1. Қоғамдағы өндірістің маңызы. Ресурстардың шектелігі мен қажеттіліктердің шексіздік мәселесі. Өндірістікмүмкіндіктер қисық сызығы. Негізгі өндіріс факторлары: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілеттілік



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата01.06.2022
өлшемі1,83 Mb.
#36117
1   2   3   4   5   6
негізгі өндіріс факторлары төртке бөлінеді:


Тұтыну мінез-құлығының маржиналистік теориясы экономикалық үрдістердің,
жеке алғанда, игіліктерді тұтыну үрдістерінің талдауын адамдардың субъективті
(жеке) ұнатуларын тауып, осының негізінде игіліктердің пайдалылығын табудағы
қағидаларға негізделеді. Игіліктің пайдалылығы (utility) – оның қайсыбір
қажеттілікті қанағаттандыру қабілеттілігі, яғни адамдардың нақты субъективті
(жеке) қажеттіліктерін қанағаттандыратын қасиеттерінің бары. Ондай
қабілеттілікке кез келген игіліктер ие, экономикалық немесе экономикалық емес
болса да. Экономикалық емес игіліктерге жалпы пайдаланатын игіліктер жатады:
ауа, су және т.б. Экономикалық игіліктерге белгіленген тұтыну қасиеттерін беру
мақсатымен алдын ала технологиялық өңдеу өткізеді, сонан соң олар жарамды
болып саналады. 
Тұтынушылық мінез-құлқының теориясы. Шекті пайдалылықтың
кему заңы.Бюджеттік шектеулер мен немқұрайлылық қисықтар.


Игіліктердің құндылығын қалай өлшеуге болады деген сұрақты ең алғашқы болып
экономика теориясының маржиналистік мектебінің өкілдері қойды. 
Қөзқарастары бойынша олар 2 бағытқа бөлінді – кардинализм және
ординализм. 
Тарихи бірінші мектеп – кардинализмнің оқуы бойынша – пайдалылықты кез-
келген экономикалық шама тәрізді (сияқты) санды түрде өлшеуге болады, ол үшін
оның ғылыми болжамды өлшеу бірліктері (ютильдер) енгізілді. Қазіргі заманға сай
келетін бағыттың (ординализмнің) өкілдері пайдалылықтың абсолюттік шамасын
өлшеу мәселесінен салыстырмалы ұнатуларды табу мәселесіне көшті, яғни «адам
ойында тауарлар ең керекті, қажеттілерден ең аз тартымды, қажеттілігі аздау
тауарларға дейін қойылған тәртіп, сан». Тұтынудың ординалистік теория мектебі
тұтыну қасиеттері бойынша балама тауарлар жиынтығын таңдауда тұрпатты
тұтыну мінез-құлық қағидаларын, ақиқаттарын қысқа әрі дәл жеткізіп, қисынын
келтірген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет