Сарган тәрізділер (саргонобразные) отряды. Бұлар көбінесе теңіздерде болатын балықтар. Олардың ішінде айрықша ерекшелігі бар түрі ұзын қанаттылар. Бұлардың көкірек қанаттары өте үлкен және осы үлкен қанаттарының жәрдемімен, судан секіріп шығып қалықтап ұшып,150-200 м жерге барады. Олар көбінесе тропиктік теңіздерде көп тараған. Бізде Владивосток маңайында кездеседі.
Шаншар балықшылар отряды.Солтүстік жарты шардағы тұзды және тұщы суларды мекен ететін ұсақ балықтар. Бұлардың артқы қанаттарының алдыңғы бөлімі мен қанаттары шаншар сияқты болады. Қабыршақтары сүйекті.Ұрғашысы шөптен ұя жасап, жүз шақты уылдықтар шашады. Шаншарларды Балтық, Баренцово, Азов, Каспий теңіздерінен кездестіруге болады.
Треска тәрізділер (трескообразные) отряды. Бұларға кәсіптік маңызы зор балықтар жатады. Әдетте ірі, қанат қауырсындары жұмсақ болатын балықтар. Олар қоңыржай және Арктика теңіздерінде тараған, тек қана налимде ген түрі тұщы суда кездеседі.
Көптеген түрлері теңіздің сағасына жақын жерлеріне және өзендерге шығады, ондай түрлеріне нивага, сайка, полярлық треска т.б жатады. Көбінесе су түбінде тіршілік етеді.
Треска өзінің кәсіптік маңызы жөнінен дүние жүзінде майшабақтардан кейінгі орынды алады. Етін пайдалану мен қатар бауырынан емдік қаситі бар «балық майлары» жасалады. Балтық; Баренцево; Ақ теңізінде және Қиыр Шығыстың солтүстік теңіздерінде кең таралған . Өкілдері: налин, треска, пикша, сайда, сайка, навага.
Алабұға тәрізділер(окунеообрзные) отряды.Сүйекті балықтардың ішіндегі ең үлкен отряды. Олардың ғылымға шамамен 6000 түрі белгілі. Бұлардың қанаттарының бөліктері жеке-жеке ажыратылмай үшкір тікен сияқты болып келеді. Бүкіл дүние жүзі суларында таралған. Кейбір түрлері өмір бойы өзендерде, ал кейбіреулері теңіздерде тағы бір түрлері өзендерден теңіздерге өрістеп шығатын жартылай өткінші балықтарға жатады. Денесінің ұзындығы бірнеше сантиметрге 1-5 метрге дейін ал салмағы 10-12 кг болатын кәсіптік балықтар. Тұщы суларда алабұға, көксерке (судак) және басқалар, теңіздерде ставрида, скумбрия, туникстер, т.б. ауланады. Қазақстан қызыл кітабына балқаш алабұғасы енген.