1. «Noname» кофеханасын ашуға арналған банк кредитін алу жоспары жобаның сипаттамасы мен оны іске асырудың мақсаттылығы


Мәзірді безендіру және тағамдардың авторлық берілуін ұсыну



бет6/29
Дата02.12.2023
өлшемі2,74 Mb.
#132765
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Бизнес план каз

Мәзірді безендіру және тағамдардың авторлық берілуін ұсыну кофеханаңызды клиент үшін бірегей етеді. Бұл үшін біз сіздің тағамдарыңызды мәзір фотосуреттерінде тәбетті тартатындай ұсынатын жақсы фотограф жалдаймыз.
Сатылымдарды ынталандыру жарнама мен жеке сатудың тиімділігін арттырады:
- интернет-сайттар: әлеуметтік желілер, www.slando.kz, www.olx.kz., www.edimdoma.kz, emenu.kz, kura.kz, edok.kz, myspace.kz, indriverfood.kz, restoran.kz, www.kps.kz компаниялар бизнес-анықтамалығы;
- дәмхананың ашылуына жақын радио, «Выбирай» секілді ақпараттық анықтамалардағы жарнама;
- сайтты алға жылжыту және интернеттегі ақылы мәнмәтіндік жарнама (жарты жылға);
- «Нұр Сұлтанда тамақтану» деген түйінді сөздерімен PR-мақалаларын жазу.
Шамамен 1,5 жылда ақпараттық сайт жасалады және сайттың жылжытылуы ЅММ және ЅЕО арқылы жүзеге асырылады.
Мақсатты аудиториямен байланысудың негізгі нүктесі әлеуметтік желілер болады. Әлеуметтік желілер біз үшін өз өніміміз туралы хабарлаудың, мақсатты аудиториямен жанды қарым-қатынас жасаудың, соның ішінде, бастысы, басқа жарнамалық арналармен салыстырғанда клиенттермен салыстырмалы түрде арзан байланыс орнатудың жолы. Әлеуметтік желілердегі жарнама аудиторияның әлеуметтік және психологиялық портретіне сүйене отырып, әрбір әлеуметтік желі үшін жеке әзірленеді. Бастапқы кезеңде біз Facebook, Instagram және Вконтакте сияқты 3 танымал әлеуметтік желіні бөліп шығарамыз.
Аудиторияның қамтылуын арттыру үшін Google және Яндекс іздестіру желілерінің контекстілі-медиялық желісінде баннерлік жарнаманың көрсетілуін пайдаланатын боламыз. Енгізілген іздеу жүйелерінің құралдары орналастыру орындарын көрсету үшін (белгілі бір сайтты немесе ұялы қосымшаны таңдау), сондай-ақ пайдаланушылардың мүдделері мен олардың іздеу сұраныстардың тарихы бойынша жарнаманы ыңғайлы таргеттеуге мүмкіндік береді.
Іздеу жүйелерінің каталогтарына тіркелу: Google, Яндекс.каталог, Рамблер Top 100, DMOZ (AOL) каталогы, Апорт каталогы, Mail.ru каталогы, Yahoo каталогы және басқалары;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет