегінде, шайпұл түріндегі жақсы сыйақы алу мүмкіндігін береді.
Жобаның интерьері ерекше. Кофехананы ашудың негізгі идеясы – демалысқа арналған жайлы орын жасау. Қажеті жоқ қарбаласты сыртта қалдырып, клиент дәмді сусын мен авторлық ас мәзірін өзіне ұнайтын жандармен бірге рақаттана іше алады. Бұған мекеменің қайталанбас интерьері де ықпал етеді.
«Noname» – достық, романтикалық және әскерлік кездесулер орны, бұл жерде жұмыс жасауға, ойлануға, кітап оқуға немесе өзімен-өзі оңаша қалуына болады. Кофеханаға келушілер – кәсіпкерлер, фрилансерлер, студенттер, офис қызметкерлері. Біз адамдар жұмыстан немесе үй мен үй шаруаларынан бос уақытта келе алатындай «үшінші» бір орынды жасағымыз келеді. Жұмыс істеу үшін келген адамдарға ыңғайлы және жағымды жағдай жасау үшін мекемеде жылдам вайфай және әр үстелдің жанында тоққа қосқыштар орнатылады.


БСҰ кестесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет