1-нұсқа Тыңдалым Мәтінді мұқият тыңдап, ұлттық идеяның төртінші құндылығын анықтаңыз



бет2/2
Дата16.05.2023
өлшемі22,5 Kb.
#93790
1   2
Байланысты:
ТЖБ 8-сынып 4-тоқсан

р/с



Ақпараттар

Сәйкестендіру

р/с

Ақпараттар

1

Мәңгілік ел




А

мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр

2

Жаңа ҚазақстандықПатриотизмнің идеялық негізі




В

жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.

[1]
3. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы туралы тезистер мен дәлелдер келтіре отырып, ойыңызды жеткізіңіз.





Тезис

1-дәлел

2-дәлел

3-дәлел













[3]



Оқылым

  1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіннің жанрын анықтаңыз.



Қазақтың айтыс өнері (кеше)
Айтыс өнері – ғасырлармен қанаттасып, дәуірлермен үндесіп, заманамен тілдесіп келе жатқан кемел дүние. Ауыз әдебиетінің жарқын мұрасы. Түркі жұртының, оның ішінде қазақ пен қырғыздың төл өнері болып табылатын сөз сайысының, әсіресе, ұлтымыздың біртұтастығы мен саяси өміріне де зор ықпал еткені анық. Деректерге сүйенсек, тарихтағы қалыпқа түскен, келешекке жеткен алғашқы айтыс Асан Қайғы мен Қотан жыраудың арасында болған екен. Хронологияға салсақ, шамамен ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың орта шенінің аралығы сияқты. Уақытынан гөрі бес-алты ғасыр бұрын болған айтыстың бүгінге ескірсе де емен қалпын сақтап, өңін бұзбай жеткені маңызды.
Қазақтың айтыс өнері (бүгін)
Алашты әлемге паш еткен қазақтың қаранар жазушысы, көрнекті ғалым, фольклор зерттеушісі Мұхтар Әуезов «Айтыс – сөз барымтасы» деп бекерге айтпаса керек-ті. Ұлтымыздың төл өнерінің бүгінгі жай-жапсарына үңілсек, кешеден сарқыт боп жеткен мұраның күнгей де көлеңкелі жақтары бой көрсетеді. Әйткенмен әліге дейін бұқара жұрттың шері мен шеменін, көкейдегі сан сауалдың себебін қозғаудан танбай келеді айтысымыз. Баршамыз бұқаралық ақпарат құралдарын төртінші билік деп әспеттейміз, ал ертедегі айтыстың орны мен маңызы да дәл сондай ерен болған дейді зерттеушілер мен тарих тәмсілдері. Жалпақ тілге салғанда хан мен қараның арасындағы «алтын көпір» іспетті. (178 сөз).

1-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.


Тақырыбы_____________________________________________________________


Идеясы _______________________________________________________________
[2]
2.Мәтінді оқып, жанрын анықтаңыз.
A) әңгіме
B) роман
C) мақала
D) өлең
E) поэзия
[1]

3.Ауыз әдебиетінің жарқын мұрасы туралы берілген ақпаратты анықтап, 2 аргумент жазыңыз.


Ақпарат:______________________________________________________________
Аргумент: ____________________________________________________________
[2]
Жазылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап, шағын мақала жазыңыздар. Тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыздар. Сөз көлемі: 100-120 сөз.



  1. Қазақстан - Байқоңыр - Ғарыш

Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Т.Әубәкіровпен сұхбат жүргізіп, жазыңыз.

2. «Мәңгілік елдің нұрлы жолы!»


«Бүгінгі студенттер мен мектеп оқушылар «Қазақстанның іргетасына қаланған әрбір кірпішін білуге тиіс».

3. Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті.


«Сүйінбай мен Қатаған айтысы – айтыс өнерінің үздік мұрасы».
[10]


Айтылым

Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша монолог дайындаңыз (8-10 сөйлем).


Сөз ішіндегі, сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріңіз.


Ұсынылатын тақырыптар:



  1. 2050-жылы Ресейдің Байқоңырды жалға алу мерзімі аяқталады. Соған байланысты оны одан әрі қолдануға жоспар ұсыныңыз.

  2. Айтыс әлі күнге дейін өзектілігі мен өзіндік құнын жоғалтқан жоқ.

  3. «Мәңгілік ел» стратегиясы елімізді болашаққа жетелейді.

[10]

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет