1 Оқыту әдісі, тәсілі, құралдары туралы түсінік



бет5/5
Дата15.12.2022
өлшемі103,5 Kb.
#57438
1   2   3   4   5
Жедел әдістер – қысқа уақыт аралығында оқу сеанстарына ұзақтай ендіру жолымен көзделген іс-әрекетке үйретуде қолданылады (шомдыру әдісі). Бұл әдістер бизнес, маркетинг, шет ел тілдерін, практикалық психология мен педагогиканы оқытуда кең қолданылуда.
Қазіргі уақыттары жалпы педагогикада теориялық негізін тауып, оқу-тәрбие процесіне еніп жатқан бұрын соңды естімеген әдістер тобын келтіруге болады: суггестопедия - иландыру жолымен оқыту; гипнопедия –ұйқыда оқыту; фармакопедия – дәрі-дәрмек қолданып оқыту. Бұл әдістердің бәрі адамның табиғатындағы, ішкі мүмкіндіктеріне қозғау салып оқытуға бағытталған.
Сонымен, әдіс көп, оның топтастырылуы да сан қилы, әрқайсысы өз алдына тиімді де, кемшілігі де жоқ емес.
3 Оқыту әдістерін таңдап алу шарттары
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.
Алайда, оқыту әдістерін қайта құру - күрделі процестің бірі. Кейбір әістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмүны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісІн ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Әдістер өте көптүрлі және шексіз болып келеді. Осыдан келіп оқушылардың оқу танымдық белсенділігін қалыптастыруда, әдісті таңдап алу күрделі процеске айналады. Мұғалім оқыту әдісін таңдап алуда басшылыққа оқушылардың ерекшелігін, ашық шығармашылығын дамытатын потенцальды оқу-танымдық ерекше қасиетін, зерттеушілік ізденімпаз іс-әрекетке бағыттайтын, ғылымды берудің спецификалық таным әдістерін таныстыру, жеке-дара психологиялык даму ерекшелігін, оның табиғи және әлеуметтік өндірістік ортасын, мектепке арналған оқыту құралдармен жабдықтаудың, кәсіби даярлық деңгейін, өмірлік іс-тәжірибесі мен мұғалімнің жеке басы мен шығармашылықтың ерешелігін, оның әдістемелік және педагогикалық шеберлігін алу керек.
Мұғалімнің таңдап алған әдістері жұмысындағы дидкатикалық шеберлігі оқу танымдық стилімен ерекшеленеді, стандартты емес жағдайларда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырудан жеке дара және инновациялық - шығармашылық танымдыллығын, қоғамдағы жаңаша белсенді өзгерістерге гуманистік жэне демократиялық көз-қарасын жетілдіретіндігін байқатады. Мұғалімнің оқыту әдістері басқа да дидактикалық қызығушылығы, оларды оқыту формасы мен принциптерге оқушының білім алуға деген қызығушылығы, оқу тематикасының көлемінің күрделілігіне, техникалык оқу құралдары мен жабдықталуы, психикалық және интелектуалды денсаулығының деңгейі, оқу сабақтарының құрылымы, өзара қарым-қатынас ерекшелігі мұғалімнің әлеуметтік кәсіби жеке басының даярлығы, сонымен қатар басқа да өлшемдер, көрсеткіштер мен талаптар мен қоса жаңаша технология, оқу танымдылық іс-әрекетте қызмет ету және оқушының жеке тұлғасының шығармашылықта дамуына байланысты болып келеді.
Олай болса, оқыту әдістерін мұғалімнің таңдап алуы белгілІ шарттарға байланысты болады:
1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.
2. Қолда бар нақтылы көрнекі жэне техникалық қүралдарын, кабинет жабдықтарын ескеру.
3. Мектептің географиялық орналасуын ескеру. Мысалы, оқытуды қала мектептерінде оқушылардың өндірІс орындарына экскурсия жасау мүмкіндіктерімен, ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы участкелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру.
4. Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.
Педагогикалық қызмет әдістері мен жабдықтарын таңдау көптеген объективті және субъективті себептерге тәуелді, атап айтатын болсақ, олар:
- оқу заңдылықтары және оларға негізделген принциптер;
- адамның оқу, тәрбие және дамуына байланысты жалпы мақсаттар;
- нақты білімдену –тәрбие міндеттері;
- оқуға болған ынта деңгейі;
- нақты оқу пәнінің әдістемелік ерекшеліктері;
- материал мазмұны;
- материал игеруге бөлінген уақыт;
- оқу материалының саны мен күрделілігі;
- оқушылардың дайындық деңгейі;
- шәкірттердің оқу дағдыларының қалыптасу дәрежесі;
- дәріс түрі мен құрылымы;
- оқушылар саны;
- балалар қызығулары мен ықыласы;
- оқу еңбегі процесінде қалыптасқан ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас (қызметтестік не әміршіл - әкімшіл);
- материалды – техникалық қамсыздандырылуы;
- педагогтың тұлғалық ерекшеліктері мен біліктілік деңгей- дәрежесі.
Аталған жағдайлар мен шарттарды ескере отырып, оқытушы нақты әдіс пен құрал – жабдықты іріктеу, таңдау жөнінде шешім қабылдайды немесе дәріс өткізудің жағдайына орай бірнеше әрқилы әдіс не құралды біріктіре пайдалануды көздейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет