Зәр шығару жүйесi. Арнайы зәр шығару мүшесi жоқ. Қорытылмаған қалдықтар кейбiр клеткаларда жиналып сол организм iшiнде қалып қояды.
Ас қорыту жүйесi. Кіретiн ауыз сифоны арқылы ортамен қатынас жасайтын ауыз қуысынан басталады. Ауыз жұтқыншақпен, жұтқыншақ асқазанмен және таға тәрiздi iшекпен, iшек сыртқа шығатын сифонға ашылған аналь тесiгiмен жалғасады. Су ағынымен iлесiп келген ұсақ организмдер мен органикалық бөлшектер бездi нашауық эндостильдiң түбiне жиналып, эпителий кiрпiкшелерiнiң қозғалуының арқасында, шырынға оралған қоректiк заттар iшекке түседi де сол жерде қорытылады.
Көбеюi. Тiршiлiк ету ортасына бейiмделгендiгi соншалықты, олар тек жынысты жолмен ғана емес, жыныссыз жолменде көбейедi. Личинка хордалылардың бәрi қосжынысты (гермафродиттер).Ұрықтануы аналығының iшiнде және сыртқы ортада болады. Жынысты көбейгенде ұрықтанған жұмыртқалардан өз бетiмен жүзетiн личинкалар дамиды. Олар ересектерiне ұқсамайды. Көптеген түрлерi жыныссыз жолмен көбейедi. Жыныссыз көбеюi бүршiктену арқылы орындалады. Асцидияларда отырып тiршiлiк етуiне байланысты көпшiлiк мүшелерi дамымаған.
Дамуы. А.О.Ковалевский асцидияның дамуын мұқият зерттегенге дейiн, жануарлар жүйесiнде олардың орны белгiсiз болып келдi. Ғалым өзiнiң зерттеуiнiң нәтижесiнде асцидияның дамуы ланцетниктердiң эмбриональдық дамуына ұқсас екенiн және личинкаларының да дене құрылысының ұқсастығы олардың да құйрық қанаттары арқылы қозғалатынын көрсеттi. Личинкаларында хорда мен нерв түтiктерi жақсы дамыған. Личинкалары өз бетiмен бар болғаны бiр күн, кейде бiрнеше сағат қана жүзiп жүредi де су астындағы бiр заттарға бекiнiп отырып тiршiлiк етедi. Бiр жерде бекiнiп тiршiлiк етуiне байланысты денесi өзгерiске ұшырайды, атап айтқанда хорда, нерв түтiктерi дамымай жойылып кетедi. Сөйтедi де денесi ересек асцидяның дене пiшiнiне ұқсап қап тәрiздi болады.
Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі Сыртқы түрі.Ланцетник — ұзындығы 5—8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жәндік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцетке ұқсас болғандықтан — ланцетник деп аталған. Арқа қанаты кұйрық қанатына келіп түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады.
Денесінің құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атериальдық тесікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы, бауыр жағында 10— 12 пар қармалағышпен қоршалған, ас жолы басталатын ауыз алды тесігі болады.