Педагогтардың КӘсіби мерекесі қарсаңында «mangilik el jastary» ҚОҒамдық Қорының Ұйымдастыруымен мектеп алды даярлық ЖӘне балабақша тәрбиеленушілеріне арналған «алтын бала 2023» республикалық онлайн байқауының ережесі байқаудың мақсаты
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА «MANGILIK EL JASTARY» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ЖӘНЕ БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН «АЛТЫН БАЛА - 2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап өткен бастамасына сәйкес мектеп алды даярлық және балабақша балақайларының шығармашылық қабілетін дамыту.
Байқауға республикамыздағы барлық мектеп алды даярлық және балабақша ұйымдарының тәрбиеленушілері қатыса алады.
БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ
Байқау «АҚЫЛДЫ БАЛАҚАЙ», «СУРЕТШІ БАЛАҚАЙ», «МОДЕЛЬ БАЛАҚАЙ», «САУАТТЫ БАЛАҚАЙ», «ШЕБЕР БАЛАҚАЙ», «ӘНШІ БАЛАҚАЙ», «БИШІ БАЛАҚАЙ» аталымдары бойынша өтеді.
Қатысушылардың жіберген жұмыстарын арнайы тағайындалған кәсіби мамандар көріп, қорытындысын шығарады. Жеңімпаздар әр аталым бойынша жеке анықталып, марапатталады.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен І,ІІ,ІІІ орын дәрежесіндегі республикалық ДИПЛОМ беріледі.
«АҚЫЛДЫ БАЛАҚАЙ» – аталымы бойынша қатысушы балақайлар ұстаздар мерекесіне арналған тақырыптағы (ұстаз, ана, білім, өнер тақырыптары да болады) өлең жолдарын жатқа оқиды. (Мысал өлең Қосымша 1 көрсетілген)
Балақайдың өлеңді мәнерлеп оқығанын әуесқой бейнетаспаға (ұялы телефон арқылы болады) түсіріп және анкетасын толтырып (үлгі қосымша 1), 8 (775) 168-71-38 номерінеWhatsApp арқылы жолдайды.