Испаниядағы білім беру жүйесі: Қазіргі таңда Испанияның білім жүйесі 4 деңгейден құралады. Мұнымен қатар, кәсіби білім (La Formacion Profesional (FP)) бар. Оны еліміздегі лицейлермен салыстыруға келеді. Кәсіби білімді базалық деңгейден кейін алуға болады. Ол негізінен екі сатыдан құралады. FP аттестастының иегерлері BUP аттестатын алған оқушылар секілді жоғарғы оқу орындарға тапсыра алады.Испанияның білім жүйесінде жоғарыда тізімделген 4 деңгейден бөлек ересектерге арналған оқу бар. Ол - "Escuela de Adultos" деп аталатын кешкі мектептер. Бұдан өзге арнайы тілдік курстар, сурет салу, қолөнер секілді қосымша курстар ұйымдастырылған.
Мектепке дейінгі білім (Educación Infantil) Испанияның білім жүйесіндегі мектепке дейінгі білімді де екі сатыға бөліп қарастырамыз:
1. Escuela Infantil - 0-3 жас аралығындағы балаларға арналған балабақша.
2. Aula Infantil en colegio de primaria – 3-6 жас аралығындағы колледждегі дайындық курстар.
Аталған мекемелердің мемлекетке тиесілісінде тегін, ал жекеменшіктерінде ақылы білім алуға болады.
Базалық білім ( Educación básica) Испания заңына сәйкес базалық білім міндетті болып табылады. Мектепке дейінгі білім секілді тегін және ақылай түрі бар. Испанияның базалық білім жүйесіне мемлекеттік және жекеменшік колледждерден өзге діни сауат ашуға арналған арнайы мектептер бар. Оны шіркеу қаржыландырып отырады. Испанияның білім жүйесін мемлекеттік Білім министрлігі қадағалап отырады. Методологиялық бағдарламалар, әр сыныптағы оқушылар саны, норматив, қаржы мәселесі дегендердің барлығын мемлекет ұйымдастырады. Оқушылар базалық білімді 6-14 жас аралығында алады.
- «Еducación primaria» - алғашқы саты. Әрқайсысы 2 жылды құрайтын 3 циклге бөлінген 6-12 жас аралығындағы оқушыларға арналған: бастапқы цикл (6-8 жас), орта цикл (8-10 жас), жоғарғы цикл (10-12 жас);
- «Еducación secundaria» - екінші саты. Оқушылар 12-16 жас аралығында базалық білімді тәмамдайды. Бағдарлама аяқталған соң, орта білім алғандығы туралы диплом алады.
Bachillerato - Испанияның білім жүйесінде еліміздегі жоғарғы сыныптарды еске түсіретін бачилерат атты білім алу сатысы бар. Алайда ол үш курстан құралады. Бачилерато екінші курстың өзінде кәсіби білім алуға мүмкіндік береді. Алайда оны қалайтын жандар ғана оқуына болады. Бачелератоның үшінші курсында оқушы гуманитарлық немесе жаратылыстану бағытына баратындығын таңдайды. Бачелератоны аяқтар кезде тапсыратын экзамен нәтижесі ары қарай ЖОО-ға түсуіне тікелей әсер етеді. Конкурс жүйесіне сәйкес орташа балл жинап үлгерген оқушылардың ЖОО-ға түсу мүмкіншілігі жоғары болады. Бачелератода базалық сатыдан өткен, яғни 16 жастағы оқушылар оқиды.
Қазақстандағы білім беру. Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады. Қазақстанның азаматтарына тегін орта білім алуға кепілдік беріледі жəне ол міндетті болып табылады. Сондай-ақ олардың конкурстық негізде жоғары білім алуларына да (Қазақстанда да, шетелде де) құқықтары бар. Азаматтардың білім алу құқығы жалпы білім беру жүйесінің дамуы арқылы жүзеге асырылады. Сапалы білім мен оған қол жеткізуге жағдай жасау, оқу орындарының желісін кеңейтіп, олардың ресурстық базаларын жақсарту мақсатында мемлекет білім беру жүйесін қаржыландыруды жыл сайын арттырып, тиімді саясат жүргізуде. Республикадағы жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары оқуда, шетелдерде 20 мыңнан астам қазақстандықтар білім алуда. 3000-ға жуық «Болашақ» стипендиаттары әлемнің 27 елінде оқуда. Қазіргі кезде білім беру қызметін қаржыландырудың қолданыстағы мемлекеттік қолдау механизмі жеткіліксіз. Осыған байланысты несиелік білім беру жүйесі жоғары білім алуға мүмкіндіктің және одан әрі жетілдіруді қажет етеді.