7. Іс-әрекетті зерттеу:сауалнама Жауап алу мен сауалнамалар көп адамнан деректер жинақтауда пайдалы құрал болып табылады. Сауалнама немесе жауап алу рәсімін жүргізген кезде мынадай ұсынымдарға мән берген орынды болмақ:1.Сұрақтар зерттеу мәселесіне және жобаға қатысты болуы керек. o Бұлар кем дегенде үш немесе бес адаммен өткізіледі.2.Бұл рәсімді жүргізердің алдында зерттеу жұмысы туралы қысқаша ақпарат беріп, сауалнаманың немесе жауап алудың мақсатын және деректер қалай пайдаланатынын түсіндіріңіз.3.Әртүрлі сұрақтардың форматтары деректердің бірнеше түрлерін алуға мүмкіндік береді. 4. Деректерді өңдеу және талдау кезінде компьютерді пайдалану уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сауалнама жүргізудің артықшылықтары: Бұл рәсімді өткізу айтарлықтай жеңіл болып келеді (жауап алуды қағазда немесе компьютерді қолдану арқылы өткізуге болады) Ақпарат жинақтау кезінде көп адамнан жауап алуға мүмкіндік береді. Осы салаға қатысты көптеген сұрақтарды қоюға болады. Стандартталған тестілер біркелкі деректерді жинауға кепілдік береді, бұны кейін салыстырмалы түрде талдауға болады.
Сауалнама жүргізудің кемшіліктері:Пайдалылық деңгейі сұрақтардың сапасымен айқындалады. Іріктеліп алынған адамдардың көбі сұрақтарды назарсыз қалдырмай, жауап беретініне көз жеткізуіңіз қажет. Қатысушылар ақпаратты естеріне түсіре алмауы мүмкін немесе қарама- қайшы мәселелер бойынша шындықты айта алмауы мүмкін. Деректерді жинақтау кезінде жауап алу сұрақтарын өзгертуге, талаптарға бейімдеуге болмайтындығы.
8. Іс-әрекетті зерттеу: жағдаяттық жазбалар Философиялық еңбектерде жағдаят дегеніміз – байланыстың, қызметтің уақыттық-кеңістік шарттарының субъективтілік және объективтілік бірліктері деп беріліп, тұлғаның әлеуметтік таратушысы, нақты бір мәдениеттің, дамыған даралықтың өкілі ретінде қарастырылады. Педагогикада «жағдаят» ұғымы балаға тәрбиелік әсер мүмкіндігімен салыстырылып, баланы тәрбиелеумен, дамытумен, қалыптастырумен байланысы оны педагогикалық қызмет деңгейінде қарастыруға мүмкіндік береді. Жағдаят педагогикада әдіснамалық тұғыр ретінде негізделмегенімен, жалпы педагогикада «педагогикалық жағдаят», «проблемалық жағдаят», «тапсырмалық жағдаяттар», «мәнге бағытталған жағдаят» болып ғылыми түсінік ретінде қолданылып жүрген ұғым екенін білеміз. Сонымен, «жағдаят» ұғымының педагогикалық санаға енуі бұл кездейсоқ дүние емес, ол педагогикалық шындықтың терең жатқан заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Демек, қазіргі студент, ертеңгі маманның кәсіби тәжірибе жинақтауы жоғары оқу орнының қабырғасында жүріп-ақ педагогикалық жағдаяттарды шешуде іс-әрекет тәсілдерін оңтайлы пайдаланып, ажырата білуінің мәні ерекше болып табылады. ● Проблемалық жағдаяттар - қарама-қайшылық, конфликт, фактілердің сәйкес келмеуі, оны шешуге қажетті білім мен біліктің болмауы, шешу тәсілдерінің белгісіздігі т.б. құралған- оқу тапсырмасының күрделі түрі. Проблема – анағұрлым күрделі, көпке белгісіз, сирек кездесетін, дәстүрлі емес тапсырма. ● Оқу-танымдық жағдаяттар – теориялық білімді ұғыну, игеру, кеңейту, тереңдету мен бекітуге бағытталған, қандай да бір тақырыпты, курсты, пәнді танудың әуел басында құрылуы тиіс.
Проблемалық жағдаяттар тудыру әдістемесі: оқушыларды қарама-қайшылыққа әкелу; қарама-қайшылықты практикалық әрекетпен ұштастыру; мәселеге байланысты түрлі көзқарастар қарастыру; салыстыру, жалпылау, негіздеу, нақтылау, жинақтауға үйрету.
Проблемалық жағдаяттарға қойылатын дидактикалық талаптар: Қарама-қайшылыққа байланысты танымдық қиындыққа кез келу; Жағдаятты кең түрде айту мүмкіндігі; Оқушылардың танымдық-ізденушілік әрекетін белсендіретіндей етіп құрылуы;Оқушының мүмкіндігіне сай келуі.
9. Іс-әрекетті зерттеу: сұхбат және әңгімелер Жалпы педагогикалық тәжірибеде, мысалы оқытушыны зерттеу үшін байқау әдістерін (атап айтқанда, күнделік жазу әдісі), әңгіме (сауалнама, сұхбаттасу) және тест жүргізуді пайдаланған дұрыс.
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жаңа сұрақтардың және әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн. Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалім мен сынып жетекшілері, мектеп басшылары мен ата-аналар және басқа да қажетті адамдармен жүргізіледі. Сұхбат — әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар, сұхбат алынып отырған адам туралы аңпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар, оқиғалар, т.б. туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.
Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар: Әңгіме- сұхбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. Әңгіме- сұхбаттар әңгімелесушілердің әртүрлі шеңберлерінде жүргізіледі ( мектеп директоры, оның орынбасарлары, ата- аналар, оқушылар, білім берудің әртүрлі деңгейдегі басшылары). Олардың білім беру саласының жағдайымен ондағы өзгерістерге кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы ақпараттарға маңызды қосымша болып табылады. Сұхбат-әңгіме- сұхбаттың бір түрі. Әңгіме-сұқбаттың бұл түрі зерттеу объектісінің өз іс-әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі, ол өзіндік пікірмен қоса психологиялық- педагогикалық анализдің тақырыбы болып табылады. Сұхбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және тәжірибесін қажет етеді.
10. Бірлескен және топтық жұмыс Бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай: 1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады. 2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді. 3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады. 4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады. 5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастық арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.
Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Топтық жұмысбарысында мынадай дағдылар дамиды: Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану; Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу; Басқаларды қолдау: топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу; Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу. Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет? Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы сонымен қатар, оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс. Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе теңдікті орнату маңызды. Мысалы, көптеген шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут) барысында тиімді жұмыс істей алады. Аздаған үлкен топтарда оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек. Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды топтағы жұмыс үдерісі жайлы және оның нәтижелері туралы ойланулары үшін түрткі жасау керек. Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады.
31 Бағалау үдерінің мақсаты Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес баллдық бағалау шкаласы басқа да таза нормативтік бағалау құралы сияқты дәлдігі жетіспейтін құрал ретінде ұсынылатындығы күмән туғызбайды. Халықаралық бакалавриат мектептеріндегі бағалаудың басты функциясы білім алу ағымының ерекшеліктерін айқындауға және сәйкес келетін түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін талдау үрдісі болып табылады.
Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Жалпы бағалау екіге бөлінеді: Оқыту үшін бағалау (формативтік)-ОүБ бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын қандай даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі