1 Общие требования


Ішкi органдардың орналасуы



бет62/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Ішкi органдардың орналасуы.
Мойын бөлiмiнде трахея анық көрiнедi. Оған паралель өңеш орналасқан. Мойынның түбiнде қалқанша безi орналасқан. Бұл қанға секрет бөлетiн iшкi секреция бездерi.
Көкiрек қуысында негiзгi органдар жүрек және өкпе орналасқан. Диафрагма тек сүтқоректiлерге ғана тән.
Құрсақ бөлiмiнде, диафрагманың астында қызыл-қара түстi бауыры бар. Бауырдың сол жағына қарай асқазан орналасқан. Асқазаннан iшек орамдары тарайды. Ащы iшек соқыр iшекке жалғасады. Соқыр iшегі қап тәрiздi немесе өсiндi тәрiздi болады. Одан ары тоқ iшек жалғасады.Органдар жүйесi.
Ас қорыту системасы – күрделi және ол бiрнеше бөлiмнен тұрады. Ас қорыту системасы сөл шығаратын бездерi бар түтiкке ұқсайды.
Сүтқоректiлерде асқорыту системасы ерiнiнен басталады. Еттi ерiн тек қана кит тәрiздiлерде және клоакалы жануарларда ғана болмайды. Еттi ерiн сүтқоректiлерге қоректерiн қармап ұстау үшiн керек. Еттi ерiндерi кейбiр сүт қоректiлерде жақсы дамыған. Тiптi олар қоректерiнiң бiрсыпырасын осы дорба сияқты ұрттарына толтырып сақтайды.
Жақтың iшкi жағын ауыз қуысы деймiз. Қоректiк заттар бұл жерде тiстердiң және сiлекей бездерiнiң әсерiнен механикалық және химиялық өзгерiстерге түседi. Жануарлардың сiлекей шығаратын төрт пар бездерi бар. Сiлекей құрамында крахмалды декстрин мен мальтозаға айналдыратын птиалин ферментi болады.
Сүтқоректiлердiң тiстерi – күрек тiстер, шошақ тiстер, жалған азулар және азу тiстер деп бөлiнедi. Түрлi жануарлардың тiстерiнiң саны, формалары мен атқаратын қызметi түрлiше болады. Насекомдармен қоректенетiн нашар маманданған сүт қоректiлердiң тiстерi нашар жiктелген, бiрақ көп болады. Жыртқыштардың шошақ тiстерi өте жақсы жетiлген және олардың ұшы өткiр болады. Сол сияқты жоғарғы жағының соңғы жалған азуы және төменгi жағының бiрiншi нағыз азуы әдетте өте үлкен және өткiр болады да, олар жыртқыш азулар деп аталады. Кемiрушiлердiң күрек тiстерi өте жақсы жетiлген. Тiстерi жақ сүйектерiнiң ұяшықтарына орналасқан. Мұндай тiстердi – текодонттық тiстер деп атайды. Көпшiлiк түрлерiнде тiстерi бiр-ақ рет тiсейдi.
Төменгi жақ сүйегiнiң арасына еттi тiл орналасады. Оның жәрдемiмен қоректiк заттар қабылданып ауыз қуысында ұсатылған кезде оларды аралас тырады.
Ауыз қуысының арт жағына жұтқыншақ орналасқан. Жұтқыншақтың үстiңгi жағына жалғасып жататын iшкi танау тесіктерi және евстахив түтiгi болады. Жұтқыншақтың төменгi бөлiгiне өңеш тесiгi жалғасады.
Қарын басқа ас қорыту мүшелерiнен айқын бөлiнген және көптеген сөл шығаратын бездерi болады. Қарынға аш iшек жалғасады, ол он екi елi iшек пен басталады. Он екi елi iшектiң орамында ұйқы безi орналасқан. Аш iшекке тоқ iшек жалғасқан. Өсiмдiк тектес қатты заттармен қоректенетiн аңдарда аш iшек пен тоқ iшектiң шекарасында бүйенi болады. Тiк iшек қысқа болады және аналь тесiгiне келiп жалғасады. Бауыр көк еттiң астына орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет