Жұмыстың орындалу реті: Кесiрткенi сойып көру үшiн жұлынына түйрегiшпен ваннаға бекiтемiз. Терiден көлденең кесiндiнi аналь тесiгiнен бастап жақ бөлiмiне дейiн дененiң құрсақ бөлiмiнiң ортасынан жасап, кесiндiнiң шетiн екi жаққа қарай ашамыз. Терiнi төменде орналасқан бұлшық еттерден бастап керектi жерiнен бөлiп, дененiң құрсақ бөлiмiн осылай жалаңаштаймыз. Терiге бұлшықет тығыз жанасып тұрғандықтан, терiнi өте ұқыптылықпен кесу керек. Кесiрткенiң денесiнде бұлшық ет ұлпаларының жiктелiнуi айқын байқалады.Кесiрткенiң құрсақ бөлiмiнiң төменгi жағынан ұзынынан көлденең жеке сегменттерге бөлiнген ұзын салалы жұп құрсақ бұлшық еттер өтедi.Көкiрек бөлiмi жұп көкiрек бұлшық еттермен жабылған, ал төменгi жақ шеттерiнiң аралығында күштi дамыған көлденең жолақты бұлшық еттер көрiнiп тұрады.
Көкiрек бөлiмiндегi сыртқы бұлшықеттердi инструмент арқылы бөлшектегенде, жақсы дамыған қабырғааралық бұлшық еттер жүйесiндегi жұқа қабатты бұлшық ет талшықтарына көңiл аударамыз. Арқадағы терiнi қосымша препараттау арқылы кесiртке денесiнiң қалған бөлiгiнiң бұлшықеттерi мен таныса аламыз. Уақыт жетпесе бұл сабақты қалдыруға болады, ал онда сойып көру дененiң бұлшық ет қабырғалары мен жабындысын кесу арқылы жүредi.
Көкiрек бұлшық еттерiмен бiрге көкiрек шемiршектерiн және оның алдында жатқан төстi кесу керек. Артқа мұндай кесiндi клоакаға дейiн жасалады және де жамбастың шат сүйектерiнiң тұтасқан жерiн кесу керек. Құрсақ қабырғаларының екi жартысын екi жаққа қарай ашып, ваннаға түйрегiшпен қадап қою керек.
Кесiрткенiң бас сүйегiнiң негiзгi ерекшелiгi оның толық сүйектенуi болып табылады, шемiршектiң шамалы қалдығы тек иiс сезу және есiту аймақтарында байқалады. Әсiресе жабынды сүйектенудiң үлкен бөлiмi бас сүйегiнiң төбесiн, жанын және түбiн құрайды. Бас сүйегi омыртқамен шүйде сүйектерiнiң бiрiгуiмен түзiлген сүйекпен жалғасады.
Бақылау сұрақтар: 1.Бауырымен жорғалаушылардың қаңқасының қосмекендiлермен салыстыр ғанда қандай ерекшелiгi бар?
2.Бауырымен жорғалаушылардың қаңқасының прогрессивтi белгiлерi неде?
3.Бауырымен жорғалаушылардың қаңқасының қандай қарапайым белгiлерi бар?
4.Бауырымен жорғалаушылардың төс клеткаларының ерекшелiгi неде?
№11 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС