1. Қоғамдағы өндірістің маңызы. Ресурстардың шектелігі мен қажеттіліктердің шексіздік мәселесі. Өндірістікмүмкіндіктер қисық сызығы. Негізгі өндіріс факторлары: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілеттілік


материалдық қажеттіліктерден бастап, «жоғарғы сатыдағы»



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата01.06.2022
өлшемі1,83 Mb.
#36117
1   2   3   4   5   6
материалдық қажеттіліктерден бастап, «жоғарғы сатыдағы»
рухани қажеттіліктер төмендегідей орналасады:


1. Физиологиялық қажеттіліктер: 
тамақ, су, киім-кешек, баспана, ұрпақты өмірге әкелу, т.б.
2. Қауіпсіздікке деген қажеттіліктер: 
аурудан сақтану, дау-жанжалдан, қорқыныш-үрейден сақтану, т.б.
3. Әлеуметтік қажеттіліктер: 
сүйіспеншілік, махаббат, достық, кейбір топтардың мүшесі болу, өзара
мүдделі адамдардың қарым-қатынасы, т.б
4. Өзін-өзі сыйлау мен қадірлеуге деген қажеттіліктер: 
мақсатқа жету, өзін таныту, басқа адамдардың сый-құрмет көрсетуі, қоғамда 
өз орнын табу, т.б.
5. Өзін-өзі мадақтауға деген қажеттіліктер: 
өз қабілеттіліктерін іске асыру, өз мүмкіндіктерін дамыту және оларды
белсенді түрде қолдану, өзара түсіністік, т.б.


 Өндіріс үшін ең қажетті нәрсе – ресурс. Өндірісте қолданылатын
ресурстар өндіріс факторлары қызметін атқарады. Ресурстар өндіріске
тікелей қатысты болып, белгілі бір нәтиже беретін болса ғана өндіріс
факторы қызметін атқарады.
 Ресурстар төмендегідей топтарға бөлінеді:
- экономикалық (функционалды);
- потенциалды
Экономикалық ресурстардың қатарына:
- табиғи ресурстар;
- еңбек (жұмысқа қабілетті кездегі халық)
- материалдық (өндіріс нәтижесі болп саналатын адам қолынан шығарылған
барлық өнімдер);
- қаржылық (өндірістің ұйымдастырылуына халықтың бөлген қаражаты);
- ақпараттық (экономикалық өнім шығаруға керекті ғылыми, ғылыми-
техникалық, технологиялық, т.б. интеллектуалды игіліктер);


 Барлық экономикалық ресурстардың, өндіріс факторларының ұқсас қасиеті – олар
шектеулі мөлшерде кездеседі. Бұл шектеулік тек қатынастық түрде ғана, яғни
экономикалық дамудың белгілі бір сатысында ресурстар адам қажеттіліктерін
қанағаттандыруға керек мөлшерден аз кездеседі. Ресурстардың шектеулігі өндірістің
шектеулігіне әкеліп соғады. Нәтижесінде, қоғамдық өндіріс халықтың тұтынылуына
қажетті тауарларды керек мөлшерде шығара алмайды.
Адам қажеттіліктерінің шексіз көп болуы, ал ресурстардың шектеулі болуы халық 
қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауына әкеліп соғады. Бұған байланысты, өндірісте
тауарларды іріктеп, халық тұтынысына аса қажетті тауарларды шығарып,
қалғандарынан бас тартуға тура келді. Ресурстардың шектеулігі проблемасы:
автокөліктерді шығару жылдан-жылға артуда, сонымен қатар көлікті сатып
алушылардың да қатары одан әлдеқайда көп. Автокөліктерді шығаруды арттыру үшін
көбірек металл, резина, двигатель, т.б. жұмсалады, ал қолданыстағы ресурстар шектеулі.
Адам қолындағы экономикалық ресурстардың барлығы сандық немесе сапалық жағынан
шектеулі. Олар о бастан-ақ адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға жетпейді.
Ресурстардың шектеулігі, сиректігі осы принципке негізделеді.


Адам өндірістің бір саласын таңдай отырып, екінші саласынан бас
тартуға мәжбүр болады. Мысалы, видеомагнитофон сатып алуға
жинаған ақшасына, адам аяқ-асты өзіне шуба сатып алады. Соның
нәтижесінде ол бастапқыда сатып алғысы келетін
видеомагнитофоннан бас тартуға мәжбүр болады. Қолда бар
ресурсты дұрыс қолдану әрбір адамның, кәсіпорынның,
мемлекеттің басты мақсаттарының бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет