1. Қоғамдағы өндірістің маңызы. Ресурстардың шектелігі мен қажеттіліктердің шексіздік мәселесі. Өндірістікмүмкіндіктер қисық сызығы. Негізгі өндіріс факторлары: жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілеттілік


Пайдалылықтың кардиналистік (сандық) теориясы



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата01.06.2022
өлшемі1,83 Mb.
#36117
1   2   3   4   5   6
Пайдалылықтың кардиналистік (сандық) теориясы бойынша (У.Джевонс, К.Менгер,
Л.Вальрас және т.б.) сатып алған нәрседен тұтынушы алған қанағаттың дәрежесін дәл
анықтауға болады. Экономикалық игіліктердің санын біртіндеп көбейте бере, тұтынушы
жалпы пайдалылықты көбейтуге ұмтылады. Жалпы пайдалылық – біртіндеп иеленген
игілік бірліктерінің барлық жиынтығынан пайдалылықтардың жинақталған сомасы. Ол TU
– total utility деп белгіленеді. Игіліктің қосымша (келесі) бірлігінен тұтынған жалпы
пайдалылықтың өсімі шекті пайдалылық деп аталады. Шекті пайдалылықтың динамикасы
(даму, өзгеру барысы) азаятын шекті пайдалылығы заңына тәуелді: игіліктің әр келесі
бірлігінің, алдынғыға қарағанда, қажеттілігі аздау, яғни игіліктің әр қосымша бірлігінің
шекті пайдалылығы азаяды. Бұл қағиданы (маржиналистерден тәуелсіз). 1854 жылы неміс
экономисті әрі математігі Г.Госсен қысқа, дәл жеткізген, сондықтан ол Госсеннің бірінші
заңы деп аталады. 
Пайдалылық функциясы –игілікті тұтынуы өскен сайын пайдалылықтың азаюын
көрсететін функция: U= f(Qi), мұнда U– игіліктің пайдалылығы, Qi – игіліктің келесі
сандары. Баға – пайдалылықтың маңызды және белгіленген сандық шарасы болып келеді.
Сатып алатын игіліктің пайдалылығы бағасына сәйкес болса, сатып алушы соны таңдайды.


Жалпы және шекті пайдалылықтың графиктері


Пайдалылықтың ординалистік (реттік) теориясы(Дж.Хикс, В.Парето,
Е.Слуцкой, Р.Аллен) тұтынушы мінез-құлқын зерделеуге басқа методологиялық
амалды (тәсілді) ұсынады. Ол тұтынушының өзі игілік пайдалылығының реттік
салыстыруына негізделген. Тұтынушы барлық игіліктерді белгілеген ретке, ең
бағалыдан бағасызға дейін қойып, өзі таңдайды. Тұтынушы реттік
салыстыруында басшылыққа алатын заңдылықтарды анықтау үшін ординалистер
тұтынушылар ұнатуларының қалыптасу жалпы қағидаларын баяндайтын
аксиомаларды (ғылыми айқын шындық) әзірлеген:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет