1 Общие требования



бет67/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Ми сауыты. Сүт қоректілердің миының үлкен болуына байланысты, ми сауытыда үлкен болады. Жас сүтқоректілердің ми сауыты ересектерінің ми сауытынан үлкен болады. Сүт қоректілердің ми сауытындағы жеке сүйегінің саны, төменгі сатыдағы омыртқалардың сүйегінен аз болады. Өйткені ми сауытын құрайтын сүйектер өзара бірігіп кеткен. Негізгі бүйір және жоғарғы жоғарғы шүйде сүйектері тұтасып бір сүйекке айналған. Құлақ сүйектері бірігіп тасша сүйек ( petrosum ) деген бір сүйекке айналған. Қанат – сына тәрізді сүйек негізінен сына тәрізді сүйекпен, ал көз –сына тәрізді сүйек тәрізді сына сүйекпен бірігіп кеткен. Ми комплекстерінің әсіресе ми сауытын құрайтын сүйектердің арасындағы жіктен ересек тартқанда бірігіп кетеді. Бұл жануарлардың өсуі кезінде мидың көлемінің артуына мүмкіндік береді.
Ауыз омыртқасы мен шүйде сүйектің бірімен-бірінің бекитін жерінде екі бұдыр өсінді бар. Ми сауытының төбесі жұп төбе, маңдай, мұрын бір дара жақ аралық сүйектен тұрады. Ми сауытының бүйір бөлімі, бұдыр бетті сүйектерден одан сыртқа және алға қарай самай өсінділері кетеді. Бұл өскіндер самай сүйегіне жалғасып кетеді, алдыңғы жағынан жоғарғы жақтың өскінімен ұштасады. Осының нәтижесінде тек қана сүт қоректілерге тән бет доғасы (Zigomaticum) пайда болады.
Ми сауытының астыңғы бөлімі (түбі) негізгі (Spheoideum) және алдыңғы сына тәрізді сүйектерден , ал висцериальды бөлімінің түбі- қанат тәрізді, таңдай және жоғарғы жақ сүйектерінен қалыптасады. Ми сауытының түбінде, есіту капсуласының маңында тек қана сүт қоректілерге тән барабан (tympanicum) болады. Есіту сүйектері біртіндеп сүйектене келіп, ақырында қос тасша (petrosum) сүйекке айналады.
Жоғарғы жақ, жұп жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Сүт қоректілерде жақ аралық сүйектердің және жоғарғы жақ сүйектерінің өсінділерінен және таңдай сүйектерінен екінші реттегі таңдай сүйегі пайда болады. Осының нәтижесінде хоандар кеуілжір сүйектерінің арасымен келіп, ауыз қуысына ашылмай, таңдай сүйектің артқы жағынан келіп ашылады. Бұл сүт қоректілердің аузында тамақтың кесегі болып, оны шайнаған кезде тыныс алуына кедергі келтірмейді.
Төменгі жақ сүйегі бұдыр бетті сүйекке бекитін бір пар тіс сүйегінен (dentale) қалыптасады. Буындасу сүйегі, есіту сүйекшесі – балғаға (malleus) айналады, шаршы сүйек, есіту сүйекшесінің екінші бір түрі төске (ineus) айналады. Бұл екі есіту сүйекшелері және үшінші есіту сүйекшесі – үзеңгі (stapes) ортаңғы құлақ қуысының ішіне орналасады. Ортаңғы құлақтың сыртқы бөлімі және есіту жолы –дабыл сүйегінен тұрады. Сөйтіп, сүт қоректілердің висцериалдық аппаратының бірсыпырасы сыртқы және ортаңғы құлақ аппаратына айналады.
Иық белдеуі – сүт қоректілерде өте қарапайым. Ол негізгі жауырын, оған бекіген рудиментті каракоидтан тұрады. Клоакалы сүт қоректілерде ғана (үйрек тұмсықты, ехидна) каракоид өз алдына жеке сүйек болып саналады. Сүт қоректілердің алдыңғы аяғы алуан түрлі күрделі қимылдар жасайтын түрлерінде (маймылдар) бұғана болады, ал алдыңғы аяғы жер бетімен қозғалу қызметімен атқаратын тұяқтыларда рудиментті түрде болады немесе тіпті болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет