1 Общие требования



бет49/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Зәр шығару органдары. Рептилилердiң ересектерiнiң зәр шығару органы жамбас бүйректерiнен тұрады. Метанефрос дене бойымен созылып жатқан- дене бүйрегi бастамасының алдыңғы жағынан дамыды. Дене бүйректерi ұрықтың даму кезеңiнде болатын орган. Дене бүйректерi ұрық жұмыртқаның шыққанша, кейде жұмыртқадан шыққан соң бiраз уақыт дейiн жұмыс iстейдi. Жамбас бүйрегi жетiлген соң, вольфор каналының артқы бөлiмiнен, бүйректiң зәр шығару түтiгi пайда болады. Оң және сол зәр шығару түтiктерi клоаканың арқа жағынан құйылады. Құрсақ жағынан клоакаға қуық ашылады. Крокодилдердiң, жыландардың, кесiрткенiң, кейбiр түрлерiнiң қуығы жетiлмеген. Мұндай жануарлардың зәр заты қоймалжың болады да, негiзiнен несеп қышқылынан тұрады. Жамбас бүйрек қалыптасқан соң, дене бүйрегi редукцияланады. Ұрғашыларында алғашқы бүйрек толығымен редукцияланады да еркегiнде оның алдыңғы бөлiгi қалып қояды. Оны ұрық безiнiң қосалқысын деп атайды.
Жыныс органдары. Жыныс бездерi дене қуысының iшiнде, омыртқа жотасының екi жақ бүйiрiне орналасқан. Ұрық безi, мезонефростың қалдығы, Ұрық қосалқысы екенi айтылған болатын. Ұрық қосалқысының каналы рептилилерде тек қана ұрық өткiзгiш болып саналатын вольфов каналына жалғасады. Гаттериден басқа рептилилердiң барлығында да шағылыс органы болады. Кесiрткелерде, жыландарда шағылыс органдары клоаканың арт жақ керегесiнен өскен бiр пар өсiндi болып есептеледi. Крокодилдер мен тасбақалардың шағылыс органдары сыңар болады, ұрғашыларында вольфов каналы сақталмайды. Жұмыртқа жолының қызметiн мюллеров каналы атқарады. Мюллеров каналы қабырғасы жұқа қос түтiктен тұрады, оның воронка тәрiздi бiр ұшы дене қуысына ашылады да екiншi ұшы клоакамен жалғасады. Тасбақалар мен крокодилдердiң жұмыртқа жолының ортасында жұмыртқаның белокты қабығын бөлiп шығаратын безi болады. Жұмыртқа жолының төменгi жағында пергамент тәрiздi немесе жұмыртқаның известi сiңген қабығы пайда болатын безi бар.

Сурет 46 – Кесірткенің бас миы
Қ- үстіңгі жағынан ҚҚ- астыңғы жағынан ҚҚҚ- бүйір жағынан
1. алдыңғы ми, 2. жолақ дене (сүйелді дене), 3. ортаңғы ми,4. мишық, 5. сопақша ми, 6.шатырша (ми воронкасы), 6. гипофиз, 7.хиазма, 8. иіс бөлімі, 9. эпифиз ҚҚ-ХҚҚ – бас сүйегінің (мишық) жүйкесі

Мишық өте жақсы дамыған. Басқа жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың миы сияқты рептилилердiң сопақша миы да вертикал бағытта айқын иiн жасайды.


Нерв системасы. Рептилилердiң нерв системасы амфибилердiкiнен анағұрлым жақсы жетiлген. Ми жарты шарлары үлкен, олардың мидың сұр затынан тұратын қыртысы болады. Өйткенмен бұл қыртысы әлi де жақсы жетiлмеген, сондықтан да алдыңғы мидың көпшiлiк бөлiмi жолақты денеден тұрады. Алдыңғы мидың үлкенiрек болуы, аралық миды үстiне жауып қарағанда көрсетпейдi. Төбе органы мен эпифиз жақсы жетiлген. Төбе органы өзiнiң құрылысына қарағанда көзге ұқсайды. Бұл орган гаттерия және кесiрткелерде жақсы жетiлген. Ол төбе сүйектерiнiң аралығындағы тесiкке орналасып, жарықтың әсерiн өте жақсы қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет