Литература:
1. Кольева Н.С., Шевчук Е.В., Гонцова М.С. Разработка теоретических основ для
создания
виртуальной
лаборатории:
монография.
–
PalmariumAcademicPublishingisatrademarkof:
LAPLAMBERTAcademicPublishingGmbH&Co. KG. 2012. – 77 с.
2. Ильинский А. Высокие технологии как фактор повышения качества обучения и
преподавания // Высш. образование в России. – 2008. - №11. – С. 62-68.
Хороших методов существует ровно столько,
сколько существует хороших учителей.
Д.Пойа
Жақсы мұғалім бәрінен де қымбат ,өйткені мұғалім –мектептің жүрегі.
Ы Алтынсарин
Образованные, грамотные люди - это основная движущая
сила развития человечества в 21-м веке.
Н.Назарбаев
32
ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
ОБМЕН ОПЫТОМ
Ыбырай – шағын әңгіме шебері
Ж. С.Сагандыкова
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тауағаш орта мектебі
Есіл ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай – шағын әңгіме шебері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ақын өмірі
мен шығармашылығы, ағартушылық қызметі жөнінде білімдерін
тереңдету, өлеңдерінің, әңгімелерінің мазмұнын,тақырыбын,
идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын
молайту, шығармашылық қабілетін арттыру, өздігінен жұмыс
жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ана тілін қастерлеуге, сөз өнерін дәріптеуге,
ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Ойшақыру, топтастыру, сұрақ – жауап, СТО
стратегиялары.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: Ыбырайдың суреті, кітап көрмелері, тірек сызбалар
Сабақтың ұраны:
- Әрбір адам?
- Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ?
- Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісім?
- Тірлік,тірек, адамдық.
- Әрбір сөзім?
- Шындық, бірлік, адалдық
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдсатыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
Ыбырай өлеңдеріндегі табиғат суреті; Өлеңдерін жаттап келу.
3. Кім тапқыр?
Ақынның өлеңдерінен үзінді беріліп, жасырынып тұрған сөзді табу.
1.Таулардан өзен ағар ........ (сарқыраған)
Айнадай сәуле беріп ........... .(жарқыраған)
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты ......... .(арқыраған)
2. Өнер - білім бар жұрттар,
Тастан сарай ........... . (салғызды)
Айшылық алыс ............ (жерлерден),
Көзіңді ашып жұмғанша,
Жылдам хабар ......... . (алғызды)
3. Көңілің суын ішсең, .......... . (басылады)
Денеңде бар дертіңді ............ . (қашырады)
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып, ............ . (басылады)
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да
33
Шуылдап желмен бірге ........... . (бас ұрады)
4. Жаңа тақырыпты меңгерту немесе мағынаны тану.
Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясын» жазудағы мақсатын айтып, оған енген
әңгімелерінің тақырыбын айтып беру. Ары қарай оқушылардың өздері сол әңгімелері
бойынша ой өрбітіп, талдау жасайды.
5. Берілген әңгімелерінің мазмұнын баяндау
Әке мен бала
Талаптың пайдасы
Түлкі мен ешкі
Атымтай жомарт
6. Осы әңгімелері бойынша сатылай кешенді талдау жасау
Шығарма аты
Авторы
Тақырыбы, идеясы
Жанр түрі
Кейіпкерлері
Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер
7. Әдебиет лотосы.
Шығармадан үзінді
Шығарма
атауы
Айтар ойы,
идеясы
Біраз жер жүрген соң, Асан “Қарным ашты”,- деп жылады.
Үсен үндемей келе жатса, екеуінің алдынан бір үйрек ұшып,
ұзамай қасына қонды. Асанның онымен ісі болмай жүре берді.
Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына
түскен кісінің қолын кесетұғын. Бір төре осындай іспен кінәлі
болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, кінәлі төренің жас
қыз баласы әкем үшін жауап беремін деп, мәлім болды.
Сейіт жол үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп,
аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырып алыпты. Ойбайлап жылап
жатқан баланы көріп анасы есінен танып қалыпты.
8. Жылдар сөйлейді.
Тақтада көрсетілген жылдар бойынша сол жылдарда ақын не істегенін тауып,
тақтаға жазып отыру.
9. Сәйкестендіру тестісі.
1841ж. 20 қазан Торғайда арман еткен мектебі ашылды
1881 ж. «Қазақ хрестоматиясы» басылып шықты
1889 ж. 30 шілде Ырғызда қыздар мектебін ашты.
1887 ж. Дүниеге келді.
1879 ж. Инспекторлыққа тағайындалды.
1850 - 1857 ж.ж Тұңғыш мұғалімдер мектебін ашты.
1864 ж.8 қаңтар Орынборда жеті жылдық мектепте оқып білім алды.
Ауыр науқастан қайтыс болды.
34
10. Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.
11. Үйге тапсырма. 1.Ыбырай әңгімелерін оқу
2. «Ыбырай – аудармашы» тақырыбына мәнжазба жазу
3.«Ыбырай - балалар әдебиетінің атасы» тақырыбына
ойтолғу жазу
Әдебиеттер
1.
Таңдамалы шығармалары.- Алматы «Ғылым», 1994ж.- 289
2.
Өлеңдер жинағы
3.
Қазақ әдебиеті энциклопедиясы – 75 бет
4.
«Әдебиет сабағында сатылай кешенді талдау» - Р.Оразахынова, 2009
5.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. 2010ж., №6, 27 бет
6.
«Қазақ әдебиеті» кітабы, Алматы «Мектеп». 2010ж.-101 бет
7.
Қазақ әдебиетіне арналған хрестоматия. «Арман – ПВ» баспасы, 2006
Чтение – вот лучшее учение!
А.К. Карабатырова
начальник отдела по АОВ
ФАО «НЦПК «Өрлеу» «ИПК ПР СКО»
Писать – значит читать себя самого.
А.Франс
Чтение - это окошко, через которое дети видят и познают мир и самих себя. Оно
открывается перед ребенком тогда, когда начинается работа над словом, охватывающая
все сферы активной деятельности духовной жизни детей. Без творческого труда,
создающего красоту, без сказки и фантазии, игры и музыки невозможно представить
чтение как одну из сфер духовной жизни ребенка.
Воспитание талантливого читателя, умеющего самостоятельно рассуждать и
творчески воображать, профессионально-грамотно воспринимать художественное
произведение - одна из задач литературного образования.
Полноценное восприятие любого явления искусства, в том числе и
художественного текста,- сложный творческий процесс, опосредованный всем
жизненным, эстетическим и эмоциональным опытом ребенка.
На протяжении многих лет, обучая детей русскому языку и литературе как
второму языку, мы приходим к выводу, что для того, чтобы ученик мог размышлять и
сопереживать, делать элементарный анализ прочитанного, необходимо выработать у
школьника приемы анализа, помогающие ему понимать художественный текст.
Оставаясь необходимым источником знания, восприятие обеспечивает человеку
целостность мировоззрения, в фундаменте которого лежат как научная картина мира, так
и вненаучное представление о нем. Мир следует постигать и мыслью, и сердцем. По
определению ученых в области педагогики следует, что лишь совокупность научной и
«сердечной» картины мира дает достойное отображение мира в его сознании и сможет
быть надежной основой для поведения.
Таким образом, обучение чтению школьников – важная методическая проблема,
способствующая формированию у учащихся навыков связного высказывания,
выражения собственных мыслей, общих речевых умений. В основе этого вида работы
лежит анализ текста, позволяющий выявить позицию автора, пробудить у учащихся
желание размышлять и делать свои умозаключения.
Надеемся, что предлагаемый в статье подход к работе над художественным
текстом в какой-то степени поможет осознать необходимость переосмысления главной
задачи школы – дать ребенку возможность не только получить знания, но и открыть что-
то самостоятельно, научиться думать, принимать решения, быть готовым учиться всю
жизнь. Для анализа предлагаем рассказ Б.Канапьянова «Перекресток» [1, 89].
35
ПЕРЕКРЕСТОК
На линию судьбы ребенка
Легла снежинки шестеренка.
Снег плыл вертикально. Шестеренки снежинок вращали цветущую, такую
привычную майскую весну в Алма-Ате вспять. Они сливались со цветеньем урюка —
этого вечного ускорителя весны, ибо расцветает он раньше, чем распускаются его
листья.
Снег забивался в зеленые кудри яблонь, и они ломались, как обледенелые
крылышки птиц.
Снег ложился на ветви, и те, не выдержав снежной бездны неба, рушились,
оставляя на стволах незаживающие шрамы трагедии. Одно дело — прогнуться осенью
под тяжелыми дарами природы, и совсем другое — умирать цветущей ветвью в арыке,
утопая в сугробе.
Снег плыл вертикально. Шестеренки превращались в маховики снега и лепились к
часам на башне Главпочтамта. Стрелки показывали вечность, ибо они остановились, да
их и не было видно под снегом.
Снег плыл вертикально. Все меньше машин спускалось с холмов реальности.
Пробивая пелену тумана желтыми фарами, они исчезали за перекрестком в белой мгле,
изредка мигая стоп-сигналами тревоги.
Снег плыл вертикально. Среди невидимых стен в квадратах освещенных окон, как
на семейных фотографиях, проступали испуганные лица. Портреты-окна смутно
желтели где-то в воздухе и плыли в объятиях снега. Потом и это исчезло, и только —
снег, снег, снег...
Я слышал звук падающего снега.
Я протянул ладонь. На ней на мгновенье застыла ювелирно отточенная
шестеренка снежинки. Этого мгновенья мне хватило, чтобы поверить в непред-
сказуемую силу природы.В снежинку и в стихию.
Утром пятнами живой крови стыли тюльпаны на клумбах. Их высокие чаши
были наполнены снегом. Снег умирал, расплавляя с каждым часом все больше своих
шестеренок в недрах упругих бутонов.
36
Что можно противопоставить снежному забвению?
Только цветение жизни.
Хрустит под ногами
рассыпчатый снег,
Так яблоко
летом надкусывают.
И сквозь шорох шагов
я слышу
твой смех:
Это яблоко — самое вкусное!
На первом этапе урока с целью формирования интереса к личности поэта следует
познакомить учащихся с биографическими данными.
Бахытжан Канапьянов родился 4 октября 1951 года, в семье учителей в
Кокшетау, потомок Чингисхана («чингизид»), Абылай хана, Чокана Валиханова. Отец
его, Мусахан Канапьянов, был известным казахским педагогом и просветителем. Но
сын после окончания средней школы поступил в Казахский политехнический институт.
В 1974 году Б.Канапьянов получил диплом инженера-металлурга. Работая по
специальности, опубликовал ряд научных статей. Однако рано проявившийся
незаурядный талант, нашедший горячую поддержку у знаменитых поэтов-
современников, неудержимо увлекал его в сферу искусства, поэтому он полностью
посвятил себя литературно-художественной деятельности. В 1983 году окончил в
Москве Высшие литературные курсы при Союзе писателей СССР. С 1984 по 1991 гг.
работал старшим редактором в издательстве «Жалын», затем литературным
консультантом в Союзе писателей Казахстана.
«Конечно, Канапьянов – прежде всего поэт, который не только объездил
полмира, но и вызвал интерес к своей поэзии в самых разных его концах. Стихи его
переведены более чем на десять различных языков, начиная от казахского и грузинского
вплоть до украинского и английского» [2, 6].
Бахытжан Канапьянов – лауреат премии Ленинского комсомола Казахстана
(1986), заслуженный работник культуры РК (1998), лауреат премии им. Смагула
Садвакасова Союза журналистов Казахстана (1999).
Стихотворения «Звезда», «Гусь над городом», « Белые строки дождя», « Подарок
чабана», «Родной очаг» широко известны читательскому кругу не только в Казахстане,
но и за ее рубежом.
Знание родного языка и совершенное владение русским языком, национальное
мироощущение и общечеловеческое, освоение русской и мировой культуры во многом
определили своеобразие Бахытжана Канапьянова.
Поэзия блестящая, новаторская по форме и глубоко философская по
содержанию - органически вписывается в сокровищницу мировой литературы. Поэт
убежден, что поэтическое осмысление жизни необходимо, так как поэзия напоминает
людям об ответственности за сохранение высших духовных ценностей человека.
