Пәннің қысқаша сипаттамасы Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы болашақта мамандардың алдына қойылатын тапсырмалар негізінде оқылады.
Курс компоненттері 1. Кіріспе. Балалардың және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары Ағзаның біртұтастығы. Ағза және қоршаған орта. Гомеостаз және оны анықтаушы факторлар. Балалардың және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Дамудың үздіксіздігі, әркелкілігі, ең маңызды жүйелердің дамуының жүретіндігі және гетерохрондылығы. Ағза даму мен өсуінің жас кезендерін анықтайтын негізгі көрсеткіштер.
2. Жүйке жүйесінің анатомиясы Жүйке жүйесінің құрылысы мен маңызы. Нейроның құрылысы мен қаситтері. Жүйке талшығының қасиеттері. Нейрондар арасындағы байланыс. Синапстар, ОЖЖ-де қозуды өткізу механизмі. Жүйке орталығы және оның қасиеттері. Рефлекс – жүйке әрекетінің негізі. ОЖЖ-нің әр түрлі бөлімдерінің функционалдық маңызы.
3. Жоғары жүйке әрекеті Жоғары жүйке әрекеті. Ми қыртысының құрылымдық және функционалдық ұйымдасуы. И.М. Сеченов және И.П. Павлов – жоғары жүйке әрекеті туралы ілімніњ негізін салушылар. Жоғары жүйке әрекетінің типтері, олардың пластикалығы. Шартты және шартсыз рефлекс туралы ілім. ОЖЖ-ғы тежелу. Шартсыз тежелу (индукциялық, шектен тыс тежелу) және олардыњ жас ерекшеліктері. Шартты тежелудің түрлері. Шартты тежелудің жасалуы – тәрбиенің физиологиялық негізі.
4. Талдағыштардың физиологиясы (сенсорлық жүйлер) Сыртқы ақапаратты қабылдаудың жүйелі ұйымдасуы. Ағзаның сенсорлық жүйелері. Ерте балалық шақта сенсорлық қабылдаудың ролі. Көру талдағышы. Көздің құрылысы мен оптикалық қасиеті. Есту талдағышы және оныњ жас ерекшелігі. Балалар мен жеткіншектердегі көру қабілетінің бұзылмауының және естімеушіліктеріді болдырмаудың алдын алу.
5. Эндокриндық жүйе Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипоталамус-гипофизарлық жүйе, оныњ ішкі секреция бездерінің қызметін реттеудегі ролі. Гипофиз, қалқанша, бүйрек үсті, ұйқы бездері. Жыныс бездері, олардың организм дамуы, өсуі жыныстық жетілуі процестеріндегі ролі. Жыныстық жетілу стадиалары. Жыныстық жетілудің физиологиялық және әлеуметтік аспектері (қырлары).
6. Тірек-қимыл жүйесі, оның ерекшеліктері Адам қанқасы. Буындардыњ құрылысы мен қызметі. Олардыњ иілістері, олардыњ қалыптасуы мен функционалдық маңызы. Ет жүйесі. Еттің құрылысы мен қызметі. Тірек-қимыл жүйесі, оның ерекшеліктері. Қозғалыс дағдыларының дамуы, жасқа сай және оныњ жас ерекшелігі. Адамныњ қозғалыс режимі. Дене бітімі, оның қалыптасуы, дене бітімінің дұрыс болуының маңызы. Дұрыс дене бітімін (келбетін) қалыптастыруда жаттығудың дене шынықтырудың ролі.