ЕББҚ бар білім алушыларды оқытуға жеке амалдар
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды (бұдан әрі - ЕББҚ) оқыту кезінде оқыту әдістерін таңдауды оқытушы жүзеге асырады және әрбір жекелеген жағдайда оқыту мақсаттарымен, қолда бар білімнің, іскерліктің, дағдылардың бастапқы деңгейімен, педагогтің кәсіптік даярлық деңгейімен, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етумен, ЕББҚ бар білім алушылар үшін олардың қолжетімділігіне қарай білім алушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерімен негізделеді.
ЕББҚ бар білім алушыларды ҚБТ қолданып оқыту процесінде азаматтардың санаттар бойынша оқыту траекториясын даралау мүмкіндігі қолға алынады. Бұл білім алушының оқу іс-әрекетінің мазмұнын, әдістерін, қарқынын дараландыруды, нақты міндеттерді шешу кезінде ЕББҚ бар білім алушының нақты іс-әрекеттерін бақылау мүмкіндігін, қажет болған жағдайда білім алушы мен оқытушының қызметіне қажетті түзетулерді енгізуді білдіреді.
Білім беру процесінде оқытушы Оnline және Оffline сабақтарды ұйымдастырудың әртүрлі формаларын, соның ішінде виртуалды дәрістерді, чаттар, вебинарлар, семинарлар аясында пәнді меңгеру мәселелерін талқылауды, білім беру процесінің барлық қатысушыларын пәнді (модулді) игеру барысында зерделенетін пәндер бойынша белсенді жұмысқа қосу мүмкіндігімен жобалық қызмет технологияларын қолдана отырып, бірлескен жұмыстарды орындауды белсенді түрде қолдана алады.
Оқытушылар ЕББҚ бар білім алушыларды оқытуда оқу материалдарын жасақтаудың қол жетімділік бойынша негізгі принциптеріне сәйкестікті қамтамасыз
Достарыңызбен бөлісу: |