Байланысты: 1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік
Суқоймалардың өздігінен тазаруы. Суқоймалардың күн энергиясының, әртүрлі бактериялар, саңырауқұлақтар және балдырлардың белсене қатысуымен судың үздіксіз ауысу салдарынан су өзбетінше тазару қабілетіне ие. Тоған мен көлдер суына қарағанда өзен суларының өздігінен тазару қарқыны жоғары. Бірақта, өзен суларының өздігінен тазару қабілеті жоғары болса да шегі бар. Кейбір ластаушы заттар (органикалық) өзендерде судың бір- екі тәуліктік қозғалыс кезінде немесе он және жүз киллометр аралығында жоғалады. Суқоймалармен реттеліп отыратын ағысы бар ірі өзендерде өздігінен тазару процессі күрделенген және кейде өзендер өздігінен тазару қабілетін мүлдем жоғалтады.
Су бассейнін тиімді пайдалану мен қорғау бойынша таукен өндірісінің экологиялық стратегиясы. Жүйелердің әртүрлі нұсқаларының талдауы суды қорғау талаптарын, сондайақ, қоршаған ортаны қорауды ескерумен табиғи суды дегдіту мен пайдалану бойынша таукен өндірісінің тиімді ісі жүйенің үш элементінің бірімен сипатталатынын көрсетеді:
- өндіріс сорылған сумен айналмалы жүйе бойынша жұмыс істейді;
- үлкен су сыйымдылықты технологиялық процестер кесірінен сорылған суды толық тұтыну кезінде қосымша су пайдаланылады.;
- тартып шығарылатын судың артығыи басқа тұтынушыларға берiледi.
Барлық көрсетiлген жағдайларда табиғи судың ластануы болмайды. Белгілі бір таукен өндірісі үшін тиімді жүйені таңдау жүйенің белгіленген элементтерінен, аудан мен өндірістің су балансын есептеумен сұлбаның лайықтылығын экономикалық бағалауда, құрғатуға кеткен шығын, тқгілетін сулар тазартылуы, оларды реализациялаудан түскен пайда, қоршағған ортаның ластануымен халықшаруашылығына келтіретін шығын жоба алдындағы жасалған жұмысқа негізделуі қажет.
Таукен өндірісінің жүйесін анықтайтын элементтері – табиғи су, кенорнның қабылданған құрғату жүйесі сияқты гидрогеологиялық жағдайлары ретінде анықталатын сорылатын су көлемі мен қасиеті болып табылады.
Тиімді пайдалану мен табиғи суларды қорғау мақсатында пайдалы қазбалар кенорнын құрғатуды ұйымдастыру кезінде төмендегілер қрастырылады:
Су қабатты горизонттардың селективті таралуы,
Жабық суқоймалардың ғимараттары,
Әртүрлі сападағы және әртүрлі минералды сулардың араласпауы үшін және ластану мен бітелуінін алдын алу үшін бөлінген су жинағыштар мен тазалау имараттары,
Олардың тазаруына қолайлы жағдай жасау.
Кәрізді және ақаба суларды тазарту бойынша имараттар кешенінде сусыздандыру, залалсыздандыру, жою және тұңған заттарды жинау жүйелері қарастырылу қажет. Тұңба және ерітіндіден алынған заттар мен элементтер максималды утильдену керек
Таукен өндірісінің суды тиімді тұтынуы бойынша іс-шараларды таңдау кезінде, суды тұтынудың азаюын қарау орында, суды тұтынудың ең қолайлы нормасын анықтау су сыйымды технологиялық үдерiстерде, кондиционирлеуде, ауаға гидротранспорттауда, суыту жүйелерінде жұмыс агенті ретінде суды ауыстыруына мүмкіндік береді .
Қазіргі уақытта өндіріс салаларында локальды тазалаумен судын қайтымды жабық жүйесі жасалып қолданысқа енген, олсуды тұтынуды біршама азайтады және кейбір жағдайларда суды суқоймаларға төгуді болдырмайды.
Жер атсты және жер үсті сулар қорын, сапасын және режимін сақтау. Сүзілуге қарсы пердені құру. Су бассейнін қорау бойынша қалпына келтіру іс-шараларын жасау. Тауккен өндірісінің ақаба суларын тазарту үшін құрылғылар мен ғимараттар.
Су бассейнін (табиғи суларды) қорғау астарында суларды тұтынудың бекітілген тәртібін сақтау, яғни қолданудың рационалды басқаруын қамтамас ету және қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттілігі үшін сапасын жақсарту мен қалпына келтіру кезінде оның ресурстарын сақтау мен толтыру түсіндіріледі.
Табии суларды қорғау, ұйымдастырушылық, гидротехникалық және инженерлі-техникалық кешендерді, сонымен қатар, су жағдайы мен сапасын үнемі бақылауда технологиялық, гтдротехникалық, агротехникалық және басқада іс-шараларды орындаумен жүргізіледі.
Табиғи суларды қорғау бойынша іс-шараларды жасау мен жүзеге асыру негізінде үш методологиялық принцип туындайды:
1) Су ресурстары күйінің бұзылуының алдын алу және сапасын сақтау;
2) Қажет жағдайда рационалды пайдалануды бұзу;
3) Пайдалану процесінде және одан кейін су сапасы мен күйін қалпына келтіру, қорларды толтыру.
Осы принциптерге сәйкес табиғи суларды қорғау іс-шараларының кешені екі топқа бөлінеді.
Бірінші топқа жер асты және жер үсті сулар қорларын, режимін, сапасын сақтауға бағытталған алдынала қорғау сипатындағы іс-шаралар жатады.
Екінші топқа рационалды пайдаланудан, тазартудан және суларды жер үстіндегі су қоймаларға, ағындарға,жер асты горизонттарына қайтарудан тұратын, қалпына келтіру сипаттағы іс-шаралар жатады.