1 Общие требования


Тақырыбы:Бауырымен жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысы Мақсаты



бет46/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Тақырыбы:Бауырымен жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысы
Мақсаты:Бауырымен жорғалаушылардың сыртқы және iшкi құрылысын зерттеу.
Қажетті құрал- жабдықтар:
1. Кесiрткелер: өлтiрiлген, консервiленген.
2.Дайын препараттар: iшкi құрылысы сойып көрсетiлген спирт ерiтiндiсiнде сақталған кесiртке, тасбақа, жылан; асқорыту жүйесi; жүрек, қан айналу жүйесi; зәр шығару мүшесi; көбею мүшелерi; бас миы.
3.Әртүрлi бауырымен жорғалаушылардың тұлыпы ( чучела).
4.Таблицалар:
5.Кесiртке, тасбақа, жыланның сыртқы құрылыстары; кесiртке, тасбақа, жыланның денесiнде қабыршақтарының орналасуы; кесiрткенiң iшкi мү шелерiнiң жалпы орналасуы; ас қорыту жүйесi, қан айналу жүйесi, зәр шығару мүшесi, аналық және аталықтарының көбею мүшелерi, бас миы.
6.Препараттық инструменттер: скальпель, қайшы, пинцет, препараттық инелер, канцелярлық түйрегiш.
7.Ванна.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Систематикалық орны:
Тип: Хордалылар- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар немесе бассүйектiлер- Vertebrata
Класс үстi тармағы III : Құрлық омыртқалылары- Tetrapoda
Класс 2 : Бауырымен жорғалаушылар- Reptilia
Сыртқы құрылысы.
Кесiрткелер сыртқы құрылысы жағынан құйрықты қосмекендiлерге – тритон, саламандраларға ұқсас келедi, бiрақ денелерi бөлiмдерге бiршама бөлiнген. Олардың көпшiлiгiнiң денесi сопақша, құйрығы ұзын, мойыны денесiнен айқын бөлiнiп тұрады. Тұлғасы ұзын құйрықпен жалғасып кеткен. Алдыңғы және артқы аяқтары бiр қалыпты дамыған, бiрақ формасы түрлiше болады. Саусақтары өткiр тырнақтармен қаруланған.
Кесiрткелердiң сопақша келген тұлға бөлiмi омыртқаларының айналмалы және ет жүйесiнiң жетiлуiне байланысты қозғалмалы болып келедi.
Қосмекендiлермен салыстырғанда бауырымен жорғалаушылардың терiсiнде бездер өте аз, кейбiреулерiнде тiптi болмайды, мысалы, тасбақаларда.
Кесiрткелердiң санының iшкi бетiнде тесiкшелерi болады, бұлардан кө бею кезiнде қоймалжың, желiм тәрiздi жабысқақ заттар шығады, оның маңызы әлi анықталмаған.
Кесiрткелердiң терiсiнiң сыртқы қабатының эпидермисi мүйiзденiп, әр қашанда түлеп отырады. Оны төменгi жатқан қабаты қалпына келтiредi. Денесi сыртынан мүйiздi қабыршақпен қапталып жатады. Эпидермистiң мүйiзденуi, мүйiздi өсiндiлердiң болуының үлкен маңызы бар. Өйткенi бұлар жануарды құрғап кетуден сақтайды.

Сурет 43 – Кесірткенің тері қабаты
1.эпидермис; 2.нағыз тері; 3.мүйізді қабат; 4.пигментті жасушалар; 5.Терінің мүйізденуі

Басында iрi мүйiздi қалқаншалары болады, олардың формасы мен орналасуы түрлердiң систематикалық орнын анықтауда үлкен роль атқарады.


Басының алдыңғы бөлiмiнде үлкен аузы, екi жанында жоғарғы және төменгi қабақтан, қозғалмалы жарғақтан тұратын көздерi орналасқан. Тұмсығының екi жанынан ашылатын сыртқы танау тесiктерi iшкi танау тесiктерi-хоандар арқылы ауыз қуысына ашылады. Құлақ бөлiмi iшкi және ортаңғы құлақтан тұрады. Ортаңғы құлақта бiр ғана үзеңгi сүйегi болады. Жарғақты лабиринт иiрiмдерi жiктелiңкiреген, оның iшiнде мүйiз тәрiздi иiрiмдi байқауға болады, ол көпшiлiгiнде қалта тәріздi өсiндi түрiнде болады.
Кесiрткенiң аузын ашқанда жоғарғы және төменгi жақтарда орналасқан ұсақ тiстерiн көруге болады, сонымен қатар олар қанат тәрiздi сүйектерде де орныққан. Тiстерiнiң формасы және құрылысы жағынан бiрдей екендiгiне оңай көз жеткiзуге болады. Ауыз қуысының түп жағында көмейге кiре берiс жерiнде қатты, ұшы екi айырланған тiлi орналасқан.
Қарақұс тұсындағы бөлiмiндегi саңылау, яғни ежелден пайда болған, жарықты қабылдауға қабiлеттi, төбе аралық қалқаншаның ортасында орналасқан рудименттi төбе көздерi көңiл аударарлықтай.
Тұлға бөлiмiнiң соңында, яғни құйрықтың бас жағында көлденең клоакалық саңылауы орналасқан. Көптеген түрлерiнде клоаканың алдында үлкен анальды қалқанша жатады, кейде олар ұсақ аналь алды қалқаншамен қоршалады. lшкi мүшелердiң жалпы орналасуы.
Дененiң iшкi жағының жоғарғы бөлiгiнде жүрек орналасқан. Ол жұқа жүрек маңы қабықша-перикардиямен қапталған. Екi жанында қос өкпе, одан ары дененiң ортаңғы бөлiгiнiң барлығын дерлiк бауыр алып жатады.
Жүректiң жоғарғы жағында ұзын кеңiрдек орналасқан. Кеңiрдектi кескенде, оның өңешпен жалғасатынын көремiз. Кеңiрдектiң жоғарғы жағында кiшкене қалқанша бездi көремiз. Жоғарыда, төменгi жақ тарамдарының аралығында, кеңiрдектiң алдыңғы ұшын жауып, тiл асты шемiршек жатыр: абайлап препараттай отыра, оның ұзын өсiндiсiн табу қиын болмайды. Жүректiң астынан кеңiрдек екi қысқа бағаналарға – бронхыларға тармақталғанын көремiз, ол өкпеге енедi. Өкпелерi қапшық тәрiздi, жүректiң екi жағында жатады. Бауыр қарын және ащ iшектiң бiршама бөлiгiн жауып тұрады, оның iшкi жағында кiшкене өт қапшығы орналасқан, оның жолы iшекке ашылады.
Өңеш көлемдiрек қарынға жалғасады, ащ iшектiң алдыңғы бөлiмi-он екi елі iшек – байқалатындай iлмекше жасайды.
Аш iшек тоқ iшекке жалғасады, екеуiнiң қосылатын жерiнде соқыр iшек дамиды.Бауырымен жорғалаушылардың клоакасы қосмекендiлерге қарағанда жекеленген. Қарынға және iшекке жақын шажырқайда қара-қызыл түстi көк бауыр iлiнiп тұрады.

Сурет 44 – Кесiрткенiң iшкi құрылысы:
1-сыртқы шықшыт венасы; 2-iшкi шықшыт венасы; 3-сол ұйқы артериясы; 4-оң ұйқы артериясы; 5-қолқаның сол жақ доғасы; 6-қолқаның оңжақ доғасы; 7-оң жүрекше; 8-сол жүрекше; 9-жүрек қарыншасы; 10-сол бұғана асты артериясы; 11-өкпе; 12-бауыр;13-өт; 14-қарын; 15-ұйқы безi; 16-ұл табар; 17-тоқ iшек; 18,29-тiк iшек; 19,27-бүйрек; 20-арқа қолқасы; 21-бүйректiң алып кеткiш венасы; 22,28-қуық; 23-аталық жыныс безiнiң өсiндiсi; 24-аталық жыныс безi; 25-тұқым жолы; 26-сандағы тесiктер; 30-аналық жыныс безi; 31-жұмыртқа жолы.

Кесiрткенiң үлкен емес сопақша пiшiндi ұрық бездерi омыртқаның екi жанына орналасқан, оған жақын ұрық безiнiң қосалқысы, ұрық жолына жалғасатын вольфов каналы орналасқан. Клоаканың екi жанынан жұп копулятивтi мүшелер тарайды.


Аналықтарының жұп шоқ тәрiздi жұмыртқа бездерi жамбас бөлiмiне таман орналасқан. Жұмыртқа жолы мюллеров каналының бiр ұшы – воронка тәрiздi дене қуысының алдыңғы бөлiмiне ашылса, екiншi ұшы клоаканың арқа бөлiмiне ашылады.
Жамбас бөлiмiнiң аралығында орналасқан ұзынша пiшiндi бүйректiң тарамдары, ерекше түзiлiс – несеп жолы вольфов каналымен байланыса отырып ол да клоакаға ашылады.
Бүйрекке жақын өзгеше қалақ тәрiздi жұп майлы дене жатады. Осы жерде клоаканың құрсақ бөлiмiнен ашылған қуық орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет