1 Облыстың оэк салаларындағы ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу



Дата01.07.2023
өлшемі41,72 Kb.
#103922
Байланысты:
Rsgul


Жоспар:

Кіріспе : ………………………………………………………………….3




1 Облыстың ОЭК салаларындағы ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу………………………………………………………….5




1.1 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы ғылыми-техникалық прогресс және энергия үнемдеу…………………………………………6




2. Тұрғын үй және ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу…………………………………………….7




2.1 Тұрғын үй мен азаматтық құрылыстағы ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу……………………………………………………8




2.2 Ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу…………………………………………………………..9




2.3 Бәсекелес кіші энергетиканың пайда болуының негізгі алғышарттары…………………………………………………………….10




3. Энергия үнемдеудегі негізгі бағыттар:………………………………12




3.1 Автомобиль көлігіндегі ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу……………………………………………………………………14




3.2 Құралдарды және энергия ресурстарының шығынын есептеу мен реттеу жүйесін қолдану………………………………………………….15




3.3 Шағын энергетика және оның энергия үнемдеумен өзара байланысы………………………………………………………………..16




Қортынды…………………………………………………………………18




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………...................................19





Кіріспе
Энергияны үнемдеу – энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға арналған көлімнің кешені және іс-әрекеттері. Мысалы отын және энергияларды үнемдеуде табысқа жету оларды рациоланлды түрде қолдану қымбат энергоресурстар мен тапшы энергия тасушыларды басқа тиімді және арзан энергия көзімен алмастыру (мұнайды көмірмен, дәстүрлі емес жаңартылатын энергия көзімен т.б. алмастыру). Бұл өлшемдер құқықты, ұйымдасқан, ғылыми, өндірісті, техникалық, экономикалық болуы мүмкін.


Энергияны үнемдеу- өндірілмейтін отын, электр энергиясы, жылу, механикалық энергия шығындарын төмендету мақсатында қолданылатын өлшемдерін жүзеге асуын қорытындылау.
Энергияны рационалды қолдану - әлеуметтік, саяси, қаражат аз жағдайда, қоршаған ортаны қорғау есебінде энергияны тұтынушыларға ең тиімді жолмен тарату.
Энергия сыйымдылығы (energy content) - өнімді өндіру және жұмысты орындау кезінде (өнімді өндіру жұмыс істеу кезінде өлшенеді) тұтынылатын (тура және жанама түрде) энергия мөлшері.
Энергия мөлшері өндірілген өнімнің немесе орындалған жұмыстың бірлігімен анықталады.
"Энергия сыйымдылығы" термині көбінесе энергияның салыстырмалы шығыны ақшалай есептелген кезінде қолданады (ұлттық шығыс, өндірілген өнімніңқұны т.б.).
Энергтикалық тізбек – біріншілік энергоресурстың өндірілуінен соңғы энергияны қолдану кезіндегі энергия ағынымен сипатталады. Энергияның бір түрден екінші түрге айналуы бір немесе бірнеше энергетикалық тізбектен тұрады.
Энергетикалық ағын – энергия шаруашылығындағы энергоресурстардың энергия көзінен тұтыныстағы энергия бағытына қозғалуы; осы қозғалыс энергоресурстарды ауысуы мен сақталуын және олардың мөлшерінің өзгеруін немесе сапалы жағдайын сипаттайды.
Энергетикалық каскад – біртіндеп бір немесе бірнеше технологиялық процестерде қолданылатын энергтикалық ағын. Ондағы технологиялық процестен қалған энергия энергияны оптимальді түрде тиімді қолдану мақсатындағы процеске келіп түседі. Осы жағдайда жылу туралы айтатын болсақ, әрбір технологиялық процестегі энергияға түскен энтропияның өсуі, оның энтальпиясының кемуіне сәйкес.
Энергияны үнемдеуге кеткен салыстырмалы шығындар – жылына өндірілген өнімнің сапасы мен мөлшерін өзгертпей энергия бірлігін үнемдеуге арналған шығындар.
Энергияны пассивті үнемдеу
Жылуоқшаулағыш – тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, жылулық өнеркәсіптік қондырғыларды, құбырөткізгіштерді жылу шығынын төмендетуге арналған қоршщаған ортамен қажетсіз жылу алмасудан қорғау. "Жылуоқшаулағыш" терминін жылуоқшаулағыш материалдар мұздатқыш камерасында суық шығынын оған кемітіп, жылуға айналдыру үшін де қолданылады.
Жылуөткізгіштік – энергияның әркелкі қыздырылған ортада жылу формасына ауысуы жүретін жылу алмасу түрі. Жылуалмасудың осы түрі атомды-молеклярлы сипатта болады (ортаның макроскопиялық қозғалысымен байланысы жоқ). Газдағы жылу өткізгіштік энергиясының ауысуы ретсіз қозғалған молекула түрінде болады, ол металда өткізгіштің негізгі электроны түрінде, диэлектрикада – бөлшек толқынының есебінде түзілетін кристалдық тор түрінде болады. Бұл термин жылу оқшаулағыш деңгейін көрсететіндердің бірі.
Жылуберу – екі жылу тасымалдағыш арасындағы, оларлы қатты қабырғаға немесе олардың арасындағы бөлік бетіне бөлетін жылу алмасу. Жылуберудің қарқындылығы (интенсивтілігі) жылу беру коэффициентімен сипатталады. Ғимараттардың қабырғасы, төбесі және басқа бөліктері арқылы берілген жылуды ғимараттың термодинамикалық сипаттамасы арқылы анықтайды.
Жанама термодинамикалық тиімділік – күн сәулесі ғимаратынан және жылудың кез келген көзінен, мысалы осы ғимараттың ішіндегі адамдардан, түссіздендіргіш құбырлардан және тағы басқалардан алынған жылу мөлшері. Бұл термин ғимараттың энергетикалық тиімділігін есептегенде қолданылады. Жанама термодинамикалық тиімділік – егер ғимараттың жылу жүйесі ішкі температураны реттейтін автоматтандырылған жүйемен жабдықталса, онда отын мен энергияны үнемдеуі мүмкін.
Энергия үнемдейтін ғимараттар – жылуға, ауаны шартқа сәйкестендіруге, жарыққа және ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған энергетикалық сұраныс сатылатын энергияны аз қолдану кезінде қанағаттанатындай жағдайда салынған ғимараттар. Бұл ғимараттарды энергия шығыны аз болған жағдайда да қолдана беруге болады. Осындай "энергия үнемдейтін ғимраттардың" көптеген түрелері бар.
Жылу мен ауаны шартқа сәйкестендіру бағдарлама жүзінде басқару (program controlled heating and airconditioning) – ғимараттардағы жылу мен ауаны шартқа сәйкестендіру жүйесін бағдарламаға сәйкес автоматты басқару. Бұл бағдарлама аз шығындалған энергия жағдайында ғимараттағы адамдар өздерін жайлы сезіну үшін ертеректе жасалған, ал сол кезде ғимараттарда адамдар болмаса, онда жылу мен ауаны шартқа сәйкестендіру автоматты түрде төмендеп отырады.
Жүктеменің реттелуі – жүктеменің реттелуінің кез келген әдісі тұтыну қондырғысындағы жүктелуі, әсіресе энергожүйенің толықтай жүктелуінің кез келген әдісі. Жүкметені реттеу үшін арнайы құралдар, мысалы, жылуөлшегіш, шектік периодтағы жүктемелі өлшегіштер қолданылады. Сонымен қатар арасында жіберілген үзілістердің және энергияны азайтудың шектеулі тарифтері мен келісімдері қолданылады. жүктеменің реттелуі кейде – шектік режимнен тыс уақытта өндірілетін және жүктеменің шекті өту кезінде тұтынушыға берілетін жылу мен энергияның топтастырылуын қамтамасыз ету арқасында біраз мөлшерге артады.

  1. Облыстың ОЭК салаларындағы ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу

Бағдарламада облыстың ең маңызды салалары үшін энергия үнемдеудегі ғылыми-техникалық өрлеудің негізгі бағыттары жасалды.
Облыстың ОЭК салаларындағы ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу
Энергия үнемдеу мәселесі кешенді және оның шешілуі техника мен технологиядағы ғылыми-техникалық өрлеудің басым бағыттарымен қатар жүзеге асырылуы тиіс.
Салалар бойынша ғылым мен техника дамуының басым бағыттарының ҚР Үкіметімен жасалған тізбесіне енеді:

  • геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру;

  • қиын алынатын қорлары бар кен орындарын өңдеу тиімділігін арттыру;

  • қалдық қорлары бар кен орындарын өңдеуге дейінгі тиімділігін арттыру;

  • құбыр желісінің тоттанғыш беріктігі мен сенімділігін арттыру;

  • электр энергетиканы басқарудың тиімділігін арттыру;

  • кәсіпорындарда, коммуналдық және ауыл шаруашылығында органикалық отынның барлық түрлерін пайдалану тиімділігін арттыру;

  • жылумен қамту жүйесін басқару мен жұмыс істеуінің сапасын арттыру;

  • жылу желілері құбырларының ұзақ уақыттығын, тоттанғыш беріктігін арттыру;

  • жылу шығынын төмендету;

  • орталықсыздандырылған жылумен қамту тиімділігін арттыру.

Түсті металлургиядағы ғылыми-техникалық өрлеуді қажетті техникалық құралдармен, материалдармен, жабдықтармен қамтамасыздандыру оның басты шарты болып есептеледі.
Электр энергияны бақылайтын және есептейтін қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйені (ЭБЕҚАЖ) ШҚО энергия жүйесіне қолдану энергия үнемдеу көзқарасы жағынан аса өзектісі болып есептеледі. Сондай-ақ электр энергияның жұмсалуын есептейтін қазіргі заманғы құралдармен нарық қатысушыларын жабдықтау бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда.
Қазіргі уақытта электрмен қамту облыстың көптеген елді мекендерінде электр желілері бойынша орталықтандырылып жүзеге асады, соның ішінде облыстың барлық қалаларын. Электрмен қамтудың орталықсыздандырылған секторында 37 елді мекен бар. Елді мекендерді 2015 жылға дейін орталықтандырылған электрмен қамтуға аудару бағдарламасымен барлық елді мекендерді аудару алдын ала қарастырылады. Кейбір елді мекендер үшін автономиялы электрмен қамтуды сақтау болжанады, оның үстіне жеке елді мекендерде дизельдік отынды үнемдеу мақсатында электрмен қамтудың дәстүрлі емес көздерімен – желдік- және гидроэнергетикалық қондырғылар мен жылу сорғы қондырғыларын және құйындық жылу генераторларын қолдану ұйғарылуда.
Облыс электр энергетикасындағы энергия үнемдеудің негізгі бағыттары:
- электр станциялардағы электр және жылу энергиясын өндіру үшін жанғандағы отынды үнемдеу;
- тиісті көліктік жүйелердегі электр және жылу энергиясының шығынын оңтайландыру есебінен энергия тасымалдаушыларды үнемдеу;
- электр және жылу энергиясын өндіру мен таратуды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі;
- энергия тасымалдаушыларға дифференциалды тариф жүйесін жасау;
- қайта қалпына келтіруге және технологиялық қайта жарақтандыруға жататын қолданыстағы электр станцияларда қазіргі заманғы аса үнемді жабдықты енгізу;
- реактивті энергияны өндірудің, берудің және тұтынудың балансын енгізу.
1.1 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы ғылыми-техникалық прогресс және энергия үнемдеу
ТКШ-ның (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың) жылумен қамту жүйесіндегі энергия үнемдеу.
Шығыс Қазақстан облысының қалалары бойынша жылумен қамту жүйесі мен жылу көздері жағдайының анализінен мынадай түйін жасауға болады:
- ұсақ қазандықтардың орасан зор саны;
- пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) төмен жылу генераторлары;
- жылу желілерінің едәуір ұзындығы,сапасыз оқшауландыру немесе оның мүлдем жоқтығы;
- жылуды реттеудің сапасыздығы немесе мүлдем болмауы;
- отынның орасан зор артық шығыны;
- жылумен қамту жүйесі құрылысының өте төмен сапасы.
Энергия үнемдеу бойынша барлық жұмысты іріленген жоспармен мынадай негізгі бағыттарға бұруға болады:
- тиімді энергия үнемдеуші архитектуралық-құрылыстық жүйеге және тұрғын үй-коммуналдық құрылысында жылу сорғы қондырғыларын қолдана отырып инженерлік жабдықтарға ауысу;
- құралдық бақылауды және жылу мен су тұтынуды реттеуді қолдану, құралдар көрсеткіші бойынша тұтынылған ресурстарға арналған өзара есеп айырысуды ұйымдастыру;
- энергия үнемдеу процесін ынталандыратын экономикалық механизмді құру;
- энергетикалық ресурстарды үнемдеуге бағытталған тарифтеу, стандарттау, сертификаттау, метрология жүйелерін толық жетілдіру;
- аз қуатты қазандықтарда үрлеумен жұмыс істейтін қазандықтарды көбінесе пайдалану;
- өндірістік процестерді жоғары деңгейде автоматтандыру;
- жылумен қамту жүйесінің құрылысы мен пайдалануды әрекеттегі нормалар мен ережелерге сәйкес жүргізу;
- қазіргі заманғы жылылықты сақтайтын жабындары бар құбырларды пайдалану.

2 Тұрғын үй және ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында өткізілуі тиіс шаралар тізімі
- судың көтерілуі мен апарылуы, шаруашылық-нәжістік ағындыны қабылдау мен өңдеу бойынша өндірістің энергия сыйымдылығын қысқарту үшін өндірістің (технологиялық жабдық, құбыр желілері) негізгі құралдарын жетілдіру және жаңалау;
- Қазан жабдығының пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК) көтеру. Өндірістік цехтарда энергия үнемдеуші технологияларын кеңінен қолдану қажет.
- ЖСҚ қолдану. Бу қазандықтарында техникалық қайта жарақтандыру кезінде ЖСҚ мен электр жылытқыштарды қолдану ұсынылады.
- Сорғының электр жетегін реттеу. Ең маңызды шаралардың бірі сорғының электр жетегін реттеу болып табылады.
- Орталық жылу пункттерін (ОЖП) автоматтандыру. Орам желілері тәуелсіз жалғасқан ОЖП-дағы жылытудың жылылық шығынын автоматты реттеуді жүзеге асыру үшін реттегіштен, атқарушы органнан және жылу бергіш температурасының құрылғысынан (сыртқы және дұрысы ішкі ауаның) тұратын жинақтама орнату қажет.
- Жылу санауыштарды орнату.
- Ғимараттарды жылыту. Бюджеттік сала ғимараттарын жылытуға қаржы бөлуді ШҚО бюджетінен қарастыру.
Демек, өндірістің, жылу тарату мен пайдаланудың тиімділігін көтермей ТКШ реформасын (егер оны тұрғындарға арналған жылудың тарифін көтеруге апармаса) жүзеге асыру мүмкін емес.
Есептеу құралын орнату құралдар көрсетуі бойынша жылудың есептік көлем төлемінен нақты көлем төлеміне ауысуға мүмкіншілік береді. Тұрғын үй ғимараттарына есептеу құралдарын орнату тәжірибесі нақты жылумен тұтыну есептеудің тек қана 50-90% құрайтындығын көрсетеді.
Мәселені шешудің кілті – жылумен қамту жүйесінің тиімділігін ұлғайту және оларды пайдаланудың шығынын осы негізде төмендету.
Әр муниципалды құрылуда жылумен қамту жүйесін жаңғырту бағдарламасы болуы қажет. Мұндай бағдарламаның негізгі мақсаты – техникалық, экономикалық, қаржылық және ұйымдастырушылық шараларды орындау арқылы муниципалды тұрғын фондын және бюджеттік саланың жылумен қамтудың демеуқаржысын қысқарту.
Энергия ресурстарын үнемдеуге байланысты сумен қамту және канализация жүйесінің негізгі қорлары сумен қамту, канализация жүйесі жабдықтарының көтеріңкі өнімділігімен және жеке элементтердің қанағаттанарлықсыз жағдайымен анықталады. Қазіргі уақытта қалаларда, кенттерде және аудандық орталықтардағы бір тұрғынға үлесті су тұтыну 15-тен 360 л/тәул. дейінгі шекте жатады, дәл сол уақытта биологиялық негізделген норма 80 л/тәул. аспайды.
Сумен қамту және канализация жүйесіндегі электр энергияның барлық шығындарының ішінен көптеген жағдайларда синхронсызды төмен вольтті электр қозғалтқыштары бар сорғы агрегаттарымен жүзеге асатын суды көтеру мен тасымалдауға арналған шығындар басым орын алады. Сумен қамтудың және канализацияның барлық жүйесі су мен ағынды қашыртқысын әркелкі пайдаланумен шақырылған өте әркелкі гидравликалық режіммен сипатталады. Жүйедегі шығындардың ең көп және ең аз қатынастары аса үлкен маңызға жетеді. Тұтынудың әркелкілігін төмендету сыйымдылықтарды (резервуарлар, тегеурінді мұнаралар және с.с.) реттейтін құрылғымен әдеттегідей жеткізіледі. Өкінішке орай, резервуарлар көлемінің бар қуаттылығы түгел жетпейді, жүйелердің бір бөлігі мүлдем оларсыз жұмыс істейді, сондықтан да тәуліктің көп уақытын жоғары тегеурінді жүйеде ұстауға және сорғылардың жұмысын аңдысқан режімде басқаруға тура келеді.
Көп жағдайларда сорғы агрегаттары өнімділігі бойынша жүйенің қажетсінуінен артады және жартылай жабық ысырмаларға жұмыс істейді. Сорғы агрегаттарының жетегін реттеуші жетекке ауыстыру (электр қозғалтқыштың айналым жиілігін өзгертумен) энергия тұтынуды төмендетуге және жүйелердің пайдалы әсер коэфициентін (ПӘК) көтеруге едәуір мүмкіндік береді.
Электр энергияның бірталай артық шығыны ысыраптың болуынан болады. Апаттар мен құбыр желістердің бұзылған және судың көзге көрінбей ысырап болған шығындары ысыраптың көп бөлігін құрайды.Су құбыр желісіндегі су шығыны тек қана сумен қамту жүйесі элементінің техникалық жағдайымен анықталады және толығымен жойылуы мүмкін болады.
Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен кенттеріндегі сыртқы жарық жағдайы қазіргі заман талабына сай емес. Жарық дәрежесі мен жарық сапасы, әдеттегідей, нормаланғаннан жаман, оларды үнемі күтпегендіктен және тапшылығынан немесе көптеген жарық техникасы бұйымдарының қымбаттығынан жарық беру деңгейінің жағдайы нашар, тұтынатын электр энергияны пайдалану тиімділігі өте аз.
Бұл, ең алдымен, қосып реттеуші және басқарушы аппаратураның болмауымен немесе қанағаттанарлықсыз жағдайымен, сондай-ақ жақсы жарықтың рөлін бағаламаумен байланысты.
2.1. Тұрғын үй мен азаматтық құрылыстағы ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу
Тұрғын үй мен азаматтық құрылыста елеулі энергия үнемдеуге жаңа және қайта қалпына келтіретін ғимараттарда жылылықты сақтау деңгейін ұлғайту есебінен жетуге болады. Жаңа нормативтерге ауысу ғимараттарды жылытуға энергия тұтынуды қолданыстағы энергия тұтынумен салыстырғанда 20-40%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, шыны аралығы шағынжылуөткізгіш газдармен, жылытқыш айналармен толтырылған жылушағылдырғыш жабындары бар шыныпакетті терезелердің жаңа құрылымын қолдану ұсынылады.
2.2 Ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу
Ауыл шаруашылығында ең энергетикалық сыйымды сала – ол егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және транспорт.
Егін шаруашылығындағы энергия үнемдеу бойынша шараларға жатады:
- қысқа ауыспалы егіс айналымына ауысу;
- егін айналымы құрылымында будың үйлесімді мөлшерін пайдалану;
- егін айналымы құрылымында бұршақ дәндес дақылдарды көбейту;
- далалық егін айналымына көп жылдық өсімдіктерді енгізу;
- аралық дақылдарды пайдалану;
- егістердің күтімі кезінде топырақты механикалық өңдеуден химиялыққа ауыстыру;
- сидераттарды, сабанды, шымтезектік көң компосты және басқа жергілікті тыңайтқыштарды органикалық тыңайтқыш ретінде пайдалану.
Қолданыстағы машиналық кешенді пайдалануда органикалық отынды үнемдеу мәселесін үш бағытта шешуге болады:
- бірінші – бұл энергияның дәстүрлі емес жаңартылатын көздерін игеру;
- екінші – энергетикалық қондырғыларды жетілдіруге бағытталған техникалық шешімдер;
- үшінші – агрегаттардың және барлық машина-тракторлық парктің ресурсын үнемдеп пайдалануды қамтамасыздандыратын ұйымдастырушылық шаралар.Шағын энергетика және оның энергия үнемдеумен өзара байланысы
2.3Бәсекелес кіші энергетиканың пайда болуының негізгі алғышарттары мыналар болады:
- шағын электр станцияларды тапсырушыға «кілтпен қоса тапсырып» жеткізу үшін олардың бар болуы;
-облыстың өндірістік кәсіпорындарының электр үнемдеу бойынша меншік резервтік қуаттарын жасау арқылы электр энергия ақысын төмендету ықыласы.
Негізінде Шығыс Қазақстан облысы үшін электрмен қамтуға арналған желдік электр станцияларын, шағын СЭС-тер және жылу сорғыларын салу қарастырылуда.
Электр желілері дамыған энергиялық аудандардағы шағын электр станциялардың болашағы жоқ. Орталықтандырылған энергиямен қамту әлі күнге дейін жоқ шалғайдағы аудандарға шағын электр станцияларын салу мәселесі мүлде басқа мағынаға ие болады, бұл елді мекендер үшін өте маңызды. Мұнда созылыңқы электр желілері тиімсіз және жергілікті энергия көздері ең пайдалысы. Елді мекендерге қазіргі заманғы электр станцияларын салу мәселесі акционерлік қоғамдарды құру арқылы шешіле алады. Желдік энергетикалық қондырғылар бүгін коммерциялық кемелділік деңгейіне жетті және желдің қолайлы жылдамдығы бар алыстағы жерлерде қолданыс таба алады. Елсіз аудандар желдік шама бойынша энергетикалық ресурстарды пайдаланудың келешегі бар аудандарына жатады.
Алыстағы аудандар үшін қазіргі уақытта судың энергетикалық ресурсын пайдаланудың мәні бар. Шағын қуатты (10-30 кВт) микро СЭС-ті тұрмыстық құралдарды энергиямен қамту үшін пайдалануға болады. Микро СЭС пропеллерлі қиғаш су турбинадан, су генераторынан, ағын шығынын реттеуіштен және тоқтың жиілігі мен кернеуін реттеуіштен тұрады. Неғұрлым ірі тұтынушылар – электр беретін желілерден алыс және өзен жағасында орналасқан кенттер, фермаларды автономды энергиямен қамтуға арналған қуаттылығы 50-300 кВт мини СЭС имараты үшін зерттеулер жүргізу қажет.Шағын энергетика және оның энергия үнемдеумен өзара байланысы

3.Энергия үнемдеудегі негізгі бағыттар:


- Облыстағы энергия үнемдеуші қызметтің заңнамалық негізін жасау.
- Аудан құрылымдарына және энергия сыйымды кәсіпорындарға энергия үнемдеу бағдарламаларын жасау.
- Облыс, аудан, кәсіпорын үшін энергетикалық құжаттар жасау.
- Формаларға энергия пайдалану бағыттары туралы, сондай-ақ энергия үнемдеу және олардың тиімділігі бойынша есеп беру кезеңінде өткізілген шаралар туралы тым толық мәліметтерді енгізу есебінен мемлекеттік энергетикалық статистика формасын дамыту.
- Ірі кәсіпорындарда және бюджеттік ұйымдарда энергоаудит өткізу.
- Тұтынушыларға арналған энергия үнемдеу бойынша ақпараттық және консультативтік бағдарламар жасау.
- Энергия үнемдеуге өз жұмыс орындарында жауап беретін кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын жасау. Осы бағдарламалар бойынша сабақтарды үнемі өткізу және ұйымдастыру.
- Облыстық ғылыми-зерттеу орталықтарында энергия үнемдеу саласындағы ҒЗТҚЖ-ны қолдау.
- Техникалық құралдар мен жабдықтарды стандарттау және сертификаттау жүйесімен қамтуды кеңейту. Энергия тұтындырушы жабдықтарға облыстық стандарттар жасау (бюджеттік қаржыға алынуын бақылаудан бастау).
- Энергия үнемдеуді ынталандыратын электр энергияға, жылуға және газға баға белгілеу саясатын жасау, ең алдымен күндіз және түнде шығындалатын электр энергияға дифференциалды тарифтерді енгізу.
-.Энергия үнемдеу жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржылық механизмдер жасау.
- Энергия үнемдеу процестерін қарқындатуда облыс, аудан және АЭК әкімшіліктерінің рөлін күшейту.
- Энергия тасымалдаушылар көлігіндегі шығындарды төмендету.
- ҚР Мемэнергияқадағалау аймақтық органдарының энергия ресурстарын ұтымды пайдаланудағы рөлін көтеру. Сонымен қатар оларды тиісті нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету қажет.
- Аймақта энергия үнемдеудің нормативтік-құқықтық базасын жасау және нормадан тыс шығындарды кәсіпорын қарамағына қалатын кіріске жатқызатындықтан жылу энергиясы шығындарына норма жасау.
- Энергия ресурстарын өлшейтін және реттейтін техникалық құралдарды жасауды, сатуды кеңейту.
- Жасалымды жеделдету және өнімді жақсартылған энергетикалық сипаттамалармен дайындауды ұйымдастыру.
- Энергетикалық қондырғылардың пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК) көтеру.
- Ғимараттардың, құрылыстардың, жылу желілерінің жылытуды оқшаулауын жақсарту.
- Халықтың энергия үнемдеуші тәртібін қалыптастыру.
- Шағын және дәстүрлі емес энергетиканы қолдану бағдарламасын дайындау.
- Энергия үнемдеу саласындағы ғылыми және қолданушы бөлімшелер жұмысына жағдай жасау.
- Энергетикалық декларацияны, яғни ерікті міндеттемелерді қабылдауды ынталандыру.
- Жоғары энергетикалық тиімділікті көрсету аймағын ашу.
- Ауыл тұтынушыларына автономды көздерді пайдалана отырып жылуландыруды жүргізу.
Бюджеттік ұйымдарда және тұрғын үй қорында энергия үнемдеуші шараларды жүзеге асыру осы Бағдарламаның басым бағыттарының бірі болып есептеледі. Бұл бағыттағы жұмысты энергетикалық тексерулерді жүргізуден бастау қажет. Бұдан әрі жылыту энергиясы мен суды есептейтін құралдарды қолдану қажет, құрылыстарды жылыту бойынша аз шығын шығатын шараларды өткізу.
Ұйымдастыру орынды:

  • отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды реттеу жүйелерін қолдануды;

  • жылумен қамту, сондай-ақ ғимараттар және құрылыстар жүйелерінде жылылықты оқшаулау бойынша құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ) талаптарын жүзеге асыруды;

  • жылыту сорғыларындағы канализациялық ағындыдан шығарылатын жылуды пайдалану жүйесін қолдануды;

  • жобалардың және жаңадан қосылған обьектілердің энергетикалық сараптамасын.

Жобаның орны толығу кезеңіне қосу бір жылға энергия үнемдеу жобасын қолданудан үнемделген қаржыны бюджеттік ұйымда қалдыруға рұқсат алу бөлігінде облыс әкімінің қаулысын қабылдау. Бұл қағиданы іс жүзінде пайдалану үшін облыстағы салық қызметімен бекітілген және келісілген бірнеше әдістер болу керек:
- энергия үнемдеуші нәтижені бағалайтын әдіс;
- үнемдеуден алынған қаржыны пайдалану әдісі.
3.1 Автомобиль көлігіндегі ғылыми-техникалық өрлеу және энергия үнемдеу
Шығыс Қазақстан облысының автомобиль көлігінде үлкен энергетикалық шығындар оларды жүргізер алдында қозғалтқыштарын жылыту дайындығына кетеді. Өйткені автомобильдердің көп бөлігі ашық алаңдарда сақталады, сондықтан жүргізер алдындағы дайындық шығындары отынның жалпы шығынының көн бөлігін құрайды. Қозғалтқыштарды жүргізер алдында жылыту дайындығымен байланысты зерттеулер анализі қолданар кезде ең аз шығындармен, пайдалы әсер коэффициентінің (ПӘК) ең жоғарысымен жеке электр қыздырғышы қабілетті екендігін көрсетті. Жылыту көзі ретінде көбінесе қозғалтқыштың салқындату жүйесіне қосылатын жылуалмастырғышта орнатылатын құбырлы электр қыздырғыштар (ҚЭҚ) қолданылады.
Келесі шараларды жүзеге асыру қажет:
- отын (Евро-2, Евро-3) жұмсау саласындағы жоғары стандартқа жауап беретін жылжымалы құрамға өтуді жүзеге асыру;
- бензиндік қозғалтқышы бар автомобиль көлігін дизельдіге ауыстыру;
- ақауларды болдырмайтын және уақытында жөндеуге арналған диагностика станциясының желісін дамыту, ол жылжымалы құрамның техникалық ақауынан отынның көп жұмсалуына жол бермейді;
- жанармай-майлайтын материалдардың сапасын бақылауды күшейту;
- отынның баламалы түрлерінде жұмыс істейтін қозғалтқыштарды одан әрі дамыту және қолдану.
3.2 Құралдарды және энергия ресурстарының шығынын есептеу мен реттеу жүйесін қолдану
Дұрыс мәліметтерге сәйкес тұтынушыларды энергия ресурстарын есептеу және шығындарды реттеу құралдарымен қамтамасыздандыру олардың энергиямен қамтылу шығынын орта есеппен 25-40 %-ға төмендетеді, ал құралдар мен энергия ресурстарын есептеу жүйесін енгізу шығынын өтеудің нақты мерзімі көп жағдайда 0,5-1 жылдан аспайды. Энергия ресурстарын бақылауды ұйымдастыру жұмыстары жоғары рентабельді.
Бағдарламадағы энергия үнемдеу саласындағы ғылыми-техникалық өрлеу бөлігін анықтайтын техникалық шаралар техникалық жаңадан жабдықтау міндеттерін шешуге бағытталған. Бұдан әрі мынаны енгізуді дамыту қажет:
- жылумен қамту процестерін және бөлмелерде температуралық режімді жеке реттейтін құралдарды басқарудың автоматтандырылған жүйесін;
- қолданыстағы ғимараттардың қорғағыш құрылымын жылыту технологиясы және көтеріңкі термиялық кедергісі бар панельдерді шығару;
- жылу сорғылары қондырғыларын.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жылумен қамтуға энергия ресурстардың жұмсалуын 15-20 %-дық үнемдеуге жету үшін қайтадан қосылатын құрылымдарды энергия ресурстарын есептеу жүйелерімен жабдықтау қажет. Бұл жұмыстарды қаржыландыруды облыстық, аудандық және муниципалдық бюджеттен қарастыру қажет.
Бюджеттен тыс саладағы кәсіпорындар өз обьектілерін құралдармен жабдықтау мәселелерін өз бетімен шешу керек.
Тұрғын үй ғимараттарын жылумен қамтуға электр энергиясын пайдалану жөніндегі ғылыми-техникалық ұсыныстарды талқылаған кезде тұрмыстыққа қарағанда қазіргі кездің тұрғын үй ғимаратының жылу жүктемесі энергияны 6-7 есе көп талап ететіндігін көрсететін бастапқы есептеулерді ескеру қажет.
3.3 Шағын энергетика және оның энергия үнемдеумен өзара байланысы
Бәсекелес кіші энергетиканың пайда болуының негізгі алғышарттары мыналар болады:
- шағын электр станцияларды тапсырушыға «кілтпен қоса тапсырып» жеткізу үшін олардың бар болуы;
-облыстың өндірістік кәсіпорындарының электр үнемдеу бойынша меншік резервтік қуаттарын жасау арқылы электр энергия ақысын төмендету ықыласы.
Негізінде Шығыс Қазақстан облысы үшін электрмен қамтуға арналған желдік электр станцияларын, шағын СЭС-тер және жылу сорғыларын салу қарастырылуда.
Электр желілері дамыған энергиялық аудандардағы шағын электр станциялардың болашағы жоқ. Орталықтандырылған энергиямен қамту әлі күнге дейін жоқ шалғайдағы аудандарға шағын электр станцияларын салу мәселесі мүлде басқа мағынаға ие болады, бұл елді мекендер үшін өте маңызды. Мұнда созылыңқы электр желілері тиімсіз және жергілікті энергия көздері ең пайдалысы. Елді мекендерге қазіргі заманғы электр станцияларын салу мәселесі акционерлік қоғамдарды құру арқылы шешіле алады. Желдік энергетикалық қондырғылар бүгін коммерциялық кемелділік деңгейіне жетті және желдің қолайлы жылдамдығы бар алыстағы жерлерде қолданыс таба алады. Елсіз аудандар желдік шама бойынша энергетикалық ресурстарды пайдаланудың келешегі бар аудандарына жатады.
Алыстағы аудандар үшін қазіргі уақытта судың энергетикалық ресурсын пайдаланудың мәні бар. Шағын қуатты (10-30 кВт) микро СЭС-ті тұрмыстық құралдарды энергиямен қамту үшін пайдалануға болады. Микро СЭС пропеллерлі қиғаш су турбинадан, су генераторынан, ағын шығынын реттеуіштен және тоқтың жиілігі мен кернеуін реттеуіштен тұрады. Неғұрлым ірі тұтынушылар – электр беретін желілерден алыс және өзен жағасында орналасқан кенттер, фермаларды автономды энергиямен қамтуға арналған қуаттылығы 50-300 кВт мини СЭС имараты үшін зерттеулер жүргізу қажет.
Аудан әкімдері ұсыныстарының және «Алтайэнерго» АҚ-ның 1994 жылғы тапсырысы бойынша «Қазгидрожоба» институтымен орындалған Облыс аумағында шағын СЭС-ті орналастыру схемасы негізінде шағын СЭС құрылысын орналастыру схемасы жасалды.
Аймақтың экономикалық дамуының болашағы мен энергия ресурстарға қажетсінуі ескеріле отырып, жиынтық қуаты 106 МВт 7 СЭС-тен тұратын шағын СЭС каскадын Күршім өзенінде салу туралы үкімет деңгейінде шешім қабылданды. Жобаның шамамен алғандағы құны 180 млн. АҚШ доллары, аяқтау мерзімі - 2014 жыл.
Қазіргі уақытта республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ТЭН жасауға инвестициялық өтінім дайындалуда. Жобаны қаржыландыруды мемлекеттік-меншіктік серіктестік негізінде жүзеге асыру жоспарлануда.
Энергияның баламалы көздерін қолданудың мақсатқа сәйкестігін анықтау үшін Өскемен қаласының сол жағалауындағы жетім балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-интернатта жылу сорғы қондырғыларын құрастыру бойынша пилоттық жоба облыстық бюджет есебінен орындалды.
Мектеп-интернатта жылу беру маусымы кезеңінде жылу қондырғысының, оның тиімділігі мен үнемділігі ескеріле отырып, жұмыс істеу нәтижесі бойынша бюджеттік сала нысандарында ЖСҚ-ны орнату бойынша бағдарлама жасалатын болады.
Осы мақсатта 2015 жылға дейінгі ШҚО индустриялық-инновациялық дамуының аймақтық бағдарламасын жүзеге асырудың 2006-2008 жылдарға арналған жоспарында бюджеттік сала нысандарын жылумен қамтудың баламалы көздері бар энергия үнемдеу бағдарламасын жасау және енгізу шарасы үшін 50 млн. теңге қарастырылды.
Қорытынды
Бюджеттік ұйымдарда және тұрғын үй қорында энергия үнемдеуші шараларды жүзеге асыру осы Бағдарламаның басым бағыттарының бірі болып есептеледі. Бұл бағыттағы жұмысты энергетикалық тексерулерді жүргізуден бастау қажет. Бұдан әрі жылыту энергиясы мен суды есептейтін құралдарды қолдану қажет, құрылыстарды жылыту бойынша аз шығын шығатын шараларды өткізу.
Ұйымдастыру орынды:

  • отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды реттеу жүйелерін қолдануды;

  • жылумен қамту, сондай-ақ ғимараттар және құрылыстар жүйелерінде жылылықты оқшаулау бойынша құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ) талаптарын жүзеге асыруды;

  • жылыту сорғыларындағы канализациялық ағындыдан шығарылатын жылуды пайдалану жүйесін қолдануды;

  • жобалардың және жаңадан қосылған обьектілердің энергетикалық сараптамасын.

Жобаның орны толығу кезеңіне қосу бір жылға энергия үнемдеу жобасын қолданудан үнемделген қаржыны бюджеттік ұйымда қалдыруға рұқсат алу бөлігінде облыс әкімінің қаулысын қабылдау. Бұл қағиданы іс жүзінде пайдалану үшін облыстағы салық қызметімен бекітілген және келісілген бірнеше әдістер болу керек:
- энергия үнемдеуші нәтижені бағалайтын әдіс;
- үнемдеуден алынған қаржыны пайдалану әдісі.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1.КлючниковА.Д. Энергетика теплотехнологии и вопросы энергосбережения. -М.: Энергоатомиздат, 1986. -128с.
2.Скалкин В.Ф. Энергетика и окружающая среда. - Л.: Энергоатомиздат, 1981.-280с.
3.Степанов B.C. Потенциал и резервы энергосбережения в промышленности. - Новосибирск: СОАН, 1990. -245с.
4.Твайделл Дж, Уэйр А. Возобновляемые источники энергии: - М.: Энергоатомиздат, 1990. - 392с.
5.Экономия энергии - новый энергетический источник. М: Прогресс, 1982. - 284с.
6.Куперман Л.И. Вторичные энергоресурсы и энерготехнологическое комбинирование в промышленности. -Киев: ВШ, 1986. - 302с.
7.Рэй Дж. Экономия энергии в промышленности. - М: Энергоатомиздат, 1983 - 208с.
8.Энергосбережение в промышленности. - М.: Металлургия, 1982. - 272с.
9.Энергосбережение в системах теплоснабжения, вен­тиляции и кондиционирования воздуха. Справочное посо­бие. - М.: Стройиздат, 1990. - 624с.
10. Журнал «Энергетика и топливные ресурсы Казахстана» 2001-2004 гг.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет