Байланысты: 1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік
Жер атсты және жер үсті сулар қорын, сапасын және режимін сақтау. Егер кенорын суландырылған болса, онда кәріз сулары мақсат бойынша пайдаланылмайды, жер асту су қорларын сақтау бойынша келесі іс-шараларды қарастыру қажет:
- жер асты суларын төмен жатқан сулы горизонтқа төгу немесе тасымалдау;
- «топырақтағы кереге» типтегі бараж, сүзілуге қарсы перде, cу перделер имараттары.
Бірінші әдіс таукен жұмыстарының тәжірибесінде кеңінен қолданылады және жер бетінен суды жұтқыш немесе қысып айдайтан скажиналарға өту арқылы негізінде жүзеге асырылады. Осы әдіспен жер асты тұщы сулар қорын толтыру жүргізіледі. Осы мақсат үшін жер үстіндегі су қоймалар мен ағын суларда жиналған тұщы сулар қоры қолданылуы мүмкін. Тұщы сулар жер бетінен сулы горизонтқа немесе табиғи жер асты сыйымдылығына сәйкес беріледі.
Соңғы кездері коптеген елдерде қоршаған ортаны қорғау мақсатында тәжірибеге скважина арқылы айдау жолымен жер қойнауына өндірістік ақаба суларды төгу, әсіресе токсикалды суларды төгу енгізілген. Басқа жағдайларда, ақаба сулардағы ластаушы заттар концентрациясы мен улылық деңгейі, массивтің геологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктері есебімен, тұздың шаймалану әдісімен жер асты су қоймаларын жасайды.
Терең жатқан (200-300 м және ары) жер асты сулардың эксплуатациялы қорын (әсіресе кернеулі) көбейту үшін, өндірістік ақаба суларын сақтауда мұнай өндеу өндірісінде жинақталған тәжірибе қолданылуы мүмкін.
Әдістерді жүзеге асыру, әсіресе жер асты коллекторларының қабылдау мүмкүншілігін, қордың жиналуын қамтамас ету кезінде, сапасын сақтау, шаймалау кезінде тұщы сулардың ластануының алдын алу, олардың изоляцияланғын, жағдайларының беріктігін анықтау үшін тыңғылықты қарастырулардың орындалуын талап етеді.
Өндірістік ақаба суларды жер қойнауында сақтауда күрделі мәселелер туындаан жоқ, бірақ та бұл әдіс аса қауіпті және оны қолдану ғылыми және экономикалық негіздемені, дұрыс орындалуын, әрдайым қолданыстағы гидрогеологиялық бақылаудың ұйымдастырылуын қажет етеді.
Сүзгіштікке қарсы перделерді құру. Жер асты суларының статистикалық және динамикалық ресурстары төгілгенде, пайдалы қазбалар кенорнын кептірудің дәстүрлі әдістеріне қарағанда, әртүрлі сүзгіштікке қарсы перде әдістерін жасау кенорынды игеруге дайындап және таукен өндірісі жұмыстарының қауіпсіз жағдайын қамсыздандырып қана қоймай басқада мңызды мәселелерді шешеді:
- таукен жұмыстары зонасына судың ағуын азайту және алдын алу, ашық су қоймалар мен ағындарға төгілетін дренажды слар көлемін азайту;
- кенорын ауданына жататын жер асты сулар қорын сақтау;
- жер асты суларының табиғи режимін сақтау.
Сонғысы оқпаланған алаптарға жер асты сулары орайластырылған кенорын үшін аса маңызды. Осындай кенорындарды байқаған кезде жер асты суларының тоқырау режимі бұзылады.
Әртүрлі сүзгіштікке қарсы перделер өндірісі дамыған мемлекеттерде құрылыс және таукен жұмыстары кезінде кенінен қолданылады. Әсіресе жер асты және арналы сулардың ағып келуінін алдын алуға тиімді және үнемді әдіс ретінде «топырақтағы кереге» типті барраждар қолданылады. Әдістің мәні су горизонтымен қиылысатын және ірі өндірістік немесе азаматтық нысандарды салу кезінде топырақ пен жер асты суларынын арнасын жабатын, су өтпейтін материалдан жасалған тік керегелі құрылғыда аяқталады.
«Топырақтағы кереге» типті барражды перделер Польшада Висланың сүзілген су ағынына қосылып кетпеу үшін күкіртті карьерлерді оқшаулау кезінде кенінен қолданылады. Сондай жұмыстар Германияда көмірді қазу кеарьерлерін жасау кезінде жүргізілген, сонымен қатар сүзгіштікке қарсы барраждар тиімділігін растаған. Біздің елімізде бірінші рет бұл әдіс 1968-1970 жж қолданылған, Украинада Роздольский ПО «Күкірт» Подорожненск күкірт карьерін салу кезінде қолданылған. Барражды траншей ұзындығы 11 км құраған.
Терең орналасқан су горизонтындағы жер асты суларын ұстау үшін сүзгіштікке қарсы перделер әртүрлі томпонажды материалдардан жасалған ұңғымалар арқылы айдау жолымен жасалады. Бұл әдіс 50 жылдар басында Венгрияның күрделі инженерлі-геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларымен ерекшеленетін бір көмір кенорнын ашу кезінде, тау өнімдеріне судын келуін алдын алу үшін ойдағыдай қолданылған.
Бірақ, сүзгіштікке қарсы перделер табиғи- және ресурстарды сақтауда үлкен мағынаға ие болсада, олардың тиімділігін қоршаған орта жағдайы нашарлаан кезде халық шаруашылығына келетін шығынның алдын алу есебімен бағалау қажет
Суы көп пайдалы қазбалар кенорнын жасау кезінде табиатты қорау іс-шараларын қолдану табиғи су ресурстарын сақтауға көмектеседі және үлкен халықшаруашылық нәтижеге ие.