Прежде чем приступить к чтению рассказа, рекомендуем провести работу над
заголовком текста и содержанием эпиграфа. В этом помогут следующие вопросы:
- Как вы думаете, о чем или о ком пойдет речь в рассказе с таким названием?
Примерные ответы учащихся: ( о дорогах, которые непременно пересекутся в одной
точке; о судьбах двух людей; о месте, где произойдет что-то важное и т.д.).
- Когда вы произносите слово «перекресток», какие ассоциации у вас возникают?
Расскажите о них. ( Светофор. Множество машин и людей).
- Выделите ключевые слова в эпиграфе, аргументируйте свой ответ.
Ответы учащихся обобщаются учителем, подводится итог беседы.
37
Затем учитель читает вслух текст, делая остановки после каждой логически
законченной частью, во время которых он обращается к классу с вопросами, например:
- О чем теперь вы хотели бы узнать?
- Какие вопросы возникают у вас при восприятии этой части рассказа?
- Почему автор уподобляет снежинки шестеренкам?
- Что способствовало тому, что автор поверил в непредсказуемую силу природы?
- Намеренно ли автор вводит в эпизод образ остановившегося времени?
- Почему у людей испуганные лица?
- Какова идея рассказа?
- Как вы думаете, случайно ли автор заканчивает рассказ стихотворными строками?
Аргументируйте свой ответ.
С методической точки зрения, суть данного приема заключается в следующем:
учитель должен научить учащихся осмысленно вчитываться в текст, ставить перед
собой вопросы, выделять главное, основное. Все это в итоге поможет выработать у
учащихся активную нравственно-жизненную позицию.
Несомненно, при комплексном анализе текста следует обратить внимание и на
роль метафор, слов - символов, цветообозначений и сравнений. Как отмечает
В.А.Маслова: « Восточные поэты были убеждены, что если не прибегнуть к помощи
метафор, сравнений, аллегорий и других тропов, то поэтическое произведение не будет
отличаться от обычной разговорной речи, не приобретет поэтического характера». [3,
147]. В тексте встречаются сравнения: красный тюльпан, как пятна живой крови, окна,
как семейные фотографии, зеленые кудри яблонь, как обледенелые крылышки птиц.
Автор подмечает нежность зеленых листьев молодых яблонь, сравнивая их с
крылышками (уменьшительно-ласкательный суффикс в слове) еще не окрепших птиц.
Ветки ломались под тяжестью снега, это трагедия, так как гибнет все живое вокруг, идет
борьба между жизнью и смертью, схватка на перекрестке дороги жизни. Возможно,
поэтому рассказ так и называется - «Перекресток». Угрозу жизни цветущему урюку
несет снег, который вначале «плыл», затем «забивался» и «ложился», снежинки
уподобляются шестеренкам. Шестеренка – эта важная деталь в машинном двигателе,
приводящая в движение всю систему, а если вся система заработает, то машина придет в
движение. В данном случае – движение – это смерть для цветущего сада. « Шестеренки
снежинок вращали цветущую, такую привычную майскую весну в Алма-Ате вспять».
На вопрос, звучащему в конце рассказа: что можно противопоставить снежному
забвению? Автор отвечает однозначно: только цветение жизни.
По мнению Б.Канапьянова, светлое начало, пробуждение, чувства, несущие
радость и жизнеутверждающее всегда доминируют над черным и злым. Человек и
Природа всегда в постоянной взаимосвязи, у каждого народа, живущего в определенных
социо-природных условиях вырабатывается соответствующее мировосприятие,
своеобразное мироощущение. Они – ценнейший источник сведений о культуре и
менталитете народа. Как отмечает Табакова З.П. « Познание языка другого народа,
приобщение через язык к его культуре создает тот фундамент, на котором в
разноэтническом обществе, каким является Казахстан, осуществляется диалог разных
культур, формируется толератность и взаимное уважение и доверие разных этносов».
[4, 38]
Литература
1. Канапьянов Б. Плывут облака - Москва, «Русская книга», 57с.
2. Бадиков В.В. Линия судьбы – Алматы, 72с.
3. Маслова В.А. Лингвокультурология – Москва, 154с.
4. Табакова З.П. Этнопоэтика - Петропавловск, 93с.
38
Қазақстанда теңдесі жоқ қазақ-британ жобасы жүзеге асырылуда
Н.К.Жұмекеева
«Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы»
АҚ филиалы «Атырау облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»
деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
Келешек ұрпақты қалай оқытқан тиімді?
Бұл сұрақ әр педагогты толғандыратыны сөзсіз. Баланың білім
алуында мұғалім маңызды рөл атқарып келді. Дегенмен білім беруде
бала не білу керектігін түсінсек те, оны қолдана алуды қалай үйрету
керектігін қиналып жүрген шақтарымыз да болды. Дәстүрлі оқытуда
мұғалім пәннің мазмұнына көп назар аударып, ал оқушының білімді
қалай қабылдап жатқанына мән бермегенін мойындау керек.
Сондықтан болар оқушының сабаққа деген қызығушылығы
төмендегені, мұғалімнің авторитарлық стилінің бой алуы, осының
барлығы оқу сапасын төмендететінін көрсетті. Қазіргі білім саласына айтарлықтай
реформа әсіресе осы уақыттағы ұлттық құндылықтарға, заман ағысына ілесе алатын, мол
ақпараттарды игере меңгере білетін, өмірге бейімделе әлеуметтене білетін, кәсіпке даяр
ұлттың рухы биік жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту үшін қазіргі дәстүрлі жүйенің
қауқарсыздығы байқалып жүргені, оны түбегейлі өзгерту қажеттілігі өзекті мәселе
болып отырғаны барлығымызға мәлім. Сондықтан
да білім берудің жаңа әлемдік тәжірибеге
негізделген Қазақстандық моделінің қажеттілігі
туындады.
Осы бағытта бүгінгі таңда әлемдік білім беру
кеңістігіне ену үшін, Қазақстанда алғаш рет жас
ұрпақтың келелі болашағы жолындағы жаңа
серпіндегі мемлекеттік жоба - ҚР президенті
Н.Ә.Назарбаевтің қолдауымен, Дербес Білім беру
ұйымы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жанынан
Астана
қаласында
құрылған
Педагогикалық
шеберлік орталығы Кембридж университеті тәжірибесі негізінде 2012 жылдың 23
қаңтар-16 наурыз аралығында жаңа формациядағы мұғалімдерді дайындау үшін
тренерлерді оқыту бағдарламасы бойынша Қазақстанның әр облысынан 300-ге жуық
мамандарды жинап, үш айлық біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.
Атырау облысынан 9 институт қызметкері Астана қаласы Педагогикалық шеберлік
орталығында алдын ала әңгімелесуден өтіп, Кембридж университетінің ғалымдарынан
дәріс алды. Осындай теңдесі жоқ, біртұтас логикалық түрде байланысқан, нәтижеге
бағытталған жаңа жобаның жаршысы болғаныма өзімді бақытты санаймын, алған
әсерім мол. Себебі, мен әлемдік білім беру жүйесінде жоғары орында тұрған Кембридж
университетінің ғалымдарынан білім аламын деп үш ұйықтасам да түсіме кірмеген еді.
Кембридждік әріптестеріміздің жақсы қасиеттерінің бірі – олар өте қарапайым,
мейірімді, үнемі жүздерінен күлкі кетпейтін және көмек көрсетуге, серіктес болуға
дайын қайырымды абзал жандар. Сабақ беру әдістері де мүлдем басқаша, өздеріне тән
сыпайылықтарымен барлық проблемалық сұрақтарды тыңдай отырып шешім табу
жолдарына бағыт бағдар беріп, кез келген проблеманың оңтайлы жолын табуға
көмектеседі.
39
Бұл
бағдарлама
сындарлы
оқыту
теориясына
негізделген.
Бұл
теория
оқушылардың
ойлауын
дамыту
олардың
бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе
сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен,
оқулықтан және достарынан алған білімдерімен
өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады
деген
тұжырымға
негізделеді.
Сындарлы
оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең
түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін
сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Педагогикалық іс-тәжірибемді көз алдыма елестетсем, 19 жыл ішінде талай әдіс-
тәсілдерді, жаңашыл технологияларды үйреніп, тәжірибемнен өткізіппін. Осыдан 8 жыл
бұрын сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту технологиясын меңгердім, бірақ тек қана
оқыту стратегияларын (интерактивті әдістерін) ғана үйреніппін. Кембридждік
әріптестеріміз ұсынып отырған курс тек стратегияларын емес, сыни тұрғыдан ойлау
философиясын терең түсінуге бағытталған. Бұл курста Кембридж бағдарламасын
әзірлеушілердің пікірінше, білікті ұстазға теориялық та, тәжірибелік те білім қоры қажет
екендігі баса айтылған болатын. Біздің оқытуға деген көзқарасымызды өзгерту
қажеттілігін Кембридж университетінің оқытушылары өздерінің қарапайым іс-
әрекеттері арқылы еріксіз мойындатты. Жобаның басты бағыты–оқушының білім
көлемін көбейтуге емес, оқушыға білімді өз бетімен алу тетіктерін үйрету, балалардың
не үшін оқып жатқаның түсінуі, өздерінің мақсаттарына жету үшін не көмектесетінін
анықтауы. Мұндай оқытуды өте тиімді деп есептеймін, себебі, оқушылардың нені оқып,
үйреніп жатқанын терең, жан-жақты түсінуін қамтамасыз етеді.
Өз өңірімізде облыс педагогтарына бағдарлама мазмұнын тиісті дәрежеде жеткізу
және жаңа формация мұғалімін дайындау–біздің басты міндетіміз. 2012 жылдың сәуір
айынан бастап күні бүгінге дейін Атырау облысы бойынша 506 мұғалім үшінші
(базалық) деңгейлі біліктілікті арттыру курсынан өтті. Кембридждік әріптестеріміздің
үйреткендерін өзгеге жеткізу және көп жылдар бойы мұғалім бойында қалыптасып
қалған таптауырынды өзгерту біз үшін оңай шаруа емес. Өйткені, қазақстандағы білім
беру саласына үлкен өзгерістің қажет екенін білсе де, мойындағысы келмейтіндер де аз
болған жоқ. Курс барысында тыңдушылар арасында қызу тартыс пайда болып кеткенде
бір-біріне дес бермей, қателіктерін тауып, оны баса айтқанды жақсы көріп жатқан
сәттері де болды. Сол кезде біз тренер ретінде мұғалімдерге ағылшындық тренерлердің
«Қазақстандық мұғалімдер қателесуден қорқады екен, сіздер үшін кез-келген іс қатесіз
орындалу керек сияқты. Шын мәнінде қателіктен қорықпау керек, қателесу арқылы
мақсатқа жете аласыздар» деген сөздерін естеріне салып, ой тастаймыз. Осылайша
берген бағытымыз мұғалімдерді ойландырған сияқты, себебі олар ынтымақтастықтың
нәтижесінде барлық мәселеге де түсіністікпен қарап, бұл бағдарламаны қолдап, өз
сабақтарына мүлде басқаша көзқараспен қарай бастады. Олар оқыту үрдісін үнемі
бақылап және рефлексия жасап отыру керектігін, сыныпты зерттеу, оның нәтижесін
жазу, тиісті қорытындылар шығарып, оны жетілдіру жолын қарастырып отырудың
қажеттігін түсініп, өз қызметтеріне, іс-әрекеттеріне сын көзбен қарап, аналитикалық
талдау жасап та үйрене бастады. Мұғалімдердің кәсіби жауапкершілігі мен деңгейі
бірнеше есе артты десем қателеспеймін. Мұғалімдердің біліктілік санаттары көтеріліп,
сан алуан байқауларда оқушылары және өздері жүлделі орындарға ие болып, ашық
сабақтары баспа беттерінде жариялануда.
Менің ойымша, бұл-үлкен жетістіктіктер.
Облысымызда
сертификатталған
мұғалімдер
қатарынан
педагогикалық
қауымдастық құрылды. Педагогикалық қауымдастықта бір кісідей жұмылған, өте
ұйымшыл, әрбір мәселеге дереу ден қойып, одан тез арада қорытынды шығара білетін
40
мұғалімдер қызмет атқаруы тиіс. Алда маңызды жұмыстар, үлкен міндеттер жүктеліп
тұр. Егер әр мектеп басшысы, әр мұғалім өзінің қоғамдағы адами және кәсіби рөліне
мән беріп, өз салмағын саралап, қосар үлесі мен келтіретін зиянын таразыға салып бір
сәт ойланса, қазіргіден де зор табыстарға жететіндеріне сенемін.
Біліктілікті арттыру жүйесіндегі жаңа форматтағы үш айлық курстың
құрылымының өзі маңызды, себебі әр тыңдаушыға курста алған білімін мектеп
тәжірибесіне ендіріп, кейін оны үшінші «бетпе-бет» кезеңінде әріптестерімен талқылау
арқылы кемшіліктерін жою және өзіндік рефлексия жасауға мүмкіндік туғызады.
Ойымды
қорытындылай
келе,
мұғалімдердің мәртебесін арттырып, осы жобаны
жүзеге асырып жалғастыру үшін, олардың бүкіл
қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және
кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету,
сондай-ақ мектеп әкімшілігі және әріптестер
тарапынан
жан-жақты
қолдау
және
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән
берілсе,
бұл
жобаның
Қазақстан
Республикасының білім беру саласына тигізер
пайдасы өте зор.
Жаңа жоба - жаңалықтың жаршысы
С.Х. Хайруллина
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының
филиалы «Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты» деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі, тренер
Бүгінгі таңда қазақстандық білім берудің деңгейі мен
сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Мемлекет басшысы
Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандық мұғалімдердің кәсіби дамуы
саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі
қосымша оң өзгерістерді енгізуге мүмкіндік берді. Елбасы 2012
жылы
05
қыркүйегінде
Н.Ә.Назарбаев
университетінің
студенттері алдында «Қазақстан білім қоғамы жолында» деп
аталатын лекциясында «...мұғалімдер біліктілігін арттыруға және
оларды материалдық ынталандыруға жеке назар аудару қажет.
Біз озық педагогикалық тәжірибелер негізінде әзірленген
педагогтарды қайта даярлаудың жаңа үш деңгейлі бағдарламасын енгіздік. Үкіметке
таяудағы бес жыл ішінде 120 мың мұғалімді біліктілік арттырудың жаңа бағдарламасы
бойынша оқытуды қамтамасыз етуді тапсырамын» деп зор міндеттер жүктеді.
Мемлекет басшысының осы тапсырмасына орай, «Назарбаев зияткерлік
мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім
беру факультетімен бірлесе әзірлеген деңгейлі бағдарламалар негізінде қазақстандық
мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша қазақстан-британ жобасы жүзеге
асырылуда. Елбасымыздың осынау маңызды
тапсырмасын орындау барысында «Өрлеу»
біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ
филиалы
Атырау
облысы
бойынша
педагогикалық
қызметкерлердің
біліктілік
арттыру институты да жүйелі жұмыстар
жүргізуде.
Астанада оқып, біліктілігін жетілдірген,
портфолиосын жақсы қорғап, тапсырған 6
41
тренер «Назарбаев зияткерлік мектептері» және Кембридж Халықаралық Емтихандар
Кеңесімен берілген сертификатқа ие болды. Олар бүгінде Атырау облысы жалпы орта
білім беретін мектептер мұғалімдеріне үшінші (базалық) деңгейдегі үш айлық курстарға
дәріс беруде. 2012 жылдың қыркүйек айынан бүгінге дейін 506 мұғалім үш айлық
курстарда біліктілігін арттырып, 495 мұғалім сертификатқа ие болды.
«Мектептің жаны–мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы.
...яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы.
Солай болған соң ең әуелі мектепке керегі–білімді, педагогика, методикадан хабардар,
жақсы оқыта білетін мұғалім» деген еді қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ұлттық
мектептерге арналған алғашқы қазақ тілі оқулықтарының авторы, ғалым Ахмет
Байтұрсынов. Бір ғасырдай бұрын айтылса да бұл сөздер өз мәнін жоймақ емес. Оның
ойынша, мектеп үшін ең маңызды нәрсе – кәсіби педагогика, әдістемелік тәсілдер,
балаларды оқыта алатын ұстаз.
Бұл жаңа Бағдарламаның да басты міндеті–қазақстандық мұғалімдерге
педагогикалық тәжірибесін, әдіс-тәсілдерін жетілдіруге көмектесу. Қазақстанның мектеп
жүйесінің мықты жақтары да, жетістігі де бар. Оның үстіне бұл Бағдарлама
мұғалімдердің жоғары дәрежеге қол жеткізген барлық әлемдік мектептердің арасында
қолданып жүрген сындарлы теорияға негізделген тәсілмен жұмыс жасауға мүмкіндік
туғызып отыр. Бұл теория оқушылардың білімді сыныпта оқытушыдан, оқулықтардан
және сыныптастарынан ынтымақтаса, пікір алмаса отырып, диалог құру, бірлескен оқу,
зерттеу барысында алуына мүмкіндік береді.
Курс кезінде мұғалімдер де топтық, жұптық жұмыстар барысында ақпарат
алмасады, өздері сұрақтарға жауап іздестіріп, әрекет етеді, мұғалім дағдысын дамытады,
білімін шыңдайды, кәсіби біліктілігін көтереді. Олар күнделікті оқу үдерісіне өздері
қатысып, оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдермен танысып, білімін дамытады.
Осындай үш айлық, деңгейлік курстың тыңдаушысы Махамбет ауданы О.Шонаев
атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сидегалиева Айгүл: «Бұл айда біз
тек курс Бағдарламасымен ғана танысқан жоқпыз, жұмыс жасаудың жаңа тәсілі
топтасып жұмыс жасауға машықтандық. Топтың маңыздылығын түсіндім. Апта сайын
топтарды ауыстырудың арқасында бірімізді-біріміз жете таныдық, әрқайсысымыздың
бойымыздағы жақсы қабілетімізді танып, үйрендік. Берілген тапсырма бойынша жоба
жасаудың қыр-сырын меңгердік.
42
Айтар ойымыздың ең мәйегін көрсету жолдарын түрліше етіп құрастыруымыз, оның
маңыздылығын жан-жағынан, әр қырынан көрсетуіміз біздің де сыни ойлауымыздың
нәтижесі ретінде кабинет қабырғаларынан көріне бастады. Күнделікті берілген дәрісті
кері байланыс арқылы қорыту, сол күнгі жұмыстың нәтижесінің шағын хабарламасы
толып жинала берді. Бағдарламада берілген модульдегі жаңа тәсілдерді оқи отырып, оны
күнделікті жұмысымыздың өн бойында бірге қабаттаса жүргенін енді байқағандаймын.
Оған дәлел: бірлескен топтық жұмыстағы диалогтік әдіс арқылы пікірлесу, талдауымыз,
оны сын тұрғысынан талқылауымыз, әрине көп болып атқарған жұмыста дара шығып,
сол топтың белсендісі, соңғы нүктесін қояр қабілетті, дарындысы да анықталып отырды.
Курс аяқталғанға дейін қалай АКТ-ны тиімді пайдалануды игеріп шыққандығымызды
өзіміз де сезбей қалдық. Өйткені, әр тапсырманы орындауда Интернет желісін
пайдалану, таныстырылымдарды тек АКТ-ның көмегімен атқару, жеке сайттармен
жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуы АКТ-ның тиімділігінің тағы бір дәлелі болды.» -
деп, курс туралы ойларын қорытса, Құрманғазы ауданы, Д. Нұрпейісова атындағы орта
мектептің қазақ тілі әдебиеті пәндері мұғалімі Мұхамбетшиева Жазира курстан кейінгі
пікірінде былай дейді: «Бұған дейін де бірнеше білім жетілдіру курстарынан өткеніммен,
ол менің ішкі сұранысымды қанағаттандыра алмады, оқу үдерісін оңтайландыруда әдіс-
тәсілдерді әлі де жетік меңгермегенімді сезіндім. Мен нені үйрету керектігін
білгеніммен, қалай оқыту керектігіне келгенде қиналдым. Сол қажеттілікті
қанағаттандыру мақсатында «Оқу мен оқытудың жаңа әдіс–тәсілдерді үйрену үшін үш
айлық курсқа келіп, табысты оқуға жетудің жеті кілтімен таныстым десем болады.
Мұғалімнің біліктілігін арттыруға бағытталған осы Бағдарлама заманауи ғылыми
зерттеулердің шынайы нәтижелерінің және оқытудың озық практикалық тәжірибесінің
ықпалдасуын көрсете отырып, қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың
стратегиялық жоспарларының мақсаттарына сәйкес келеді («Мұғалімге арналған
бағдарлама»,5-бет). Оқыту үрдісі жаңа әдіс–тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдауды
талап етеді. Мектепке барғаннан кейін жаңа серпіліспен, жаңа әдіс-тәсілдермен жұмыс
жасай бастадым.
Оқушыларым сабақ соңында рефлексия жазуды әдетке айналдырды. Яғни,
өздерінің не істеп, не үйренгендері туралы ойланып, толғанады. Дұрысты бұрыстан
айыруды үйренеді. Содан кейін бір байқағаным оқушылар өз ойларын іркілмей,
қорықпай айта алуды үйренді.
Оқудағы танымдық оқу мен жас ерекшеліктерін ескерсек, « танымдық даму-
баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті, яғни танымдық даму оқуға деген
қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және
шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға
қатысты» («Мұғалімге арналған нұсқаулық» 77-бет) екендігі белгілі. Сабақ өн
бойындағы тренинг, тапсырма, сұрақ, стратегиялар, бағалау – бәрі-бәрі оқушылар жас
ерекшелігіне сай сұрыпталып, таңдалды.
Курс Бағдарламасын басшылыққа алып өткізген сабақтарымда оқушылардың
білімге деген құштарлықтары, оқу үдерісіне деген қызығушылықтары ояна бастады. Ең
бастысы бұл жұмыстар жүйелі жүргізілсе, оқу сапасының артып, табысты оқуға қол
жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. Аталмыш бағдарлама менің де өзгеруіме
әсер етті. Оқушыға үйрете отырып, өзімнің де үйренген кездерім жетерлік. Оқушының
бойына білім нәрін жеткізіп, аянбай талмай еңбек ету-әрбір мұғалімнің міндеті. Әуелі
мұғалім, одан кейін оқушы, біртіндеп қоғам осы тәжірибеге бейімделіп, үйрене бастаса,
болашағымыз жарқын, жастарымыз білімді алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер
қатарынан көрінеріміз хақ.»
Курстан кейін бұл мұғалімдердің оқушыға деген көзқарасы, әдіс-тәсілдері,
мақсаты, бағалау үдерісі өзгерді. Олар бүгінде кәсіби өскен, дамыған, құзырлы,
көшбасшы мұғалімдер. Облыста «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ
филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілік арттыру
43
Ауыл дегеніміз - халықтық тұрмыс-салтымыздың, ұлттық мәдениетіміз бен
әдет-ғұрпымыздың, рухымыздың алтын бесігі.
Н. Назарбаев
Воспитание - исскуство, искусство сложное и трудоемкое, которое заслуживает
быть отдельной наукой.
М.Жумабаев
институтының директоры Маржан Әнесқызы Ғалымжанованың қолдауымен
«сертификатталған мұғалімдердің қоғамдастығы» құрылды. Қоғамдастықтың мақсаты–
мұғалімдерді қолдау, өз тәжірибелерімен бөлісу, жаңалық ашу, үйрену, қиын
түйіндерді, мәселелерді бірлесіп шешу.
«Нашар мұғалім шындықты жеткізеді, ал жақсысы–оны іздеп табуға үйретеді»-
деген екен Адольф Дистерверг. Бұл сөздер жиырма бірінші ғасырдың табысты
мұғаліміне арналғандай. Жеке тұлғаның дамуына бағытталған бұл жоба әр оқушының
еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, сыни ойлайтын, ынталы,
құзырлы тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мұғалім өзінің сабақ беруіне емес,
бірінші кезекте оқушылардың оқу ептілігін қалыптастыруға баса назар аударады.
Ақпарат беріледі, ал білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, яғни Дистерверг
айтқандай, білімді өзі ізденіп табады, мәліметтерді мұғалімнің көмегінсіз табады, өзекті
мәселені өзі анықтайды, талдайды, бағалайды. Бұл үдерісте мұғалім тек оқушыларға
қолдау, көмек көрсетеді.
«Егер сен болашақтағы өзгерісті көргің келсе-осы өзгерісті өз уақытыңда жаса»-
деген екен Үнді халқының қоғам қайраткері Махатма Ганди. Бұл жаңа жоба–білім
әлеміндегі жағымды жаңалық, болашақтағы өзгеріс.
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінен келген мұғалімдердің өз жұмыстарына
көңілдері толып, қуанғаннан жанарларынан от ұшқындап, өзіндегі өзгерісті,
оқушыдағы өзгерісті сөзбен айтып жеткізе алмай жатқанда, бұл жобаның дер кезінде
қабылданған, уақытында жасалған өзгеріс екеніне көзің жетеді. «Жүз жылдығын ойлаған
халық тал отырғызады, мың жылдығын ойлаған халық бала оқытады» - деген халық
нақылына сүйенсек, ұрпақ үшін жасалып жатқан игі жұмысымыз табысты болсын дейік.
Жайнай бер, менің Астанам!
Ж.А.Бостанкаева
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Имантау орта мектебі
Айыртау ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Елордасы Астана қаласы туралы
жан-жақты мағлұмат беру, білімдерін кеңейту, тапсырмалар арқылы
бекіту, сұрақтарға жауап беру, жаңа сөздерді меңгерту.
2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын
қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту, оқушылардың көру, есте сақтау,
тыңдау, танымдық, шығармашылық қабіліттерін арттыру, ауызша-
жазбаша сөйлеу мәдениетін дамыту, балалардың сөздік қорын
молайту.
3. Тәрбиелік: Отанын, халқын, жерін сүюге, елін құрметтеуге баулу,
патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабағы, экскурсия сабағы.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
44
Сабақтың әдісі: Баяндау, мәтінмен жұмыс, мәнерлеп оқу, ойлау, іздену, сұрақ-жауап,
оқушылардын хабарлама беруі, танымдық әдіс, көрнекілік әдіс, кесте, суреттер,
сөздікпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, оқушы білімін тексеру, топпен жұмыс, жеке
оқушымен және ұжыммен жұмыс, суретпен жұмыс, иллюстративтік-түсіндіру әдісі,
модульдік оқыту (үш дөңгелек оқыту тапсырмалары), тіл дамыту жұмысы.
Пәнаралық байланыс: Тарих, жағрафия, орыс тілі, биология, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: Астана қаласының көріністері туралы бейне-слайд, ҚР картасы,
интерактивті тақта, кесте, сызба.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Бірінші деңгей тапсырмалары:
Балалардың ойын қозғау.
Міндеті: Оқушылардың жаңа сабаққа деген ықыласын, белсенділігін, білімге деген
құштарлығын арттыру, суреттер арқылы экскурсияның қай қалада өтетінін табу.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес. Бүгін біз экскурсия жасаймыз.
Экскурсия қай қалада өтетінін мына суреттер арқылы табыңдар. Интерактивті тақтадан
слайд арқылы тарихи мәнін бар құрылыстар мен ескерткіштердің атауларын айтып, ой
толғайды.
Ақ
-
Сонда балалар, қандай қаланың бейнесі көрсетілген екен?
-
Астана қаласының.
-
Дұрыс. (ортадағы карточканы аударғанда Астана деген сөз пайда болады).
-
Дәптерге бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз, аударамыз.
Екінші деңгей тапсырмалары.
Жаңа сабақты өту.
Міндеті: Оқушылардың ауызша сөйлесу тілдерін дамыту.
1.- Астана қай елдің Елордасы?
- Астана – Қазақстанның Елордасы.
2. – Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстан тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет.
3. – Мемлекеттік тіл қандай?
- Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Бәйтерек
Астана
ажары
Есіл өзені
Еуразия
университеті
Кенесары хан
ескерткіші
Ақ Орда
«Нұр Астана»
мешіті
45
4. – Мемлекетіміздің Елбасы кім?
- Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев.
- Дұрыс айтасыңдар.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана қаласы туралы айтылған мынадай сөздері
бар.( ауызша сөздер оқытылады)
«Астана өзі де әлемге танылды және елімізді де әлемге танытты» деген. Осы сөзден
түсінгенімізді айтамыз.
Үшінші деңгей тапсырмалары
Лексикалық тапсырма.
Міндеті: Оқушының тіл байлығын молайту.
-
Сөйлемнің ішіндегі « еліміз» деген сөзге синоним табайық.
Еліміз – Жеріміз – Отанымыз.
1.
Біздің елімізді бүкіл әлем біледі.
2.
Кең – байтақ жерімізде көп ұлт өкілдері тұрады.
3.
Отанымызда халықтар тату – тәтті өмір сүріп жатыр.
-
«Отан» туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
-
Осы еліміздің , жеріміздің , Отанымыздың Елордасы қалай аталады?
-
Астана
-
Балалар , кім Астана қаласында болды?
( оқушылар Астана қаласында болғандарын әңгімелеп береді)
-
Жақсы, жарайсыңдар, балалар!
Төртінші деңгей тапсырмалары.
Астананың көрікті жерлері туралы фотосуреттер бойынша әңгімелеу.
Міндеті: Оқушылардың Астананың әсем жерлері туралы алған әсерлерін тамашалап
айта білу қабілеттерін, эмоциялық, әсерлік дамыту.
-
Балаларға алдын ала үйге Астана қаласының көрнекі жерлерінің фотосуреттері
бойынша әңгіме дайындап келуге тапсырма беру.Тақтада « Менің фотосуретімнің
тарихы».
1 – топқа слайд: « Байтақ дала төсіндегі мұхит тамашасы»,
2- топқа слайд: « Астана – Бәйтерек» монументі.
3 - топқа слайд: Қазақстанның картасы.
-
Міне , балалар, көрдіңдер ме , Астана қаласында қандай әдемі, көрікті таңғаларлық
жерлер бар.
Бесінші деңгей тапсырмалары.
Астананың кешегісі, бүгінгісі, ертеңгісі туралы мәліметтерді баяндап беру, салыстыру.
Міндеті: Оқушылардың білімін дамыту.
Астана қаласы туралы толық мағлұмат алу үшін біз 3 топқабөлініп, экскурсия
жүргіземіз. Астананың кешегісін, бүгінгісін, ертеңгісін "тарихшылар","тілшілер",
"сәулетшілер" топтары таныстырады.
Тақтаға слайд шығады.
Кешегі Астана – «тарихшылар» тобы.
Бүгінгі Астана – « тілшілер» тобы.
Болашақ Астана – « сәулетшілер» тобы.
Қазақстанның тағы қандай қалалары астана болды? Олардың тарихына шолу
жасайық. Ол туралы деректерді «Тарихшылар» тобы айтып береді. Бос торға
керекті сөзді тарихшылар жазуға тырысады.
46
Алтыншы деңгей тапсырмалары.
Мәтінмен жұмыс.
Міндеті: Оқушылардың білімдерін кеңейтіп , тереңдету.
Мұғалім: - Балалар , Астана қаласының өзіндік тарихы бар. Оны біз сендермен
берілген мәтін бойынша танысып аламыз.
Мәтінмен жұмыс:
Астананың бұрынғы аты - Ақмола. Есіл өзені бойында 1824 жылы әскери бекініс
ретінде салынған.1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасының астанасы болды.
Қаланың негізі 1832 жылы қаланған. 1961 жылғы 20 наурызда қаланың аты
Целиноград болып өзгертілді.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап
Целиноград қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болды. 1998 жылы 6
мамырда Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді.
Жетінші деңгей тапсырмалары.
Жаңа сөздерді меңгерту.
Міндеті: Жаңа ұғымды хабарлауға дайындау, сөздік қорын молайту.
Жаңа сөздер: Бұрынғы – давние
Жарлық – Указ
Өзгертілді – изменен
Негізі – основа
Әскери бекініс - военная крепость
Жаңа сөздермен сөйлем құрастыру.
1.
Елбасының Жарлығы шықты.
2.
Білім негізі – оқу.
Осы мәтіннен не түсіндік, не білдік?
1.
Астананың бұрынғы аты қалай аталады?
2.
Қандай өзен бойында орналасқан?
3.
Әскери бекініс ретінде қай жылы пайда болды?
4.
Кейін қаланың аты қалай өзгерді?
5.
Астана қаласы Қазақстан Республикасы болып қай жылы өзгертілді?
Қазақстанның
астаналары
1. Орынбор
2.Қызылорда
3.Алматы
4. Астана
Ақмешіт
Перовск
47
Сегізінші деңгей тапсырмалары:
Грамматикалық тапсырма.
Міндеті: Септіктерде тұрған сөздерді тауып, түрлеріне ажырата білу.
Атау Ілік Барыс Табыс Жатыс Шығыс Көмектес
Бүгінгі Астана жайлы « тілшілер» тобы сұхбат жүргізеді.
Тоғызыншы деңгей тапсырмалары .
Сұхбаттасу , рөлдік ойын.
Міндеті: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тілші: - Сәлеметсіз бе ?
Турист: - Сәлеметсіз бе?
Т: - Сіз Астана қаласына бірінші рет келіп тұрсыз ба?
Т: - Жоқ, мен Астана қаласына екінші рет келіп тұрмын. 10 жыл бұрын болғанмын.
Т. – Осы 10 жыл ішінде Астана қаласында өзгерістер болды ма?
Т: - Иә, әрине. Астана қаласы осы 10 жыл ішінде таңғаларлықтай тез өсіп, көркейіпті.
Т: - Астана қаласына қандай тілек айтар едіңіз?
Т: - Менің айтар тілегім мынадай: көркейіп, гүлденіп өсе берсін.
Т: - Тілегіңізге көп рахмет, сау болыңыз!
Т: - Сау болыңыз!
Сұрақтар:
1.
Тілші немен сұхбат жүргізді?
2.
Турист қашан Астанада болды?
3.
Астана биыл неше жасқа толды?
4.
Астанаға қандай тілектер айтылды?
Оныншы деңгей тапсырмалары.
Болашақтағы Астананы елестету.
Міндеті: Оқушылардың елестету қабілеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Болашақтағы Астана қаласы жайында « Сәулетшілер» тобына сөз берейік. Бұл
топтағы балалар Астанамызды болашақта қалай елестететінін суреттеп әңгімелейді.
Грамматикалық тапсырма:
«Болашақ» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
Он бірінші деңгей тапсырмалары.
Жаңа сабақты қорыту.
1824 жылы
Астана
Целиноград
1998 жылы
Есіл өзені
Ақмола
48
Міндеті: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін жинақтап,
қорытындылай білу.
Біз бүгінгі сабағымызда қандай экскурсия жасадық?
Астана қандай мемлекеттің астанасы?
Қазақстанның астаналары қандай қалалар болды?
Астананың көрікті жерлерін атаңдар?
Үй тапсырмасы.
Астана қаласы туралы шағын шығарма жазып келу.
Тақырыбы: - « Жайнай бер, менің Астанам »
Оқушыларды бағалау.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Б.Қ. Қапасова «Қазақ тілі грамматикалар жинағы» 2010 жыл
2. Ж. Жеткізген «Қазақ тілі грамматикасы» кесте плакаттар топтамасы
Алматы кітап 2007жыл
3. М.А. Аманбаева « Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды
пайдалану» 2010 жыл
4. Ж.А. Қараев Деңгейлік саралап оқыту технологиясы Алматы 2002
Жыл
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім
адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.Тәрбиесіз
білім-сыңар қанаты жоқ құс секілді алысқа ұзақ ұша алмайды»
Әл-Фараби
«Styles of Music» (Стили в музыке)
Интегрированный урок
по английскому языку и мировой музыкальной литературе
(с учащимися 9 класса Комплекса «Колледж искусств - ШОД»)
Н. А.Балабанова
(учитель английского языка)
И.Л. Брюханова
(преподаватель муз.- теор. дисциплин)
Достарыңызбен бөлісу: |