1 «Орта ғасырлар» термині. Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум «орта ғасыр»



бет22/28
Дата16.12.2022
өлшемі129,16 Kb.
#57612
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
джт билет

21.КРЕСТ ЖОРЫҚТАРЫ
Крест жорықтарының алғышарттары. 1095 жылдан 1292 жылға дейін еуропалық рыцарьлардың шығыстық мұсыл- ман елдеріне қарсы экспедициясы орын алды. 200 жыл бойы па- палар, корольдер мен рыцарьлар Иса Мəсіхтің өмірімен байланыс- ты Иерусалимде жəне басқа қасиетті жерлерде билігін орнатқан мұсылман патшалықтарына қарсы қатігез жорықтар жүргізді. Бұл соғыстар «кресшілер жорықтары» деген атқа ие болды. Олардың көпшілігі «құдайсыздарды» (селжүк түріктерін солай деп санаған) құрту, олар басып алған жерлерді христиандарға алып беру сияқты «дінді қорғау» ұранымен өтті. Шын мəнінде, бұл батыс еуропалық рыцарьлардың Жерорта теңізінің шығысындағы елдерге қарсы ба- ғытталған əскери-отаршылдық экспансиясы еді. Оның басты мақ- саты қасиетті жерді азат ету деп жарияланды. Христиандар Палес- тинаны солай атады, себебі Інжілде айтылғандай, «сонда Иса мəсіх азаптап өлтіріліп, кейін қайдатіріліп, аспанға ұшып кеткен».Басты христиандық қасиетті орын Иерусалимдегі Иса мəсіхтің табыты деп саналады. Ол сонау VІІ ғасырдың 40-жылдарынан бері мұсылмандардың, алдымен, арабтардың, кейін Сырдария бойынан келген селжүк-түріктердің қолында болатын. Иерусалимді басып алып, Рим папалары өз биліктерін шығыс елдеріне де орнатуды аң- сады. Олар Шығысқа жорық Римге православие шіркеуін бағынды- руға көмектеседі деп үміттенді.Дегенмен крест жорықтарының басты себебі – ислам əлемінің өрлеп, христиан əлемінің керісінше дағдарысқа ұшырауы болды. VІІ-VІІІ ғасырларда жаңа ислам діні негізінде құрылған араб халифаты өз үстемдігін Шығыста Қытайдан, батыста франктер мем- лекетіне дейінгі жерлерде, бүкіл Солтүстік Африкада орнатты. Бұл кезде христиан дінінің ішінде алауыздық пайда болып, Рим мен Константинопольдегі дінбасыларының арасындағы алшақтық кү- шейді. Бұл алауыздық 1054 жылы христиан дінінің католиктік жəне православиелік болып бөлініп кетуіне əкеліп соқты
Феодал рыцарьларының бірінші крест жорығы (1096-1099). Кедей ша- руалар мен ұсақ рыцарь жасақшылары қырылып жатқан кезде Батыс Еуропа елде- рінің феодалдары бастаған, жақсы қаруланған əскері оларға көмекке аттанды. Бұл əскер қаражатпен, азық-түлікпен, көлікпен қамтамасыз етілді. Үш топтан тұратын рыцарь əскерінің ортақ қолбасшысы болмады. Лотарингия герцогі Готфрид Бульон- ский Солтүстік Франция, нидерланды жəне Төменгі Рейн жерлерінің жасағын басқарды. Тарент князі Боэмунд Оңтүстік Италия жасақшыларының қолбас- шысы болды. Тулузалық граф Раймунд Оңтүстік Франция жасағын басқарды. Сондай-ақ орталық Франция рыцарьларының да жасақтары құрылды. Оларды герцог Роберт Нормандский, граф Стефан жəне ІІ Роберт Фландрский басқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет