19.8-11ғғ орт.д Испания Рим империясының құлдырау кезеңінде Испания территориясына свевтер, вандалдар, аландар келген. Б.з.д. І ғасырда свевтер Галлияға енуге ұмтылып, Цезарьмен соғысады, ал ІІ ғасырда вандалдар римдіктерге қарсы күрес жүргізе- ді. V ғасырда олар аландармен бірігіп, ертеде қоныстанған Венгриядан көшеді. Галлияға басып кіріп, 3 жылдан кейін Испанияға қоныстана бастайды. 409 жылы варварлар Испанияға толық басып кіреді. Вестготтармен қатар Испания территориясын вандалдар, аландар, свевтер қоныстанды. Бұл Рим мемлекетіне үлкен соққы болды. Вестготтардың күшеюі Галлияның мемлекеттік құрылымының бастамасы еді. Бұл жерде қолбасшы Атаульфтың ықпалы зор болды. Атаульф – вестготтар мемлекетінің негізін қалаушы. Ол империяға қарасты Нарбон, Тулуза, Бордоны тұрақты түрде иеленді. Сонымен бірге Атаульф Римге тиселі теңіз ай- мақтарын алғаннан кейін Испанияға бет бұрды. Шығыс Пиренейден өтіп, вандал- дармен соғысып, Барселонды иеленді. Осылайша, Пиреней жартыаралына свев- тер, аландар, вандалдардан соң 414 жылы вестготтар келді. Атаульф жаулап алған жерлеріндегі Рим ықпалына деген ұмтылысы вестготтар арасында қарсылық туғызды. Осындай қарсылықтың нəтижесінде Атаульф 416 жылы Барселонда өлті- рілді. Вестготтар басшысы Сигерих болды. Сигерихтың саясатына деген наразылық нəтижесінде билікке Валия келді. Валия император Гонориямен келісімшарт жасасты. Келісім бойынша Рим вестготтарға Атаульф жаулап алған Галлия жерін қайтарып берді. Сонымен бірге вестготтар формальді түрде өз державасын мо- йындатады. Вестготтар өз тарапынан Рим империясының одақтасы ретінде басқа герман тайпаларынан Испания территориясын қорғап тұруға міндеттеме алады. Валия Атаульф иеленген испан қалаларын қайтарып, Аквитанияға тұрақтанып, астанасын Тулузаға көшіреді. Тулуза VІ ғасырдың басына дейін вестготтардың орталығы болды. Вестготтар бұл кезде Испанияны Римнің одақтасы ретінде ие- ленді. Осындай жағдай 456 жылға дейін жалғасты. Вестготтар империядан өз тəуелсіздіктерін алғаннан кейін де Испанияны билей берді. Вестготтардың қо- ныстануы туралы хроникалық жəне нарративтік деректер сақталмаған. Дегенмен «Эйрих кодексі», «Вестготтар заңы» сияқты деректер бар.