1 Общие требования



бет43/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Иық белдеуі. Иық белдеуі доға тәрізді, оның жоғарғы ұшы жануардың құрсақ бөліміне қарай иілген. Доғаның әрбір жартысы (оң және сол) негізінен мына сүйектерден құралады. Жоғарғы (арқа жақ) бөлімі жауырыннан (scapu la) және оның етек жағы жалпақ жауырын үсті шеміршектен тұрады. Төменгі (құрсақ) бөлімі коракоидтан (coracoideum) және оның алдыңғы жағында жатқан прокоракоидтан (procoracoideum) құралады. Прокоракоидтың үстіне шеміршекті бұғана орналасады. Осы айтылған иық белдеуінің үш сүйектерінің ұштары тоқпан жіліктің ұршық басының бекитін жеріне келіп ұштасуының нәтижесінде буын оязы пайда болады. Оң және сол коракоидтардың қосылған жерінің алдыңғы жағында төс сүріншегі (omosternum), ал арт жағында — төс (sternum) жатады. Бұл екі сүйектің екеуінің де ұштары шеміршекті болып бітеді. Құйрықсыздарда төс сүріншегі мен жауырынның арасын косып тұратын жіңішке таяқша тәрізді бұғана (clavicula) орналасады. Амфибилерде дамыған қабырғалардың болмауына байланысты, көкірек қуысы болмайды. Иық белдеуі бұлшық еттердің арасында бос жатады.



Сурет 39 – Бақаның иық белдеуі:
1-төс. 2 — төс сүйегінің шеміршекті артқы бөлімі 3 — коракоид; 4 — прокоракоид үстіндегі бұғана ; 5 — төсалды; 6 — жауырын; 7 — иыққа бекитін жауырын ойығы.


Жамбас белдеуі. Жамбас белдеуі үш пар сүйектен қалыптасқан. Сол сүйектердің ұштары түйісіп, жамбас шұңқырын құрайды. Ұзын мықын сүйегі (ilium) өзінің проксималдық ұшымен сегізкөз омыртқасының көлденең өсіндісіне бекінеді. Артқа және алға созылған шап сүйек белдеуі бақаларда шеміршек күйінде қалады. Оның арт жағында шонданай сүйегі (ischium) орналасқан. Жамбас белдеуінің элементтерінің мұндай болып орналасуы құрлықтағы барлық жануарларға тән қасиет.



Сурет 40 – Бақаның қаңқасы:
I — бүтін қанқа; ІІ — омыртқа үстінен қарағанда; ΙΙΙ — омыртқа алдынан қарағанда: 1 — мойын омыртқасы; 2 — сегізкөз омыртқасы; 3 — уростиль; 4—төс; 5 — төс сүйегінің шеміршекті артқы бөлімі; 6 — төс алды; 7 — коракоид; 8 — прокоракоид; 9 — жауырын; 10 — жауырын үсті шеміршек; 11—мықын сүйек; 12 — құймышақ; 13—шат шеміршегі 14 — иық сүйек; 15 — қар (кәрі жілік және шыбық сүйегі); 16— білек; 17 — алақан сүйек; 18 алғашқы І саусақ; 19 — II саусақ;. 20 —V саусақ; 21 —ортан жілік; 22 — тізе ; 23 — табан сүйек; 24 — башпай; 25 — қосымша саусақтың рудименті; 26 — І саусақ; 27 —омыртқа денесі; 28 — жұлын каналы; 29 — біріктіргіш алаңы; зо — сүйекті өсінді; 31 — бүйірлік өсінді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет