Тері қапшығы. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұрады: сыртқысын — эпидермис, Ішкісін — кутисдеп атайды. Жоғары дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен айырмасы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа кутикула қаптап жатады. Эпидермистің көпшілік клеткалары — цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді безді клеткалар, ал бірқатар клеткаларында сезімтал түктері болады. Кутис қабаты нашар дамыған және ол қоймалжың тканьдерден құралады .
Сурет 2 – Ланцетниктің ұзынынан жарып көрсеткендегі құрылысы:
1 — қармалағыштармен қоршаған ауыз алды тесігі; 2 —ауыз алды воронкасы; 3 —вельярлық қармалағыштар; 4 —хорда; 5 — нерв түтігі; 6—жұтқыншақ желбезек саңылауларымен; 7 —бауыр өсіндісі; 8 —ішек; 9 —атриопор; 10 —құйрық алды қанаты; 11 —метаплевральдық қатпар 12 — жыныс бездері; 13 — бұлшықеттері; 14 — миомер; 15 — миосепта; 16 — құйрық қанаты; 17 – Гессе көзшелері; 18 – аналь тесігі.
Ет системасы.Басқа хордалылар сияқты, бұлардың еті де денесіне бір келкі орналаспаған. Ет әсіресе денесінің арқа бөлімінде көп болады. Ет системасы ұзына бойы бөлінген екі — миомерлердеп аталатын бунақтарға бөлі неді. Миомерлер бірінен-бірі миосептадеп аталатын дәнекер тканьдермен шектеліп (бөлініп) тұрады. Сондықтан бунақтардың жіктері сырттан қарағанда айқын көрініп тұрады. Бұлшық еттерінің бөлшектерінің үшкір жағы денесінің алдыңғы жағына қарап орналасқан. Оң жағындағы миомерлері мен сол жағындағы миомерлері бір-біріне тұспа-тұс орналаcпайды. Мұның өзі су ішінде жүзгенде көлденең бағытта денесінің оңай иілуіне жағдай туғызады.
Хордасы негізінен қанқа қызметін атқарады. Хорда ланцетниктің арқа жағында бүкіл денесін бойлап созылып жатады. Хорда клеткаларының шығарған заттарынан хорданың сыртын қаптап тұратын қабық пайда болады. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады. Олардың арасында іші сұйық затпен толған вакуольдері бар. Қалың дәнекер ткані хорданы және оның үстіңгі жағына орналасқан нерв түтігін каптап тұрады. Бұл қапшықтан миосепталарға, тері астындағы дәнекер тканьдерге, өсінділер тарайды. Желбезек саңылауларының маңайыңда клеткасыз талшықты құрылысты тор бар. Ол тор тірек қызметін атқарады. Тор көзіне тығыз орналасқан қоймалжың тканьдер қанаттарын қозғауға сүйемелдейтін кұрал есебінде пайдаланылады. Ауыз алды бөлімінде орналасқан қармалағыш түктерінің түбінде де тіректік қоймалжың заттары болады.