1. Оқытушы туралы мәліметтер



бет1/4
Дата02.06.2023
өлшемі474,08 Kb.
#98306
  1   2   3   4
Байланысты:
sillabus obnov. zhagalau zhane sudag osimdikter







1. Оқытушы туралы мәліметтер.
Избастина К.С. - PhD, аға оқытушы, Биология, өсімдік қорғау және карантин кафедрасы, Агрономия факультеті, кабинет номері: 5104, тел.: 87025392334, кафедрада кеңес өткізу уақыты: кестеге сәйкес.
Zoom: ID 999 369 7986
Код: 4whNq5
2. Курстың қысқаша сипаттамасы.
Пәнді оқыту мақсаты: Жағалаудағы және судағы өсімдіктердің құрылымы мен таксономиясының алуантүрлілігімен таныстырып және тіршілігіндегі жүретін құбылыстардың заңдылықтарын үйрету.
Пәнді зерделеу міндеттері: Оқу үрдісінде студент жағалаудағы және судағы өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясын, көптүрлілігін, олардың шығу тегін, таралуын, тіршілік ортасымен байланысын және адам-жануарлар ұшін маңызын, эвлюциясын жеткілікті деңгейде меңгеруі қажет. Білім алушылар практикалық сабақтарда түрлі препараттарды жасау, олардың анатомо-морфологиялық ерекшеліктерін сипаттауды үйрену керек, осы топтағы өсімдіктердің таксономиясын дұрыс анықтау ережелерін білу керек.

Пәнді оқыту нәтижелері





Қалыптастырылатын оқыту нәтижелері (кодтар)

Дескрипторлардың сипаттамасы

1.

ON4: Су организмдерінің әрекеттесу заңдылықтарын, теңіз және құрлықтық әртүрлі су объектілерінде гидробионттардың экологиялық топтарын, табиғи судың қасиеттері мен процестерді, табиғи судың химиялық құрамын, өзгеру заңдылықтарын білу. Микроорганизмдердің құрылысы, физиологиясы, биохимиясы, вирустардың рөлі. Биологиялық объектілерге қолданылатын жаппай құбылыстарды статистикалық талдаудың математикалық әдістерін қолдану. Барлық деңгейлерде тірі табиғаттың физикалық аспектілерін білу.

бiлу, түсiну және академиялық адалдық қағидалар мен мәдениетінің маңызын ұстану: жағалаудағы-судағы өсімдік организмдердің жасушалық, тіндік және органдық деңгейлеріндегі құрылымы мен қызметтерін; болашақ маманға ихтиология және балық шаруашылығына қажет су қоймаларында кездесетін өсімдіктердің жүйелеуі, су өсімдіктерінің биологиялық эволюциясы туралы ілім-білімдерді; жағалауда-суда өсімдіктер мекендейтін жерлердің сипаттамаларын білу және түсіну, жағалау-су өсімдіктерінің өсіп келе жатқан жағдайларын, сондай-ақ биологияның негізін қалау, кең ой-өрісі мен ойлау мәдениетімен жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету;
алған бiлiмді қолдана білу: экологиялық сауаттылықты көрсету және өмір жағдайында биология саласындағы базалық білімді пайдалану; әлеуметтік маңыздылықты түсініп, олардың кәсіби қызметінің салдарын алдын-ала болжай білу, сулы экожүйелердегі жағдайларға байланысты өз шешімдеріне жауапкершілік алуға дайын болу.
өздігінен пiкiр шығаруды игеру: білім беру саласындағы қосымша білім алу үшін қажетті материалдарды өз бетімен оқып білу; ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және бағалау; алынған ақпараттарды түсініп, сынап, сараптап; далалық және зертханалық биологиялық зерттеулер нәтижелерін ұсыну.
коммуникативтік дағдыларын игеру. Ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін меңгеру, оларды зерттеу саласында қолдана білу: анатомиялық препараттарды зерттеп анықтау және талдау, жағалау-су қоймаларында өсетін өсімдіктерге толық морфологиялық сипаттамасын жасау, ғылыми жұмыстарда және өндірісте алынған ақпаратты пайдалану. жағалау-су қоймаларында өсетін өсімдіктерге толық морфологиялық талдау дағдыларын меңгеру. Су бассейндерінің өсімдіктерін сипаттағанда бұл білімді пайдалану.

Пәннің пререквизиттері: бұл пәнді оқу үшін мектеп бағдарламасының биология, география, химия негіздерін білу қажет.


Пәннің постреквизиттері: ихтиология, биоресурстарын қорғау, су қоймалардың биоөнімділігі, балықтардың қоректенуі және оларды азықтандыру, балық шаруашылығындағы негізгі заңдылықтар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет